Баяндама Т?л?аны? ?збетінше ж?мыс жасауын ?йымдастыра отырып белсенділікке баулу


Баяндама
Тұлғаның өзбетінше жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып белсенділікке баулу
Мақсаты:1. Оқушылардың білімге құштарлығын ояту2. Өз бетімен жұмыс жасай отырып, білім сапасын көтеру.3. Қызығушылықтарын арттыру.
Міндеті:
1.Оқыту әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.
2.Білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология қолдану
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың  жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді.
Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіру міндетіміз.
Негізгі бөлім
Ж.Ж.Руссоның ойынша  өз бетінше жұмыс-белсенді оқыту ұстанымы.
Оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған – білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.
Ы.Алтынсарин: «Маңыздысы-оқушының өз бетінше ойлана білуі... Оқыту методтары-балалардың жүре келе  мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол»,-деді.
А.Байтұрсынов бала білімді  тәжірибе арқылы  өздігінен алу керек,  мұғалімнің міндеті балаға жұмысты  әліне қарай шағындап беру  және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады.Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:1.    оқыту;2.    жаттықтыру;3.    бекіту;4.    қайталау;5.    дамыту;6.    шығармашылық, яғни іздену мақсатында (презентациялар, докладтар, рефераттар, ғылыми жобалар беріледі)
7.    бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
екендігіне көңіл бөледі . Жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:1.       диктант;2.      өзіндік және бақылау жұмыстары;
3.      тестік тапсырмалар;
4.      әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.      а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
Жеке топшамалар беру
1). Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2
2). CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2
Сәйкестік тест
1.Калий хлориді А.Li3 PO4
2.Алюминий фосфаты Ә. K CI
3.Натрий силикаты Б.Mg (NO3) 2
4. Магний нитраты В.FeS
5. Темір сульфиді. С. Ca SO4
6.Кальций сульфаты Д.AI PO4
7.Литий фосфаты Е. Na2SiO3
  б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.
Өзіндік жұмыстар білім алушының ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Қорытынды
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдына қойып отырған негізгі міндеттері ұлттың бәсекелестікке қабілетін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.
Бұдан шығатын қорытынды өзіндік жұмыстарды мұғалім өз шеберлігіне, сабақтың мақсатына сай сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, орынды, тиімді пайдалануына болады. Осылайша өзіндік жұмыстар негізінде тұлғаның белсенділігін арттыруға, білімін жоғарылатуға болады.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егеменді Қазақстан. – Алматы, 2001. 26-желтоқсан.
Смаилов С.С. Дидактикалық материалдарды қолдану және студенттер мен оқушылардың  танымдық белсенділігін арттыру. – Алматы: Республикалық   баспа кабинеті, 1994.
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы,    Мектеп, 1978. – 110-б.
Интернет желісі.