Психологиялы? тренинг: ?стаздар арасында?ы ?арым-?атынасты ны?айту


Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Мақсаты: 1. Әріптестермен жақсы қарым-қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін эмоциясын ситуацияға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру;
2. эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері арттыру;
3. Психологиялық кеңестер беру
Тренингтің мазмұны:
  Біз, бүгін сіздермен кездесіп тұрғанымызға өте қуаныштымыз. Біз бүгін  сіздермен демаламыз, ойнаймыз және өз-өзімізді, басқаларды танимыз. Бәрінен де бастысы осы сәтте бір-бірімізге сәттілік, шаттық, қуаныш тілеу.
Сәлемдесу
Сергіту сәті
Құлап бара жатқан мұнара
Аяқталмаған сөйлемдер
Құпия дос ойыны
Арттерапиясы бойынша жұмыс
Ертегі терапиясы бойынша жұмыс
Ситуациялық сұрақтар
Релаксация «Өз жұлдызыңды тап»
«Майшаммен тілек айту»
1.Сәлемдесу: Әр-түрлі халықтардың салемдесу рәсімімен бастайық.(видео слайд),Барлығымыз ортаға шеңбер құрып тұрып, экранға назар аударамыз.
2.Сергіту сәтіӨздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен«А» дауысын айтыңыз - ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.«И» миыңызға, көзіңізге құлағыңызға әсер етеді.«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге«Х» денеңіздің тазаруына«Ха» көңіл - күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді
3.«Құлап бара жатқан мұнара» жаттығуы
Бұл ойын әр мұғалімнің ұжымға қаншалықты сенетіндігін анықтау мақсатында жүргізілді. Мұғалімдер екі топқа бөлінді. Ортаға бір мұғалімнен тұрып, шалқасынан құлайды. Құлағанда қорықпау, қадам жасамау керек. Артында тұрған қатысушылар қай жаққа итерсе, сол жаққа қорықпай құлаған қатысушы толығымен ұжымға сене алатындығын көрсетеді.
Мұғалімдер бұл ойынға қызығушылықтарын танытып қатысты. Ортаға шыққан мұғалімдердің барлығы да ұжымға толығымен сенетіндіктерін көрсетті.
4. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
Мен оқушының орнында болсам ....
Мен оқушыларға көмектесемін, себебі....
Мен дарындымын балалармен.....
Мен жақсы орындаймын.....
Мен ашуланамын егер де.....
Мен көңілсізбін егер де.....
Маған ұнайды.....
Мен өзіме ризамын, өйткені.....
Маған адамдардың ұнамайтын қылықтары.....
Менің жолым болмаған кезде мен.....
Менің әлсіздігім көбінесе мынадан көрінеді....
Менің ойымша мене артық адамдар....
Мен жақсы көретін адамдар (қандай болуы керек)...
Егер мен қайтадан кішкентай болсам....
Мен өзімді кінәлі сезінуші едім егер....
Маған бұл өмірде ең керегі....
5.«Құпия дос» ойыны.Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
6.Арттерапия бойынша жұмыс. Гуащпен, маркермен сурет салу
«Мектептің өмірі» тақырыбына сурет салу. Суретте өткенді, қазіргіні, болашақты бөліп көрсету керек.
Қорытынды:
-Суреттеріңізде өткеннің, қазіргінің, болашақтың арасында байланыс бар ма?
-Суреттеріңіз бойынша кім айтқысы келеді?
-Қазіргі шақтан және болашақтан 2 жаңалық немесе 2 жасайтын, жасалған іс болуы мүмкін жеке өміріңізге немесе кәсіби қызметіңізге байланысты болуы мүмкін.
7.Ертегі терапиясы бойынша жұмыс. Сол сурет бойынша ертегі құрастыру.
8.Ситуациялық жағдаяттар беріледі. Шар ішіне жағдаяттар салынған қағаз салынады. Әр топтан 2 қатысушы шығып шарды билеу арқылы жарып ішіндегі жағдаяттарды топпен ақылдаса отырып, көрініс арқылы шешу
1.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз.Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті.Сіздің көзқарасыңыз?
2.Жас маман мектепке келді.Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз.Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз.Ең алғашқы көмегіңіз?
3.Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар.Ұжымда сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды көбірек өткізген дұрыс деп ойлайсыз?
4.Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? «Иә» деген жағдайда дәлелдеңіз, «жоқ» деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?
5.Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз, оқушылардың алдына қалай кіресіз?
6.Әріптесіңіз отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты 1-2 күн жұмысты алмастыра тұруын өтінді. Келісесіз бе? Келіспеген жағдайда неліктен?
9. Релаксация
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндіктерін ояту.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі).
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?
Тағы да жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз,алдарыңыздағы жұлдыздарға өз есімдеріңізді және өзіміздің сүйікті ұжымымызға тілегіңізді жазып,біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.
Енді құрметті ұстаздар, сіздің әрқайсысыңыдың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзара көмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.
10.«Майшаммен тілек айту» жаттығуы
Жанып тұрған майшамды қатысушылар кезектесіп оң жақтағы көршісіңе беріп өзінің тілегін айтты.