Баяндама та?ырыбы: Жаратылыстану п?ні саба?тарында экономикалы? білім-т?л?аны? б?секеге ?абілетті дамыту факторы.


«Білім беру жүйесі – Қазақстанның бәсекеге нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» (Н. Ә. Назарбаев)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында және жуырда баспасөзде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында адами капиталды жаңа сапаға көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын дамытуға жаңа серпін береді. Президент білім беру жүйесін жаңарту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті.
Қазіргі нарық заманында мектеп қабырғасында, оқу орындарында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі экономика сабағы. Көптеген шет мемлекеттерге экономика сабағы балабақшадан басталса, ал елімізде бастауыш сыныптардан бастау алып келеді.Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет – деген ұғым жиі кездеседі. Адам болашағын шешетін тәрбие екені белгілі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т. б. қасиеттер дарытуға бағытталған. Тәрбиенің ең өзекті мәселесі – білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым – қатынасын қалыптастыру. Экономикалық тәрбиенің негізі болып еңбек тәрбиесіне саналады. Жастардың еңбекті қажетсінуін, еңбек сүйгіштігі, саналы еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарты болып табылады. Экономикалық тәрбие беру оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру, еліміздің экономикалық саясатын ұғындыру, негізі экономикалық қатынастарды (өндіріс, айырбас, бөлу, және тұтыну) тәжірибеде меңгерту.Экономика алғашқы ұғымында «үй шаруашылығын» білдірген. Кейіннен бұл ұғым кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп аталуда. Өндіріс - қоғамның дамуына және өмір сүруіне қажетті. Көп қырлы экономикалық қатынас арқылы әрбір адам басқалармен байланыста болады. Адамдар жалақ алады, өнім шығарады сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Қай заманда болмасын адам өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіміздегі киім, таңертеңгілік ас, үй жанындағы дүкен және т. б.
Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты - жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнеспен экономикаға үйрету, нарықты зерттеу мен жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.
Экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
- оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
- басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластық, тәртіптілік, т. б қасиеттерді дағдыландыру.
- экономикалық есеп, талдау жасап дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбекақы туралы ұғымды білдіреді. Бұл сабақта әрбір студент ақша тауып, оны жұмсайтын адам ретінде қоғам мүшесі болғандықтан экономикалық білімсіз өмір сүре алмайтынымызға көзіміз жетті.
Экономикалық білім берудің мақсаты - жастарды нарық заманында өмір сүріп еңбек етуге бейімделе алатын бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті болу үшін, біріншіден, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру қажет. Екіншіден, оқушылардың біліктілігімен сапалылық құрамы талапқа сәйкес болуы тиіс. Үшіншіде, оқу үрдісі инновацияға негізделуі және төртіншіден, оқу орнының материалдық – техникалық базасы мықты болуы керек.
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – оқушылардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі күнгі оқушылар – ертеңгі зиялылар. Күні ертең - ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады. Қазіргі кезде қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой – пікірлердің көбісі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. «Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі» - деп, В. Белинский дәл айтқан.
Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көріну мақсаттарын қойып отыр. Бұл орайда президент Н. Ә. Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек» - деп атап көрсеткен-ді.
Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.
Мысалға алатын болсақ, химия сабағында студенттерге зертхана жабдықтарын, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемдеп үйренуді, эксперимент және т. б жасауды үйренеді, ал экономика сабағынан ұлттық кіріс, мемлекеттік қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес, нарық, ақша және т. б ұғымдарды меңгереді.
Экономикалық білім негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдер бойынша әңгіме немесе іс - шаралар өткізуге болады. «Тұрмыстағы экономика», «Біздің айналадағы экономика», «Дүниенің кілті - экономикада» тақырыбында плакаттар сайысы, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер және экономика сұрақтары бойынша көшбасшы сайысын ұйымдастыру, банк қызметкерлерімен кездесулер, жыл сайынғы елбасының халыққа арналған жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру. Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлық» тақырыбында пікірталас жүргізіп, өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешекте жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар - ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұнай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
• Жаттықтыру. Әр түрлі іс - әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т. б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
• Ғылыми - техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және де бүгінде әрбір жастардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру керек.
