Математика саба?ында ?лтты? ойындарды пайдалануды? ма?ызы.


Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: асықтар, ақсүйектер, кубик, кеспе әріптер, теңге, орамал.Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логикаСабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.Мақсат қою:Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәлім, тәрбие табар ма?Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)2 Аулада 3 үйрек,Қорада 1 үйрек.1 үйрек тығылды,1 үйрек жығылды.Қалғаны неше үйрек? (2)3.Табақта 5 алам,Қолымда 2 алма.Қосқанда барлығы,Болады неше алма? (7)2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.Талапай-ау талапай,Табылды ойын алақай!Асықты алға шашамыз,Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.4-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны.Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.6-тапсырма: «Неше аяқ» ойыны.Шарты: Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы бар. Мараттың тұрғындарының аяқтарының саны нешеу?7-тапсырма: «Кубизм» әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын. Кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру. 12345 сандарды ашу “БІЛІМ” деген сөз шығады.Сұрақтар:Қол не үшін керек?Қазақтың тұңғыш президенті кім?Кітап не үшін керек?“Қызыл кітапқа” не жазылады?Тірі табиғатты ата?Қорытынды.Балаларды мадақтап, кеспе әріптер арқылы «Жарайсыңдар» сөзін құрастырып, сабақты қорыту.