Коучинг: О?ыту мен о?уда АКТ-ны пайдалануды? тиімділігі


Коучингтің тақырыбы « Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды
пайдалану тиімділігі »
Жалпы мақсаты Сабақта АКТ – ны пайдаланудың тиімді жолдарын меңгере отырып, тиімді ақпарат алудағы кәсіби шеберліктерді дамыту.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері -Ойлау қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді,өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады, шеберліктері дамиды. - Флипчарта жұмыс істеуді үйренеді. - POWER POINT бағдарламсын өз сабақтарында қолданудың тиімділгі туралы түсініктері қалыптасады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқыту мен оқудағы белсенділікті жетілдіруде АКТ-ны сабақ үдерісінде қолданады.
Ресурстар
Нұсқаулық таныстырылым, үлестірме материалдар
Тапсырмалар. Практикалық жұмыс. І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Комплимент» жаттығуы
ІІ. Топқа бөлу: ( 1,2,3 деп санап үш топқа бөлінеді)
ІІІ. Топтық жұмыстар
«Айналым бекеті» ( әр топ берлген тақырып бойынша постер қорғайды, бір- бірінің постерлерін ауыстырып толықтырады )
І топ: « Ақпарат »;
ІІ топ « Ақпарат көздері »
ІІІ топ « Ақпараттық технология »
Жарнама « Ақпараттық технолгияның тиімділігі» тақырыбында жарнама жасау (ғаламтордан ақпараттар алып пайдалану)
ІV. «Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану тиімділігі»
Тақырыпты ашу. Слайдтарды көрсету. АКТ –ні пайдалануда өтілетін сабаққа тигізетін пайдасы туралы әңгіме.
Қорытынды. Өз тәжірибемде АКТ - ны қолдану тиімділігі презентация слайдтары. 5 минут

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерге жазып, смайликтерге жапсыру
Дереккөздер
Нұсқаулық бірінші (негізгі) деңгей. Ғаламтордан білімділер сайты
Дина Нұрпейісова орта мектебі
КОУЧИНГ
« Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі »
Өткізген: жаңа форматтың ІІІ деңгей мұғалімі Қайырболатова Эльмира
2015 ж