Қай заманда, қай қоғамда болмасын, мектептегі білім, тәрбие беру, ең алдымен, қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұранысқа қарай қызмет көрсету бағытын ұстанады. Жеке меншіктің, кәсіпкерліктің пайда болуына байланысты білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер болуда. Осы орайда, жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру, оларды жастайынан бастап еңбекке баулу, нарықтық қатынас талабына сай тәрбиелеу аса маңызды мәселе. Балалар мен жас өспірімдер арасында жаңа экономикалық қатынастарға көшу жағдайында бейімделу мен жаңарудың объективті қажеттілігі өсті. Қазіргі мектептің алдында нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық ой-өрісі кең іскер адамды тәрбиелеу міндеті тұр. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, ел экономикасының қарқынды өсуі адамдардың көзқарасының заман талабына сай өзгере бастағаны олардың өмір сүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешім тауып жатады.Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан саяси - әлеуметтік және экономикалық өзгерістер білім беру қызметінен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында білім сала қызметкерлері алдында аса маңызды мақсат қойылған: «әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру». « ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік талаптардың бірі - мерзімі жағынан 12 жылдан кем емес оқыту жүйесін орнықтыру, жоғарғы сатыларда жастардың жеке қабілетін дамытуға жағдай тудыратын дербес пәндерді тереңдете оқыта отырып, оқушылардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіретін бейінді оқыту жүйесін қалыптастыру. Бүгінгі күнде ұлттық мектептің тәрбиесіне қойылатын өте маңызды және күрделі талаптардың бірі – Егеменді елдің ұлтжанды Азаматын тәрбиелеу. Сонымен бірге нарықтық қатынастар қалыптасып жатқан қоғамның қазіргі жағдайында әлемдік өркениет талабынан шығатын адам тәрбиелеу мақсаты көзделіп отыр.Өркениетті экономикасы мен өндіріс орны дамыған ел болу үшін оны жасайтын жұмыс қолы болуы керек. Өндіріс орындарында қажетті жұмыс қолының қазіргі заманымыздың дамуына сай мамандығы, техникалық білімі, мәдениеттілігі, дайындығы жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, ол маман жоғарғы талапқа сай маман болып қана қоймай, жаңа техника мен технологияны меңгерген шығармашылық қабілеті бар, ғылыми-техникалық дамуға тез икемделетін, қабілетті адам болып қалыптасуы керек. Еліміздің өндіріс орындарына қажетті мамандар дайындау мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың бойына, қабілетіне қарай мамандықтың түрлерін, ерекшеліктерін үйрете отырып даярлауға тырысамыз.Әдетте, жастар мамандықты таңдау кезінде мамандыққа, білім деңгейіне, нақты бір институт сияқты түрлі бағыттағы нұсқаларға бағдарланады. Дегенмен, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керектігін, ал оқу орнын таңдау мәселесі – ең соңғы кезең болып табылатындығын оқушыларға түсіндіріп отыруымыз керек.Әрқайсымыз қоғам мүшесі болғандықтан, ешқайсымыз экономикалық білімсіз өмір сүре алмаймыз. Өйткені күнделікті ішетін асымыз, киетін киіміміз, тұратын үйіміз, бос уақытымызды өткізу дағдыларымыз барлығы қалай десек те экономикалық күштерге байланысты. Олай болса, ел экономикасының дамуына келешекте үлкен үлес қоса алатын іскер азамат болып өсулеріне ықпал жасауымыз керек.
Дұрыс таңдау жасау үшін әр оқушы өзін, өзінің қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімдерін, мінезі мен темпераменті туралы нақты білулері керек. Әр сынып жетекші өз сыныбында «мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие» саласы бойынша жоспарлаған сынып сағаттарында экономикалық білімнің негіздерімен таныстырып отырады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нерсе -дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін өр түрлі тықайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасай ды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік қүн, акция, бизнес нарық, аңша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай мпішік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді.Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын саңтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Еліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады.
Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
• Жаттыңтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, қүс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
• Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі.
Баяндама сонында қорыта айтарым осы өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.
Мұғалім.Бұл адамның ардақты аты
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын,жаты
Үлгілі сыйлы,қадірлі сүйікті болып,
шәкірттерді білім нәрімен сусындатып,
белестерге жете берейік. Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Невский орта мектебі
Баяндама тақырыбы:
Жаратылыстану пәні сабақтарында экономикалық білім-тұлғаның бәсекеге қабілетті дамыту факторы.
Орындаған:химия және биология пәнінің
мұғалімі.Саркеева Г.К

2015-2016 оқу жылы