Урок на тему ?кпені? тіршілік сыйымдылы?ы.


Сабақтың технологиялық картасы
І БЛОК «Мақсаттылық»
Пәні:
Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы Мамандығы:
Тобы:
Күні:
Сабақтың тақырыбы:
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Сабақтың типі:
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тынысалу жүйесінің маңызы, қызметі, құрылысы мен жас ерекшеліктері; өкпенің тіршілік сыйымдылығын;
Тәрбиелік:
салауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Темекі, нашақорлықтан, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; дене шынықтыруға, спортпен
шұғылдануға әуестенуге ықпал ету;
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
Кәсібилік
Студенттердің өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында пәннің қажеттілігін ұғындыру, болашақ кәсібіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Базалық: тыныс алу мүшелерінің құрылысын;
өкпенің тіршілік сыйымдылығын;
Кәсіптік:
тыныс алудың жас, жыныстық; ерекшеліктерін түсіндіруді;
дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: Химия, экология, математика, гистология, , педагогика, психология, ,медицина т.б.
ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
сызба- нұсқалар, электронды оқулық, тест тапсырмалары.
Таратпа материялдар Тесттер, карточкалар, суретті тапсырмалар;
Оқытудың техникалық құралдары магниттік тақта,
Ақпараттық қор
Негізгі: (әдебиеттер) №8 ОӘК
Әдебиеттер тізімі
Қосымша: (әдебиеттер)
№8 ОӘК
Әдебиеттер тізімі
Негізгі терминдер мен ұғымдар Цитогенетикалық, жасушалық, физиологиялық, биологияық, т.б.
Сабақтың технологиясы мен әдістері: проблемалық оқыту технологиясы, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу - әдістемелік кешен №8 Оқу әдістемелік кешен

ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»
Өткізу технологиясы Оқытушы іс-әрекетіОқушылар іс-әрекетіКүтілетін нәтиже
I.Оқу
іс-әрекетінің мотивациясы (2 мин)
Мақсаты:
Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту Мұғалімнің амандасуы
Жоқ оқушыларды түгендеу
оқу-құралдарының дайындығын
кезекшінің жұмысын тексеру.
Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру; Амандасу
оқу-құралдарын дайындау
кезекшілік міндеттерін атқару; Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
II.Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы
(3мин)Мақсаттар:Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат-міндеттерді қою, жұмыс жоспарымен таныстыру, оқушылар алдына оқу жағдаятын қою
Жоспары:
- өкпенің тіршілік сыйымдылығы;
-тынысалу қозғалыстары
Дәптерге сабақ тақырыбын жазады,
сұрақтарға жауап іздейді.. Сабақтың тақырыбымен танысады. мақсатын түсінеді, тірек білімдерді жаңғырту, оқушыларды белсенді оқу әрекетіне дайындау
III. Жаңа білім беру
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;
- Негізгі ұғымдардың мағынасын ашу, анықтама беру №1. Тақтада суретті слайдтар арқылы түсіндіріледі.
ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Б±л жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.
Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл
Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

№2
ТЫНЫСАЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет.
Тынысалу қозғалыстары:
а) ауаның құрамы: 1 – тыныс алғанда; 2 – тыныс шығарғанда;
ә) ауа жолының өзгерісі: 1 – ауаның өту жолы; 2 – тамақ жегенде ауа жолының бітелуі; 3 – тамақ түйірінің өңешке өтуі (бағдаршаның бағыты тамақтың өтуін
көрсетеді)

№3. Сәйкес сөздерді табу
№4. Сызбанұсқалар жасау
Дәптерге тақырып мазмұнын жазады,
сұрақтарға жауап іздейді.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, қосымша ақпараттық материалдар пайдаланады.
.
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы білімдерін толықтырады.
Оқушылар өз ойларын ауызша баяндайды, дәптерге жазады.
Оқушылар жауап береді, ойларын қорытындылайды.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, қосымша ақпараттық материалдар пайдаланады. Оқытушы оқушыларға нұсқау бере отырып, тақырып мазмұнын ашады, пікір алмасады.
Оқушылардың салыстыру, талдау және есте сақтау дағдылары қалыптасады. Тақтамен жұмыс жасалады.
Оқытушы оқушыларға баяндайды, пікір алмасады.
Оқытушы оқушыларға нұсқау бере отырып, тақырып мазмұнын ашады, пікір алмасады
Оқушылардың салыстыру, талдау және есте сақтау дағдылары қалыптасады. Тақтамен жұмыс жасалады.
IV. Бекіту
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген алғашқы түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту Тесттік сұрақтарға жауап беру. Оқушылар тест сұрақтарына жауап беру арқылы білімдерін қорытындылайды.
Оқушы сабақ барысында меңгерген білімін тексереді, өз-өзін бағалайды.
V.Білімді бақылау, бағалау.
(20 мин) Мақсаттары:
- білім, біліктерін тексеру, олқылықтарды анықтау, игерілген білім, іскерлік, дағдыларын бағалау. І. Оқушыларға қайталау, бекіту сұрақтары қойылады:
Бүгінгі тақырып толық ашылды деп ойлайсындарма?
Сабақта қандай қызықты ақпарат таң қалдырды?
Бүгінгі сабақта қаншалықты жаңа ақпар мәлімет алдым деп ойлайсындар?
Қиындық тудырған мәселелер, түсінбеген тұстарың болды ма?
Оқушылар өздерінің қаншалықты білім ұғынғандарын, берілген сұрақтардың деңгейін, тірек білімдерін өзектілейді, мұғаліммен пікір алмасады, өз ой-пікірлерін білдіреді.
-мұғалім құрастырған проблеманы шешуге қай тұрғыда келетінін түсінеді
тапсырмаларды орындау арқылы анықтамаларды бір-бірімен салыстыра алу құзіреттілігі қалыптасады
VI. Қорытынды
(5 мин) Рефлексия, қорытындылау
Оқушылыр түсінбеген сұрақтарын қайталап, саралайды. -Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады
ҮІІ. Үйге тапсырма:
(10 мин)
- міндетті бағыт бойынша:
- тереңдетілген бағыт бойынша:
-шығармашылық бағыт бойынша: 1. Оқу, мазмұнын айту.
2. Шығармашылық тапсырма.
Тақырып мазмұны бойынша тірек-сызба дайындау.
3.Ізденіс тапсырмасы.
Қосымша ақпараттық-материалдар жинақтау.
Үй тапсырмасын жазып алу. Өз бетінше жұмыс жасайды, ақпараттар жинақтайды.