Психолого-педагогический консилиум Жас?спірімдерді? о?уы мен мінез-??л?ында?ы ауыт?уларды? себептері мен ерекшеліктерін аны?тау


Психологиялық педагогикалық консилиум Жасөспірімдердің оқуы мен мінез-құлқындағы ауытқулардың себептері мен ерекшеліктерін анықтау Психологиялық-педагогикалық консилиум дегеніміз – студенттердің жеке басын терең зерттеу, әр студенттің оқи алатын мүмкіндіктерін анықтау және олармен жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісінің , жұмыстарының олқылықтары мен жіберілген кемшіліктерді жою үшін ары қарай қалайша дұрыс жұмыс істеу жолдарын белгілеу мақсатымен ақылдасып, кеңестер беру. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұғымы 1. Студенттің немесе топтағы студенттердің оқуы және мінез-құлқындағы ауытқулардың себептерімен ерекшеліктерін анықтау.2. Студенттердің ауытқуларының дамуын түзету мақсатымен тәрбиелік шаралар бағдарламасын жасау.3. Қиын және конфликтілік жағдайларды шешуге кеңес. 1. Студентті жан-жақты дұрыс білуге бағыттайды.2. Үлгермеушілік және студенттердің тәрбиелік дәрежесінің жетіспеу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.3. Студенттерге жеке ықпал жасау тәжірибесімен ортақтасу көзделеді.4. Топқа оқу-тәрбие жұмысында бірыңғай талап қоюға, сабақтың міндеттерін неғұрлым дәл қоюға, мұғалімнің уақытын үнемдеуге, студентті жан-жақты дамытып жетілдіру үшін оқыту мен тәрбиелік шараларды белгілеуге көмектеседі. 1. Консилиумда қаралатын мәселелердің психологиялық мазмұнын анықтау.2. Тақырыптың диагностикасын талдау.3. Оның жалпы қорытындысын, жүйелілігін жасау.4. Шешімді қабылдау және оқу-тәрбие үрдісінде нұсқауды өндіру. Педагогикалық консилиум өткізу алдын-ала хабарланады.2. 2. Консилиумға колледж басшыларымен бірге топ кураторлары, мейіркеш, ата-аналаПедагогикалық консилиумды колледж директоры немесе орынбасарлары бірі басқарады. Консилиумға колледж басшыларымен бірге топ кураторлары, колледж дәрігері, ата-аналар төрағасы, тәжірибелі педагогтар, психолог қатысады. Консилиумға әрбір топ кураторы тобындағы студент жөнінде хабарлама жасайды. Онда зерттеудің мына үлгілері қамтылуы тиіс: оқу үлгерімі, оқу және жазу қарқыны, денсаулығы, оқу материалын игеруі, отбасының тәрбиелік ықпалы, жағымды және жағымсыз әдеттері, мінез-құлығы,қызығушылығы, тәртібі, ауытқушылық себептері, оқу еңбегіне қабілеті, еңбекке қабілеті, ақыл-ой өрісі, қрғамға көзқарасы т.б. Бұл топ кураторлары мен психологтың біріккен әрекеті болуы тиіс. Консилиумға топ бойынша студенттердің нақты диагнозын әкелу. Диагноздарына байланысты өз ұсынысын айту. Мысалы: «Олигофрения в ст. имбецильности» диагнозындағы бала мектепке оқуға жіберілмейді немесе жіберіледі, бірақ жеңілдетілген бағдарламамен, психолог, тәрбие жөніндегі орынбасары, топ кураторының динамикалық бақылауында болу керек» деген сияқты. Егерде колледж дәрігері консилиумға қатыса алмаған жағдайда оның міндетін топ кураторы немесе психолог атқарады. 5. Консилиум тақырыбына сәйкес мына мәселелер қаралуы тиіс: Тәртіп кемшілігі бар студенттер (оның себебі)Оқу үлгерімі төмен студенттерОқуға ынтасы болса да , психикалық дамуы уақытша кідіргендерОй әрекеті жоғары, бірақ оқуға қырсыз, қиыншылықтан қашуға тырысатын студенттерАбстрактылы ойлау дағдысы дамымаған , білімге, оқуға икем дағдыларында олқылығы бар студенттерНашар еститін студенттерНашар көретін студенттерТіл мүкістігі бар студенттерДисграфиялық симптомдары бар студенттер, жазу процесінің бұзылуы Палеомирид-жедел өтетін жұқпалы ауруды тез қабылдайтын балалар, тұмау, сары ауру, қызылша т.б. Бұл тәрбие жөніндегі орынбасардың басшылығымен психолог, топ кураторлары, колледж дәрігерінің біріккен әрекеті нәтижесінде анықталады. Психологиялық-педагогикалық консилиумнан туындайтын педагогикалық ұсыныстар Колледж директорының міндеті: Консилиумды басқарушы қорытып, қабылданған ұсыныстарды, айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын , мұғалімдер мен студенттер ұжымдарының міндеттерін жариялайды.Оқу ісінің орынбасарының міндеті: Көмек стратегиясын өңдеу және тарату, педагогикалық жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету. Ұсыныс қабылданғанннан кейін консилиумды басқарушы әрбір маманға колледж дәрігеріне, психологқа, топ кураторларына, оқу ісінің орынбасарына, тәрбие жөніндегі орынбасарға тапсырмалар беріп міндеттер бөліседі. Консилиум құжаттары Консилиумды ұйымдастыру және консилиумның құрамын бекіту. Социометриялық әдістемелердің көмегімен класты зерттеу әдістері. ППК журналы психолог толтырады. Бұл журналда қалыпты дамыған студенттер мәліметі көрсетілмейді және жазылмайды.4. Студенттің немесе топтың диагностикалық даму картасын жасау топ кураторы5. Консилиумның қорытындысы:6. Өзіндік міндеттеме бөлісу.7. Нұсқауды шараларды іске асыру. 8. Хаттама.Ескерту: Консилиум құжаттары арнайы папкада жинақталып , анықтамада ІІ-ші тармақтың 5-ші бөлігіндегі тапсырмаға санды түрде мәлімет көрсетіп, қабылданған педагогикалық ұсыныстар жазылуы қажет.