Реляциялы? деректер ?оры (11 класс)


Тақырыбы:
• Реляциялық деректер қорыМақсат:
Білімдік Жаңа білім • Реляциялық дерекқор туралы толығырақ ақпарат
Жаңа түсінік • Реляциялық кестелерді жасап, дерекқорлар қалай жұмыс атқаратынын түсіну.
Құзырлылық Қолданым әрекеті • Күнделікті өмірдегі дерекпен жұмыс істейтін жүйені көргенде ол дерекқорын пайдаланатынын түсіну.
Талдау әрекеті • Реляциялық дерекқор жасау арқылы оның кемшіліктері мен артықшылықтарын талдау.
Шығармашылық әрекет • Кітапхана дерекқорын жасау
Құндылық Бағамдау әрекеті • Кітапхана дерекқорын жасау
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (8 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Реляциялық деректер қоры, реляциялық кестелер, кесте кілті, күрделі басты кілт, сыртқы кілт, объект, атрибут
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1. HYPERLINK "http://en.wikipedia.org/wiki/Relational_database" http://en.wikipedia.org/wiki/Relational_database
2. HYPERLINK "http://en.wikipedia.org/wiki/Relational_algebra" http://en.wikipedia.org/wiki/Relational_algebra
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
• Реляциялық дерекқордың басты компоненті реляциялық кесте. Кесте қандай заттардан құралған? Мысал келтір. Атрибут және кілт деген не?
• Деректер орталығы немесе дата центр деген не? Ол не үшін қажет? Қазақстанда қандай дата центрлер бар?
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Реляциялық дерекқордың басты компоненттері
2. Басты және сыртқы кілттер
3. Мысалдар
Слайдтар:
1-слайд
Титул
2-слайд Реляциялық деректер қоры
Деректер кестесі жинағынан тұрады
Әрбір кестеде басты кілт болады
Басты кілт арқылы кестедегі қатарларды сәйкестендіруге болады
Кестелер бірімен бірі сыртқы кілт арқылы байланыса алады
3-слайд Мысал
Студент кестесі
id Name
1 Арман
2 Cәуле
3 Марат
Пән кестесі
id course Grade
1 физика 5
1 математика 3
2 жағрапия 5
3 әдебиет 5
Екі кесте id арқылы байланыса алады.
Екі кестеде де id басты кілт болып табылады.
4-слайд Кесте компоненттері
Әрбір кестеде бірнеше компонент болады
Атрибут – бағана атауы
Мысалы, id және name атрибуттар болады
Студент кестесінде 2 атрибут бар
Кортеж – бір қатардағы ақпарат
Біздің кестеде үш кортеж бар
(1, Арман), (2, Сәуле), (3, Марат)
id Name
1 Арман
2 Cәуле
3 Марат
5-слайд
Кортеж бір объектіні белгілейді, ал атрибут объектінің бір сипаттамасын көрсетеді
Кестеде екі бірдей кортеж болмау керек
кортеж
атрибут
кортеж
атрибут

6-слайд Кесте кілті
id Name
1 Арман
2 Cәуле
3 Марат
Бірінші кестеде басты кілт id атрибуты
Id арқылы кез келген объектіні кестеден таба аламыз
id course Grade code
1 физика 5 PHY
2 математика 3 MATH
2 жағрапия 5 GEO
3 әдебиет 5 LIT
Екінші кестеде басты кілт code
Ал сыртқы кілт id
Екі кесте id атрибуты арқылы байланысады
7-слайд Кесте кілті
Басты кілт қайталанбау керек өйткені ол объектіні табу үшін қолданылады
Мысалы, келесі кестеде 1 деген екі басты кілт бар
Сондықтан біз нақты бір объектіні таба алмаймыз
id Name
1 Арман
1 Cәуле
3 Марат
8-слайд Күрделі басты кілт
Басты кілт күрделі болуы да мүмкін, яғни кілт бірнеше атрибуттан құралады
Атрибуттар кортежі қайталанбауы керек
id Name Age
1 Арман 16
1 Cәуле 17
3 Арман 16
Басты кілт (id, name) кортежі
Кілт комбинациясы қайталанбайды
9-слайд
Сыртқы кілт
Сыртқы кілт қайталануы мүмкін
Бір кестедегі сыртқы кілт басқа кестедегі басты кілт болады
id Name
1 Арман
2 Cәуле
3 Марат
id course Grade code
1 физика 5 PHY
2 математика 3 MATH
2 жағрапия 5 GEO
3 әдебиет 5 LIT
10-слайд Атрибут шектеулері
Атрибут мағыналарына шектеу қоюға болады
Шектеулер салалық ережелерді іске асыратын механизмдердің бірі
Мысалы, grade атрибуты оқушының бағасын білдіреді
Демек, оның мағынасын 1 - ден 5 - ке дейін шектеуіміз қажет
id course Grade
1 физика 5
1 математика 3
2 жағрапия 5
3 әдебиет 5
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
StudentGradeidfirst namelast nameidcoursegrade1 ArmanMyrzabayev1 math5
2 ArmanSauletayev1 physics4
3 SauleMeirbekova2 geography4
4 ZhanarOspanova2 math3
5 ZhanarNurzhanova3 math5
5 physics5
1. Student кестесінде қайсы атрибут басты кілт? Басты кілт first name бола ала ма? Ал last name?
2. Grade кестесінде басты кілт қандай?
3. Arman Myrzabayev қандай сабақтар оқыды?
4. Физикадан қай студент бес алды?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Student және Grade кестелерінің қатынасы қандай?
2. Arman Myrzabayevtyn орта бағасы қандай?
3. Қайсы оқушы әлі сабақ алған жоқ?
4. Оқушылардың математикадан орта бағалары қандай?
ІІІ деңгей тапсырмалары
StudentGradeidfirst namelast nameidcoursegradecourse id1 ArmanMyrzabayev1 math5 1
2 ArmanSauletayev1 physics4 3
3 SauleMeirbekova2 geography4 4
4 ZhanarOspanova2 math3 1
5 ZhanarNurzhanova3 math5 2
5 physics5 3
Coursecourse idnamelocationTeacher1 mathroom 1 Maira Utepova2 mathroom 2 Samat Smagulov3 physicsroom 1 Maira Utepova4 geographyroom 3 Gulzat Abdrahman5 Mathroom 1 Samat Smagulov1. Grade кестесінде басты және сыртқы кілттер қандай?2. Майра Утепова сыныбында математика оқыған студенттерді тап.
3. Майра Утеповада оқыған студенттердің орта бағасы қандай?
4. Бір бөлмеде болатын бөлек сабақтарды тап.
іV. шығармашылық әрекет  Топтық жұмыс.
Реляциялық дерекқорды пайдаланып кітапхана жүйесіне дерекқор жасаңдар.
Кітапханада кітаптар жинағы бар. Кітап белгілі категорияға немесе категорияларға жатады. Кітаптың бір немесе бірнеше авторы болады. Әрбір жазушы кем дегенде бір кітаптың авторы. Дегенмен автор емес жазушыларда болуы мүмкін. Яғни олар жүйеге тіркелген, тек қана кітап әлі жазбаған. Әрбір кітаптың бірнеше данасы бар. Оқырмандар тізімі де бар. Ол тізімде оқырманның аты жөні және қандай кітапты алғаны белгіленеді.
V. бағамдау-бағалау  Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________