Кестелік процессор ??ралдарымен деректер ?орыны? кестесін ??ру. 9 сынып саба? жоспары


Сыныбы: Тексерген:
Күн: Мұғалімі:
Жұмыстың мақсаты: Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құруЖұмыстың орындалу реті:
MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.
“Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры”   ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
“Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.
“Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.
“Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.
Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.
          Мәтіндік және Memo өрістері үшін форматтар нүктелі үтірмен бөлініп тұратын екі бөлімнен тұруы мүмкін. Бірінші бөлімі – форматтың өзі болып табылады, ал екіншісі егер деректер оған енгізілмеген болса  өріс мәнін анықтайды,.
Кестеде кілттік өріс көрсетіңіз. Өрісті таңдап Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын таңдаңыз. Құрамдық кілт құру үшін клавишасын баса отырып қажетті өрістерді таңдап, Аспаптар панелінде Кілт пиктограммасын басыңыз. Кілттік өріс деректері автоматты түрде өсу реті бойынша сұрыпталады. «Өріс қасиеті» облысында «Индекстелген өріс» өрісінде «Иә»  (сәйкестіктер жіберілмейді)  мәні болады, «Обьязательное поле» өрісінде «Иә» мәні болады.
Кестенің құрылған құрылымын Файл-…деп сақтау командаларын орындап «Сақтау» терезесінде кестенің атын беріңіз.
Кестеге деректер енгізіңіз. Ол үшін кестенің жобалау режимінен толтыру режиміне өтіңіз. Аспаптар панелінде толтыру режимі батырмаларын Кесте түрі (пиктограммалар қатарындағы сол жақтағы бірінші) немесе негізгі мәзірдегі Түр-Кесте командасын орындаңыз.
 Кестелер арасындағы байланысты орнату 
Жұмыстың мақсаты:  Кестелер арасындағы байланысты орнатуды үйрену.
ТапсырмаларAccess мүмкіншіліктерінен пайдаланып, sess деректер қорындағы студент, сессия және стипендия кестелері арасындағы байланысты орнатыңыз.
 Студент кестесі құрылымыКілт белгісіөрісөріс типіөріс өлшемікілтНөмірМәтіндік5
  ФамилиясыМәтіндік15
  АтыМәтіндік10
   Әкесінің атыМәтіндік15
  ЖынысыМәтіндік1
  Туылған күніДата қысқа формат
  тобыМәтіндік3
 
  Кесте: Студент
НөмірФамилиясыатыжынысыТуған күнітобы961801 Алтаев ОрынбасарҰ 9.08.79 13-16
961807 ӘбдірахмановаАйзадаҚ 18.11.78 13-16
961807 Ахметова АйгульҚ 15.05.79 13-76
961806 БекетСапаркулҚ 24.01.79 13-16
961809 Ким Игорь Ұ 19.08.78 13-76
961811 БекеповӘлібиҰ 3.02.79 13-16
961812 Никоненко Анастасия Қ 17.09.79 13-76
961815 УтеповАскер Ұ 14.03.78 13-76
           
 
Сессия кестесі құрылымыКілт белгісіөрісөріс типіөріс өлшеміКілтНөмірМәтіндік5
  Баға 1 сандықФиксир.
  Баға 2 сандықФиксир.
  Баға 3 сандықФиксир.
  Баға 4 сандықФиксир.
  НәтижесіМәтіндік3
 
□ Кесте: Сессия
  НөмірБаға 1 Баға 2 Баға 3 Баға 4 Нәтижесі  16493 5.00 4.00 4.00 3.00 Нхр  16793 4.00 4.00 5.00 5.00 Хор
  16893 5.00 5.00 5.00 5.00 Отл  16593 5.00 5.00 4.00 5.00 Хр 1
  16693 4.00 4.00 4.00 4.00 Хор
    0.00 0.00 0.00 0.00  
 
Стипендия кестесінің құрылымыКілт белгісіөрісөріс типіөріс өлшемікілтНәтижесіМәтіндік3
  Процент сандықПроценттік 
□ Кесте: Стипендия
  НәтижеПроцент
  Нашар0.00 %
  Жақсы100. 00 %
  Жақсы 1 150. 00 %
  Өте жақсы200. 00 %
 
Жұмысты орындау технологиясы:
Файл-Ашу командасын орындап, sess деректер қорын ашыңыз.
sess деректер қоры деректер қоры диалогтық терезесінде сессия, стипендия, студент кестелер тізімі шығады.
Деректер схемасы терезесінде деректер қорының екі кестесін орналастырыңыз. Ол үшін мәзірдегі Түзету-Деректер схемасы командасын орындаңыз. Бұл әрекеттерден соң экранға Деректер схемасы терезесі екі кестемен шығады.
Деректер схемасы терезесіне үшінші кестені қосыңыз. Ол үшін:
-    мәзірдегі Байланыстар-Кесте қосу командасын орындаңыз;
Кесте қосу терезесіндегі тізімнен керекті кестені таңдаңыз. (Курсорды кесте атына қойып, Қосу  батырмасын басыңыз).
Кесте 9.1- суретте бейнеленгендей етіп орналасады.
1- сурет. Кестені деректер схемасы терезесіне орнату.
Сессия және Студент кестелері арасына байланысты орнатыңыз. Ол үшін:
- тышқан курсорын Студент кестесіндегі Нөмір өрісінен Сессия кестесіндегі Нөмір өрісіне алып барыңыз.
- экранға шыққан Байланыстар диалогтық терезедегі Деректер бүтіндігін қамтамасыздандыру-ға белгі орнатыңыз, содан соң Бірі-біріне байланысты таңдаңыз да Құру  батырмасын басыңыз.
Стипендия және Сессия кестелері арасындағы байланысты орнатыңыз. Ол үшін:
тышқан курсорын Стипендия кестесіндегі Нәтижесі өрісінен Сессия кестесіндегі Нәтижесі өрісіне дейін алып барыңыз;
экранға шыққан Байланыстар диалогтық терезесінен Деректер бүтіндігін қамтамасыздандыру-ға белгі орнатыңыз, сонан соң Бірі-көбіне байланысын таңдаңыз да Құру батырмасын басыңыз. Нәтижеде Деректер схемасы терезесі 2 – суретте бейнеленген көрініске өтеді. Кестелер арасындағы байланысты орындау. (2-сурет)
6) Кестелер арасындағы байланысты компьютер жадына сақтаңызда, деректер схемасы режимінен шығыңыз. Бұның үшін мәзірдегі Файл-Макетті сақтау пунктін таңдаңыз, ал сонан соң Файл-Жабу командасын орындаңыз. Экранда деректер қоры терезесі ашылған түрде қалады.
7) Файл-Жабу командасын орындап, деректер қорын жабыңыз.
Бақылау сұрақтарыКестелер арасындағы байланысты қалай орнату мүмкін?
Аccess те байланыстың қандай типтерін жасау мүмкін.
Бірі көбіне (один ко  многим) байланысты орнату?