Баяндама Т?зеу мектептегі о?ушыларды? о?у ?абілетін арттыру


Түзеу мектептегі оқушылардың
оқу қабілетін арттыру
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін дифференциалды арнайы, дамуында ауытқуы бар балаларды дер кезінде емдік педагогикалық көмекпен және арнай оқытуымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Кемтар баланың кейінгі дамуын болжау көбіне, ол оқуға тиісті мектеп типін дүрыс анықтауға байланысты. Бұл әсіресе ауытқуы күрделі емес балалар үшін өте маңызды.
Түзете - дамыта оқытудың мақсаты: Дәстүрлі бастауышта оқыту мақсатына сәйкес келеді балаларды оқып, жазып , санап үйрету, оқу іс - әрекетінің негізгі біліктлігі мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениетін дамыту, жеке гигиена мен салауатты өмір негіздерін үйрету.
Бірақ психикалық дамуы тежелген балалар білім мен дағдыларды және оқу іс - әрекетінің тәсілдерін сәтті меңгеруі төмендегіше арнайы міндеттері шешу арқылы іске асуы мүмкін.
Оқуға дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту артикуляциялық аппарат, фонематикалық есту , қол моторикасы, оптикалық кеңістікте бағдарлауы .
Балалардың ой -өрісін байыту, оқушыға оқу материалын саналы түрде қабылдауға мүмкіндік беретін қоршаған орта құбылыстары мен заттары жайында нақты жан- жақты түсініктер қалыптастыру
Мектеп ПМПК мамандарының логопед , дәрігер , психолог, дефектолог бала дамуына жүйелі жан- жақты бақылау жасау жұмысы жүргізіледі .
Оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру және ауытқуларын түзету.
Жалпы әлеуметтік орта ұйымдастыру.
Соматикалық және психикалық қалпын нығайту
Түзете - дамыта оқыту жүйесінде білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компонентін сақтай отырып оқытудың түзетуге- дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді
Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері сауат ашуға жазуға математикаға еңбекке үйрету кезінде оқу мазмұнын басқаша іріктеуді қажететеді
Түзету мектеп жұмысында оқу сабағы білім беру және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Оқу сабағының ең басты мақсаты балалардың бойында дұрыс тез саналы және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және шығарма мәтінімен өздігінше жұмыс істеуге үйрету. Бірақ бүлдіршіндерді оқуға үйрету негізгі нысана емес мұнда балалардың есею, сондай- ақ адамгершілік тәрбиесі басты назарға алынады. Ең алдымен, оқу сабақтарында оқушыларға туған табиғаттың әсемдігін сезініп,біздің еліміздің өткені және қазіргісімен таныса алады оқу сабақтарының тәрбиелік және білімдік бағыттары бір- бірімен тығыз байланыста. Сондықтан да бізге бұл мәселені тартымды байланыста қарастырып, біртұтастәрбиелік білімік процесте жүргізу- бірінші талап. Осы тұрғыда оқу сабақтарының тәлімдік- тәрбиелік міндеттері тек қана мазмұндық жақты ғана емес, сонымен бірге әр түрлі әдістемелік жақты да қамтиды. Бұл - мұғалім оқушылардың тәлімдік қызметін басқарумен қатар,олардың жан- жақты дамуына қол жеткізді деген сөз.
Сыныптық оқу сабағының тәлімдік және тәрбиелік міндеттерін тұтас процесс ретінде біріктіре білудің бұлтартпас шарты - оқушылардың көркем шығарма немесе ғылыми- көпшілік мақаланы қабылдауы және талдауы сияқты қоғамдық маңызы бар бағалы пікірлерді дамытуға мұғалімдердің ерекше көңіл аударуы болып табылады.
Түзету мектепте оқу сабағы жалпы міндеттермен қаттар, ақыл -есі кем балалрдың қабілетін жақсарту парызын атқарады. Олардың сөйлеу мәнері оқу қарқыны артады.
