Жоба Ата-Анамен т?рбиеші арасында?ы ?арым-?атынас проблемасы


«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»   ЖобаТақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымда отбасы мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас проблемасы, балалардың жеке дағдыларын қалыптастыру.  Жобаны дайындаған:Омарова Б.К. КІРІСПЕОтбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата – ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының өнегесі, өнері балаға үлгі, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқандада сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. «Баланы жастан» деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенін бесіктен басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата – ана бесік жырының, негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне арнағанын мына бір үзік ойдан анғару қиын емес. «Таңдайларын тақылдап,Сөйлегенде сөз бермей,Шешен болар ма екенсің,Бармақтарың майысып,Түрлі ою ойысып,Шебер болар ма екенсің?»...Баланы мақтап, көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интеллектуалдық ой - өрісін дамытып, ойлағанын еркін – батыл жеткізуге мүмкіндік береді.   Ата – анамен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шығармашылық деңгейі артады. Ата – ананың аузынан шыққан сөз балаүшін өмір, тіпті заң болып та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш, оларға ерінбей дұрыс жауап берутүсіндіру, тура жолға бағыттау, ой-өрісін ұштау, ата – ана мен тәрбиешінің парызы. Балабақшада, ата – ана мен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың ықылас зейін қойып тындауға ерекше зер салғаны жөн. Отбасы, балабақшада үнемі өнегелі, ұлағатты сөздер айтып, өзін әдепті ұстап, ізетт ілік жасауды түсіндіріп отырған жөн. Сәбиге ерте бастан сәлемдесу, қоштасу, үлкенге «сіз» деп сөйлеу, қарсы жолыққан кісіге жол беру, үлкенге орындық ұсыну, қателігі үшін кешірім сұрау, рұқсатсыз біреудін затын алмау, өзінен кішіге қамқорлық көрсету сияқты әдептілік қағидаларын үнемі есіне салып түсіндіріп санасына сіңіріп отырса, баланың ақыл – ойының, мінез қалпының өнегелі жаққа ойыса беруіне ықпалы нәтижелі болмақ. Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата – ана және үстаз болып үйрету керек». Ендеше «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елінің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлт жанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз.  ПРОБЛЕМАЕліміздің әлеуметтік – экономикалық өмірінде болып жатқан терең демократиялық өзгерістер жеке тұлға тағдырына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.Балабақшада балалардың өмірге дайындау өте күрделі қажымас еңбекті қажет етеді «Отан – отбасынан басталады» дейміз. Ендеше ата – ананың тәрбиешімен тығыз байланысы, ата – ана мен тәрбиешінің ынтықмақтастығын құруда қиыншылықтар кездеседі. Сол себепті осы мәселені проблемалық тақырып етіп алып отырмыз. Егер ата – анамен тәрбиеші бала тәрбиесіне тең дәрежеде жауапкершілікпен қарап, балабақша мен ата – ананың тәрбиелік көзқарасы бір деңгейде тәрбиелеу әдіс – тәсілдері бір арнаға құйып жатса бәсекеге қабілетті шығармашыл,білімді тұлғаны дайындап шығар едік. Ата-аналардың аталған жиналыстарға қатысу белсенділігінің төмендегі. Ата-аналар жиналыстарын өткізу формаларының біржақтылығы (үнемі түрлендіріп, өзгертіп, жаңаша бағыт-бағдар ұстана алмауы) Педагогикалық біліктілік пен іскерліктің жеткілік-сіздігі Ата-аналармен қарым-қатынас жасаудағы кездесетін қиындықтар Балабақша жайында-ғы жағымсыз мәлі-меттер мен дұрыс емес ақпараттардың таратылуы Қаржы мәселесі жайында дұрысшешімдер қабылдануы қажеттілігі Ата – аналар мен тәрбиешілердің қарым – қатынас стратегиясы. Ашық және сенімді қарым – қатынас. Бұл не үшін қажет ? 1.Уақыт тиімді пайдалану.2.Тәрбиеші,ата-ана,бала үшеуінің біріккен жұмыстары.3.Телефонмен байланыста болуы.4.Мақтау хаттары,бақытты сәт жолдауы.5.Отбасылық газеттер арнайы кездесулер.6.Ата-аналар ерікті көмекшілер.7.Отбасындағы болып жатқан өзгерістер.8.Ата-аналарға кеңес беру.9.Өз бетімен жасалатын жұмыс түрлері.10.Өз ойларын ашып ортаға салу. Ата-ана мен біріге Дәстүрлі емес формаларТренигтерТақырыптық жеке,топтық кеңестер.