Математика саба?ында ?лтты? ойындарды пайдалануды? ма?ызы.


Сабақ тақырыбы: Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауыз бірлікке, достыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: асықтар, ақсүйектер, кубик, теңге, орамал, геоконт,танграм.Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, ой қозғау, ұлттық ойындар.Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, логика.
Шаттық шеңбері.
Ғылымның сырын ұғына,Шығамыз биік шыңына, Тапқырлық пен зеректік Жеткізеді біздерді Математика сырына
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді,
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді
Сәлеметсіздерме апайлар!Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Қыз қуу, алтыбақан, асық ойындары, теңге алу, ақсүйек, аламан бәйге.Аламан бәйге. Мұнда жүйрік аттар жарысады. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.Мақсат қою:Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәлім, тәрбие табар ма?Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
Әр дұрыс жауап үшін, әр топ бір ұпай «Жұлдызша» алады. Жұлдызшалар екі сандыққа салынады.Жұлдызшаның саны арқылы сабақтың соңында жеңімпаз анықталады. 2-топқа бөлемін: «Құлагер», «Тайбұрыл»1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер1. Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2. Бес асықтың екеуін
Досым сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады? (2)
3.Бәйгеге шықты жануарлар,
Алға шықты бесеуі,
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? ( 7 )4. Мұз айдынында үш бала
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала Жағалауда тұр қарап, Енді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың ( 5)
2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.Талапай-ау талапай,Табылды ойын алақай!Асықты алға шашамыз,Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Балалар шашылған асықты жинап алады да әр бала өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты тақпақтар айтады.4-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны.Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.
Сергіту сәті
Кәне, жіпті алайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қауындай боп сопайып,
Сопақшаны жасайық.
Үй шатырын тұрғызып,
Үшбұрыш боп тұрайық.
Қабырғасын көтеріп,
Төрт бұрышты құрайық.5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.6-тапсырма: «Тай жарыс » ойыны.Шарты: Әр топқа екі тапсырма беріледі.Әр топ ребус шешеді (жауабы: алтыбақан, тоғызқұмалақ) 7-тапсырма: «Кубизм» әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын. Кубикті лақтыру арқылы 1,2, 3, 4, 5, 6 сандары шығады, сандарға байланысты санамақ айтады.Қорытынды.Жұлдызшаларды санау арқылы жеңімпазды анықтау.
Баспалдақ әдісін қолдану арқылы сабақты қортындылау
Келген қонақтармен қоштасайық.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Апайлардың бәріне
Сау болыңыздар деп айтамыз !
Ашық сабақ
Тақырыбы: Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.
тәрбиеші: К.Х Қалкабаева
Екібастұз қаласы
№ 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия б/б