Информатика п?нінен Деректер ?оры, оларды? т?рлері та?ырыбына презентация 11 сынып


Мейірімді жүрекпен,Ақ пейілді тілекпен.Амандасып алайық,Бір жадырап қалайық.Қуанышты көңілмен,Сабағымызды бастайық! ТОПҚА БӨЛУ. Үй тапсырмасын қайталау № Тұжырымдама ИӘ ЖОҚ 1 Паскаль бағдарламасы қолданбалы программаға жатады. 2 Паскаль тілінде программа командаларын жазу үшін тек латын әріптері қолданылады 3 Программа құрылымына қарай сызықтық, тармақталған, циклдік болып бөлінеді. 4 Паскаль программасы 3 негізгі және бір қосымша бөлімнен тұрады. 5 Паскаль программасында компиляция орындау – F12 пернесі. 6 Паскаль программасында меншіктеу операторының белгіленуі [ = ]? 7 Массивтер көлеміне қарай бір өлшемді және екі өлшемді болып бөлінеді? 8 Модельдер – бұл түпнұсқа бойынша жасалған үлгі нысан. 9 Компьютерлік модельдеу кезіндегі анықталған қате нәтиже бола алады ма ? 10 Компьютерлік модельдеу 3 кезеңнен тұрады. Негізгі мақсат: Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтауДамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, деректер қорын құру тәсілдерін меңгереді, деректер қорымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады. Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.Логикалық қабілеті дамиды. Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар. Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы. Сақталатын ақпараттың сипатына қарай Факто-графиялық ҚұжаттықАқпаратты сақтау әдісі бойынша Орталықтандырылған БөліктелінгенАқпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша Реляциялық Иерархиялық Желілік Фактографиялық деректер қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған обьектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады.Мысалы, картотекалар. Құжаттық деректер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі мәліметтерден тұрады. Мысалы, электронды архив. Орталықтандырылған деректер базасында барлық мәліметтер бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген деректер базасы компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, күнделік, үлгірім табелі және т.б. Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер жиыны реляциялық деректер қоры болып саналады. Реляциялық немесе кестелік ДҚ өзінің бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған. Мысалы, “Сыныптағы оқушылардың тізімі” деректер базасы мына кесте түрінде ұсынылады. Әрбір кесте бекітілген бағаналар санынан және бірнеше жолдар санынан тұрады. Кестелердегі деректер арасындағы байланыстардың ең кең тараған және жиі қолданылатыны “обьект - қасиет” типті байланыс болып табылады, мұнда жолдарда обьект туралы ақпарат, ал бағандарда – обьектінің жеке қасиеттері болады.MS Access бағдарламасының интерфейсі Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрістер деп аталады Мектеп оқушылардың тізімі Реляциялық (кестелік) деректер қорында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық. Өріс типтері Өріс типі Сипаттамасы Мәнінің мысалы Сандық Мәндері тек сандар ғана болады: бүтін, ондық бөлшек 3 564,8 Символдық Кез келген символдар тізбегін қамтиды 42-34-51№1, 4А сыныбы Дата Күнтізбелік күндерді қамтиды 9.10.1985 Логикалық «Иә-Жоқ» немесе «Ақиқат-Жалған» мәндерін қабылдайды Иә-ЖоқАқиқат-Жалған №1. «Мұғалім» деректер қоры мынандай өрістерден тұрады:  Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні, Әр өрістің типін анықтай отырып 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. №2. «Пациент» деректер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, туған күні, мекен-жайы, дәрігерге көрінген күні. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. №4. «Оқушы» ДҚ кестесінің құрылымын жаса. Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы, туған күні. «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз. №5. «Кітапхана» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, баспахана аты, бет саны. «баспахана аты" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз. №6. «Сабақ кестесі» ДҚ құр.Мынадай өрістерден тұрады: сабақтың реттік нөмірі, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.«Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз. 1. Жігітті компьютерге қарап, бағала. 2. Байт биттен құралады. 3. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас. (Аттың сыры иесіне мәлім). (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да). (Білмесең білгеннен сұра). (Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы). 8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. 10. Күлсең ескі компьютерге күл. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады). (Жігітті досына қарап, бағала). (Теңге тиыннан құралады). (Шегірткеден қорыққан, егін екпес). 6. Білмесең «анықтамадан» сұра. 4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. 5. Веб – дезайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. 7. Бір ядро процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы. (Досы жақсыны – жау алмайды). 9. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Күлсең кәріге күл). Постер қорғау 1. Деректер қоры және олардың түрлері. 2. Кестелік деректер қорының негізгі объектілері. 3. Өріс типтері № Аты - жөні «Иә-Жоқ»Кестесі Компьютермен тәжірибелік жұмыс Постер қорғау Электронды тест Қорытынды баға 1 Әбдіров А. 2 Әбутәліпова Ш. 3 Көпжүрсінов А. 4 СадыбековаТ 5 Берікбаева Н. 6 Шаяхмет Б. 7 Серғалиев Ж. 8 Мұратбек Э. 9 Утебеков Ж. 10 Чакантаев А. 11 12 БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Өз сынып оқушылары туралы толық мағлұматты қамтитын деректер қорын ұйымдастыру