Сауалнама,тестілерДөңгелек үстелБалалар,ана-ана, балабақша ойын формалары. Дәстүрлі формаларӘңгімелесуПедагогикалық комплексАшық есік күндеріАта-аналар жиналысыБіріккен іс-шаралар. ЖЕТІСТІК Ата –аналар жиналыстарын өткізуге арналған нұсқау. Жетістіктеріміз Ата-аналардың мамандықтарына сәйкес ұйымдарға байланысты өзара қарым –қатынас жасауды қамтамасыз етеді. Әр топтағы балалардың ата-аналарының ұжымын біріктіруге, ұйымшылдыққа, береке-бірлікке қол жеткізе алады. Бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің Нәтижесіне қол жеткізіп,оның жағымды әсері мен ықпалы айқындалады. Ата -аналардың педагогикалық,психологиялық білімін арттыруды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылады. Ата-аналар жиналыстарындұрыс өткізу үшін педагогтар есіне: Алға қоятын мақсатыңыз нақты, айқын болсын. Жиналысқа арнайы мамандар шақыру ең тиімді көмекші болмақ. Атап айтқанда: психолог, әлеуметтік психолог, балалар дәрігері, ғалым-педагогтар Жиналысты өткізуге алдын ала дайындық кезеңін жасау (жиналысқа дейін талдауға ұсынылатын сұрақтармен таныстыру, пікірлесу, өз ойларын ортаға салуға ұсыныс жасау, сауалнама жүргізу, оны алдын ала талдау) Ата-аналар жиналысының тақырыбына сәйкес осы бағыттағы алуантүрлі әдебиеттермен танысу қажеттілігі Ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігі туғызатындай қызықты, тартымды болуы шарт: іскерлік ойындар, ата-аналар рингі,шағын топтармен жұмыс, тренинг, пікірсайыс, дөңгелек үстел,отбасылық кеңес, т.б.) Жұмыс барысында рефлексия жүргізуді ойластыру(сөз ойла, тез ойла,сұрақ сауалдар, ойын жаттығулар, т.б.) Жиналыс өткізілетін орын таза, желдетілген болуы керек, іс-әрекетке қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті және оларды қалай орналастыруқажеттілігі алдын ала ойластырылуы керек. Баланың жақсы жақтарын айту сіздің міндетіңіз екенін ұмытып кетпеңіз. Ата-аналар жиналысына қатысушыларды мадақтауды, ризашылық білдіруді естен шығармаңыз. Ата-аналар жиналыстарында балабақшадағы кезеңде баланың іс-әрекеті немесе мінез-құлқындағы кемшіліктер жайында айтудың қажеті жоқ, оларға сенімділікпен қараңыз, кінә тағудан аулақ болыңыз Сөз сөйлеуді қалай бастау керек? Шаршы топ алдында сөз сөйлеу алғашқыда қиындық туғызатыны белгілі. Дей тұрғанмен де ол өте маңызды, әрі құрметті. Бастапқыда тыңдаушылардың ақыл-ойы зерек, тың сондықтан жақсы әсер қалдыруға болады. Сөз сөйлеуге алдын ала дайындалу керек. Сөйлейтін сөз қысқа да нұсқа, нақты болғаны абзал Сөз сөйлеуді бастағанда әзіл-сықақ немесе сын пікірлер айтудан аулақ болыңыз,ол үнемі сәтті бола бермейді. Сөйлеу барысында жөнді-жөнсіз кешірім сұрау ағаттық ,не айтқыңыз келді соны нақ,дәлелді түрде айтыңыз және өзіңізге белгіленген орында болыңыз. Аудиторияны өзіңізге тарту үшін сөз сөйлеуді бастағанда төмендегі әдіс-тәсілдерді пайдаланыңыз. Сөз сөйлеуде бірден ең негізгі мәселенің мәнін ашудан бастаңыз. Қызықты көрнекілік көрсетуден бастап сойлегеніңіз тиімді болмақ; Жобадан күтілетін нәтиже құрылымы Бірыңғай ақпараттық кеңістік құруТәрбиешілер мен ата-аналарда бірыңғай құндылыққа жетуАта-аналардың педагогикалық және әлеуметтік ролдерінің ерекшелігін мойындауАта – ана – балабақша ынтымақтастығында қарым-қатынас ортасын құруОқу – тәрбие үрдісіне отбасын тартуАта – аналармен жұмыс жүйесіТәрбиешілермен тығыз ынтымақтастықта ата-аналар қызығушылығыАта – аналарға қарым – қатынаста қажырлық пен тактиканы сақтауБалалармен жұмыстың тәрбиелік – білім беру нәтижелесі мен деңгейін көтеру  Қолданылған әдебиеттер.1.Бала құқықтары туралы конвенция.2.Мемлекеттік жалпы міндетті 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты.3.И.А. Зимняя. Педагогическая психология, Москва.1999 ж.4.Л.Н. Прохорова. Мастер клас по созданию творческого коллектива в ДОУ5.Отбасы және балабақша, 2007 ж. №1,2,3,5.6.Қазақстандағы мектепке дейінгі білім. Журнал 2007ж. № 4,5.7.Бүкіләлемдің жоба «Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру».8.Баланы мектепке дайындаймыз. (Ата –аналар мен тәрбиешілерге арналған құрал). Астана – Қарағанды 2003ж.9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты №3.2008 ж.10.Дошкольное воспитание №7.2006 г.11.Бала тәрбиесі № 1.2008ж.