этном?дениет ба?ыты бойынша Мені? бесігімні? тарихы ?ылыми жоба


Павлодар облысыАқсу қаласының №1 қазақ орта мектебі2 «а» сынып оқушысы Конротбаева НұрайТақырыбы: Менің бесігімнің тарихыСекция : ЭтномәдениетЖетекшісі: Ережепова Әсем МарсқызыЦарев көшесі, 5Индекс: 1401005 – 06 – 55Факс 5 – 02 – 86E – mail: akcu_school_1@mail.ru Басталыпты өмірдің көші, міне,Бөлейікші бөбекті бесігіне. Зерттеу мақсатыБаланың бойындағы ұлттық мінез-құлықты қалыптастыруда қасиетті бесіктің маңыздылығын зерделеу. Ғылыми болжам Егер қазіргі жас аналар баланы арнайы қасиетті, киелі бесікке тәрбиелеп, бесік жырымен тербетсе, сәби бесікте жатқан анасының ұлағатты әнін естіп, жан дүниесі рухани бай болады. Зерттеу жаңалығыЗаман талабына сай, жиналмалы, ыңғайлы бесік үлгісін жасап шығару. Бесік – ата - бабалардан қалған киелі, қасиетті мұра, мүлік.Бесік—баланы  бөлеуге арналған ағаш төсек . Қазіргі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста аз көрінеді.Әрбір қазақтың шаңырағында киелі бесік бар деп айта алмаймын. Ата –бабадан қалған киелі бесік ғасырдан -ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне аз көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті. Бесіктің шығу тарихыБесікті көптеген халықтар пайдаланады. Бесік көшпелі қазақ халқы арасында ертеден тараған. Бесіктің құрылысы мен жасалу жолдарыБесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ:қазақ бесікті қарағай, қайың және талдан жасаған. Қайыңнан жасалған бесік бұрышы имек болып келеді, Имек болып келген бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ал қарағайдан жасалған болса, тік бұрышты болып келеді. Мұндай бесік жеңіл, әрі берік, ыңғайлы болады екен. Себебі баланың тазалығына өте қолайлы.   Тыштырма ырымыТыштырма (дәстүр). Сәби бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты, тышты » деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. « Тыштырманы » әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына береді. Бесік жабдықтарыЖөргекҚұс төсек ЖастықКепілЕкі жамбас жастығыШүмекті тазалау КөрпеТартпа баулар Жазғы уақытта жабуБесік жапқыштарыҚысқы уақытта жабу Бесіктің пайдасы1.Бесікке бөленген бала таза жатады.2.Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді.3.Бесікте жатқан балаға суық тимейді, қымтаулы жатады.4.Баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады.5.Сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді Менің бесігімнің тарихыМен дүниеге келгенде маған бесікті нағашы апам әкелген екен. Асыл қазынам, алтын бесігімді менің нағашы апамның тұңғыш ұлы Арыстанның қызы - Малика дүниеге келгенде Алматының қол өнершілерінен сатып алған екен. Сол бесікте нағашы ағам Арыстанның екі қызы Малика мен Аделя жатып тәрбиеленген. Мен өзім 2006 жылдың 18 қараша айында дүние келдім. Дүниеге келгеннен кейін нағашы апам киелі асыл бесігімді менің анама берген екен. Анам мені сол киелі бесікте жеті ай тәрбиелеп, тербетіп өсірді. Сол уақыттан бері биылғы жылдың наурыз айына дейін бесік біздің үйде сақталған болатын. Қазіргі уақытта киелі бесіктің иесі менің нағашы ағам Кенжебектің қызы - Іңкәр. Бұл дегеніміз киелі бесік ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалу. Менің ата-анам осы киелі бесікте менің ағамның балалары жатса екен деп армандайды. Алғашқы бесікте жатқаным Ақ сүт берген анашым Бесік маған нәр береді Әлеуметтік сауалнама Зерттеу нәтижесі мен қорытындысыАтам заманнан бері қолданыста болған бесікті осы күнде қолданысқа енгізу мәселесін қарастыру қажет. Бесік - киелі орын, олай болса, Қуаныштың шаттық тойын ел көрсін, Ұлттық рух баршамызға дем берсін. Елімізде береке мен бірлік боп, Барша үйде қоңыр бесік тербелсін.