?алмахан ?бді?адыров шы?армаларыны? к?ркемдік ерекшеліктері ?ылыми жоба


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз! Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жерлес ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеу, оның мәңгілік өшпес әдеби мұрасына кеңінен талдау жасай отырып, оның әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алар орнын айқындау. “Көгерген көк сияқты көрдім жарық, Адаммын – адамзаттан тудым анық. Жәрдемшім, жарылқаушым, жазалаушым, Сүйерім, сүйенерім, тәңірім – халық! Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Сырдария совхозында 1903 жылы дүниеге келген. Руы – қыпшақ ішінде алтыбас-қыпшақ. Қостанайлық атақты Қойлыбай бақсының немересі. Атақты Сыр сүлейлерінің бірі Бұдабай Қабылұлының туған жиені. Қалмақан әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, ежіктеп хат танитын күйге жетеді. «Әкем – кариб. Оның кем-таршылығы болғандықтан, он жасымнан былай жұмысқа үлкен кісідей қатыстым» – деп жазады. Қалмақан Әбдіқадыров Күзде Шиеліден шығысқа қарай жол тартқан түйелі керуен Самарқан, Бұхара, Әндіжан, Наманған базарларына аялдап, сауда-саттық жасайды. Әндіжан, Наманғаннан шыққан соң, саудагерлер Жақып ахун деген қашқарлықтың ұсынысы бойынша керуенді Қашқарияға айдауға келіседі. Бес кісінің бірі болып «Ұлы сапарға» Қалмақан да нар тәуекел етеді.