Логиклық ойлау жүйесіндегі кейбір кемшіліктер түзетіледі шығарманы оқу үстінде атқарылған тиісті жұмыстар образдық қабылдаудағы кемшіліктерді түзетудегі көмектесіп, оқушылардың сөздік қорын көбейтіп,белгілі бір жағдайда өздігінен сөйлеу әдісін қалпына келтіруге жәрдемдеседі . Ана тілінде оқытатын түзеу мектептер сыныптарындағы ана тілі сабағын оқытудың негізінде кітап оқуды үйрену және оқу қабілетін дамытып,қалыптастыру сияқты аса маңызды психолгиялық құбылыстар мен принциптер жатыр. Оқушылардың эстетикалық сезім түйсігінің төмендеуі шығармаларды талдағанда олардың кейіпкерлер және ертегі ,әңгімелер туралы пікір айтуын қиындатады . Ондай оқушыны ертегнің түрі, мазмұны, оқиғаның өрбіп даму себептері емес, тек көзге көрініп тұрған сырт қимыл – қозғалысы ғана қызықтырады. Оларға ертегі , әңгімедегі оқиғаларды талдап терең түсіндіру үшін,өзіңді сол оқиға кеиіпкерінің орнына қойып түсіндіру керек. Осы әдісті кеңінен қолдану жақсы нәтиже береді деп көрсетеді педагог- ғалымдар. Психологтар оқушының адамдық қасиеттерінің дамуына ерекше мән береді . Сондықтан ойының дамуы кеміс балаларды осыған үйрету қажет-ақ. .Әңгіме, ертегіні талдау кезінде оқиға дамуының себеп –салдарын, кейіпкерлердің іс- әреккеттерін түсіндіру өмірдегі соған ұқсас оқиғалар және оның себепті болғаны айтылып, сұрақ қою арқылы жеткізіледі.Ақыл – есі кем оқушыларға тән қасиет –олар әңгіме , ертегілердегі кейбір қызықты көріністерді ғана естерінде сақтай алады .Әдетте, олар әңгіменің , ертегінің мән- мазмұнын, оқиғаның дамуының бір жүйемен өрбуін түсіне бермейді . Баланың сөйлеу қабілетінің нашарлығы ертегі, әңгіменің мән – мазмұнның түсінбеуіне әсер етеді.Оқушылар көбіне синоним сөздерді түбірлес сөздермен шатыстырып алады. Ол сөздерді мағанасына қарап емес, айтылуына қарай ғана ұғынады. Өзі оқып шыққан сөйлемдерін дұрыс түсінуіне кері әсер ететін күш-ол баланың бұрынғы өз тәжрибесін қолдануы. Сынып мұғалімі оқиға желісін балаға баяндағанда әр оқушының өзін соған еліктіре, оқиғаны қызыға түсіне жетелеуі қажет.Түзеу мектеп оқушыларына тән қасиет- ертегіні, әңгімені оқығаннан кейін баланың ой- өрісін кейіпкерлер іс - әрекеттерінің өрбуін толық елестете алмауы. Сондықтан олар ертегіні, әңгімені үстірт түрде ғана қабылдап,шын мәнін терең ұға білмейді. Осы тұста мұғалім дидактикалық шарттарды қолдану керек.
Оқу мен сөйлеуді дамыту бағдарламасының талдауы- әдебиеттік оқу- қазақ тілі бағдарламасының бір бөлімі.Оқу пәндерінің тапсырмалары төмендегідей. 2-4 сыныптардағы оқу пәнінің негізгі тапсырмасы- дұрыс, тез түсініп және мәнерлеп оқудың қалыптасуы. Осының негізінде шығарманың мәтінімен жұмыс істеу әрі өз бетінше кітап оқуды дамыту болып табылады . Оқудың мазмұны түзеу мектептердің тәрбиелік бағытарына сай қойылған, балаларға туған жерге деген махаббаты сезіндіру, еңбек адамдары мен еңбекке деген сүйіспеншілікті туғызу, табиғатқа деген нәзік сезімге тәрбиелеу.Сонымен қаттар отбасы мен жолдастарының арасында өзін мәдениетті ұстау шарттарын қалыптастыру. Әңгіме, ертегілерді тақырыптар бойынша бөліп, оны жыл айларына қарай орналастыру оқуды әр жылдың мезгіліндегі құбылыстармен және адамдардың еңбектерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал ол тек еңбекпен шектелмей, мейрамдар өткізумен, яғни өмір мен оқудың тығыз байланысын туғызады. Тану мен білудің талаптары көрсетілген. Мәтінмен жұмыс және қоршаған ортаны тани түсу оқушылардың мәнерлеп сөйлеуін дамытудың нақты талаптары қойылады және сөздік қорымен молайып, сөйлеу сөздіктерінің нақтыланып, олардың қолданысын белсенді артыруды қамтамасыз етеді. Оқу пәндеріне бағдарлама бойынша әр апта сайын 4-5 сағат бөлінеді.