Арнаулы домбыра класында ш?кірт т?рбиелеуді? к?сіби ?діс-т?сілдерімен негізгі ба?ыттары.


Шығармашылық есеп
Тақырыбы:”Арнаулы домбыра класында шәкірт тәрбиелеудің кәсіби әдіс- тәсілдері мен негізгі бағыттары”.
Алғы сөз
Қадірлі әріптестер!
Бүгінгі шығармашылық есебімде-сонау 1998-ші жылдан бастау алатын алғашқы ұстаздық еңбек жолымнан бастап,бүгінгі 2012-ші жыл арасындағы ұстаздық еткен жылдар арасында жинақталған іс-тәжірибемнің бір бөлігін сіздердің назарыңызға ұсынғалы отырмын.Бүгінгі таңда домбыра аспабын саз мектептерінде кәсіби бағытта оқытудың нақты,жүйеленген бірде-бір тартымды оқулығы жоқ деуге болады.Осындай “жоқ”-тың орнын толтыру мақсатында саз мектептерінің домбыра домбыра класы оқытушылары өз беттерімен ізденіп,білім деңгейлерін көтеру арқылы балғын шәкірттерге дәріс беруде.
Бүгінгі назарларыңызға ұсынылатын шығармашылық есебімде:”Саз мектептеріндегі арнаулы домбыра класында шәкірт тәрбиелеудің кәсіби әдіс-тәсілдері мен негізгі бағыттары”-турады баяндауға рұқсат етіңіздер.
Баяндамада негізінен:”ушыға шығарма таңдау,талдау және үйрету”және “Арнаулы домбыра класында төкпе дәстүріндегі күйді оқыту”-мәселелері қарастырылады.
Кіріспе
Ұлттық өнерімізді тілге тиек етсек,алдымен “Домбыра”, ” Күй ”-деген киелі де қасиетті сөздер айтылады.Мұның да өз себептері бар,өйткені Қазағымның мұңы да,сыры да,қуанышы мен қайғысы да,жеңісті сәттері де,бәрі-бәрі бір ғана Домбыраның кеудесінде күй болып тұнып тұр емес пе?Қазағымның қара домбырасы-киелі,сиқырлы аспап.Қазақта мақал бар:”Айқайлағанның бәрі әнші емес,сабалағанның бәрі домбырашы емес”-деген.
Домбырашы болу үшін бойыңда көптеген қасиеттер болуы керек:жоғары мәдениеттілік,терең ойлай білу,мұқиат тыңдай білу,төзімділік,еңбекқорлық,ізденімпаздық,өзіңе талап қоя білу және ерік-күш-жігер.
Домбыра өнері –ұлттық мақтанышымыз.Ақиық ақын Қадыр ағамыз:”екі шектің бірін қатты,бірін сәл-пәл кем бұра,Қазақ-нағыз қазақ емес,нағыз қазақ-Домбыра!”-деп жырлауы тегін емес,өйткені өнерсіз ұлтты,халықты елестету мүмкін емес.Өнері бар ұлт жойылмайды,азбайды.Өнер-кие,ол өмірдің өзі.Өнер адамзат цивилизациясының жарқын да айқын көрінісі.