Информатикадан 9 сынып?а саба? жоспары деректер ?орыны? ??рылымы


Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназияның информатика пәнінің мұғалімі: Ермағамбетова Ұлдықыз Төлегенқызы
Сабақтың тақырыбы:Деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі, жазулар, жиектер, деректер типі.
Сабақтың мақсаты : Деректер қоы, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі, жазулар, жиектер, деректер типімен таныстырып,практикада есептерді шығаруға үйрету.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар топтық, ұжымдық жұмыс арқылы бірігіп жұмыс жасап, компьютерде тапсырмаларды орындай алады.
Технология: «БЛУМ» таксономиясы, Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі ұсынған «Құзырлы оқыту» технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар, презентация.
Қолданылатын модуль:Жеті модуль: СТО, АКТ, ДТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, бағалау, басқару және көшбасшылық.
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Уақыты Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру Диалог:
Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.
Оқушылармен тақтада жұмыс істеу. 2 мин
5 мин (карточка тарату) Бүгінгі күн керемет!
-Сәлеметсіз бе!
-Керетемет!
-Жақсы!
-Рахмет!
Топқа бөлінеді
Білу (жаңа сабаққа дайындық) Модель дегеніміз не?
Не үшін қолданылады?
Қандай түрлері болады? 2 мин (ауызша) Толықтырады.
Түсіну (жаңа тақырыпты меңгерту) Деректер қоры – бұл бір тектес критерий бойынша реттелген ақпарат. Деректер қоры « қағаз » және компьютер түрінде болады.
Деректер қоры – ақпаратты сақтауды және де деректерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Деректер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.
15 мин (жазбаша) Дәптермен жұмыс.
Қолдану (білімдерін пысықтау) 1 тапсырма
Берілген мысалға қарап, өз бетімен берілген тапсырма орындайды
2 тапсырма
Оқушылар жайлы деректер қорын құру.
3 тапсырма
Флипчарт арқылы білімдерін тексеру
Сергіту сәті
Оқушылар видеоға қарап, қимылдарды қайталайды 7 мин
7 мин
3 мин
2 мин Өз бетімен жұмыс істеу.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Билейді.
Бағалау Сабаққа белсенді оқушыларды таңдау. Бағалау. 1 мин Бағаланады.
Үй тапсырмасын беру Берілген оқушылардың емтихандағы бағаларын санау деректер қорын құру. 1 мин Күнделіктеріне жазады.
Қорытынды Сұрақ-жауап жүргізу. Сұрақтарға жауап береді.