СЫНЫПТАН ТЫС Ж?МЫС.Ойынны? ма?саты: о?ушыларды? информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру, ой-?рісін ж?не танымды? ?абілеттерін дамыту, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізе білу ж?не ?ткенді шапша? еске т?сіру да?дыларын ?алыптастыру. К?рнекілігі:


«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілігі: сұрақ тапсырмалары , жұлдызшалар, карточкалар, слайд, онлайн ойыны Ойынның жүрісі: Оқушыларды тұрғызу, сәлемдесу, сайысты ашу. Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен әділ-қазылар алқасы . «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Жұлдызды сәт»атты интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз: Ал келіңдер, келіңдер, Біріңе - бірің еріңдер. Білімдеріңді тексертіп, Ойынға қатысып көріңдер. Екі топқа бөліп І- топ Интернет тобы ІІ- топ Компьютер тобы Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру) Психологиялық дайындық: «Жұлдызды сәт» атты ойынымызды бастамас бұрын психологиялық дайындалып жіберейік. «Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей, қане бір бірімізге алақанымызды беріп, бір бірімізге жан жылуымызды сыйлайық». «Бірлік жоқ болса , ұйымшылдық жоқ, ұйымшылдық жоқ болса күйің жоқ», «Береке басы –бірлік» Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Ойлан тап» турын бастаймыз. Ойын шарты- Бүгінгі біздің ойнымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады. Әр тапсырмалардан дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады. Сайыскерлерге 4 жұмбақ жасырады. Дұрыс тапқанға жұлдызша беріледі. Егер қате жауап берсе, сол топ келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады. І тур «Ойлан тап» Математика бойынша: Информатика бойынша: Өткізген тырна сабаққа, Жануарға ұқсас атым бар, Қатысты жеті сауысқан Бағдар көрсетер затым бар Үшеуі ғана олардың, Кілемше үстінде тұрамын Дайындалған сабаққа Ең қажетті құралмын (тышқан ) Неше жалқау сауысқан Қатысқан осы сабаққа? ( 4) Қанша тетік тізілген Саусағыңды сезінген Шыңғыс берді гүл Барлық сенің ойыңды Алмас берді 2гүл, Компьютерге енгізген (Пернетақта) Саят пенен Жақсылық Тағы берді 5гүл Нұршат пенен Назерке Әкеліп берді 3гүл Қалғандары қосылып,Берді тағы 5гүл. Қанша гүл болды барлығы? (16 гүл) ( Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын. Демек, келесі кезең «Жеті жұмбақ» ІІ тур «Жеті жұмбақ» 20(сол жақта)-Пернетақтаның неше пернесі бар? /104/ 20(ортада)-Тышқанның неше батырмасы бар? /үш/ 20(оң жақта)-Компьютер құрылғылары неше бөліктен тұрады? /2/ 30(сол жақта)- Принтердің неше түрі бар? /3 түрі/ 30(ортада)- Графикалық редакторы дегеніміз не? /сурет салу және мәтін жазу бағдарламасы/ 30(оң жақта)- Интернетке қосылу құрылғысы. (модем) 40(сол жақта)- Ақпарат дегеніміз не? /қоршаған орта/ 40(ортада)- Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан? (тақырып жолы) 40(оң жақта)- Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню) Мұғалім: ІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз ІІІ тур «Қазына» Әжеміздің сандығында не барын білу үшін құлыпты ашу керек.Ол үшін бізге не қ ажет? (кілт) Кілтті табу үшін алгоритм бойынша тізбек құру. 3 ші дәрежеге жеткен топқа ұпай беріледі. ІV тур «Ой жүйрік» Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма. Біліммен өнер жарысып, Тәрбие тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға сол алда. Демек, келесі сайысымыз «Ой жүйрік» деп аталады. Таратпа парақшадағы paint құралдарының суретінің тұсындағы бос жолаққа атауын жазу және қорғау. І топ Интернет ІІ топ Компьютер V тур «Шырша безендіру» Мұғалім:12сұрақ. Сұраққа жауап берген сайыскер өзтобының шыршасын безендіреді. Қай топтың шыршасының ойыншығы көп болса сол топ бағаланады. № Сұрақтар Жауаптар 1 1 байт неше биттен тұрады? 8бит 2 Ақпараттық процесстер? Сақтау, алмасу, сақтау 3 Компьютердің миы? Жүйелі блок 4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары? Жүйелі блок, пернетақта,монитор 5 Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал? Компьютер 6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріппен белгіленеді? Caps Lock 7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? Баспа қүрылғысы 8 Компьютер жанына қойылатын өсімдік? Кактус 9 Enter пернесі қалай аталады? Енгізу 10 Ақпаратты белгілі бір алфабит бойынша құпялап жазу? Кодтау 11 Жыпылықтап тұратын тік сызықша? Меңзер 12 Пайнтта неше құрал бар? 16 VІ тур «Жұлдызды сәт» Асыл тастан шығады, Өнер жастан шығады Ақыл көпке жеткізер, Өнер жұлдызды сәтке жеткізер. Келесі «Жұлдызды сәт» сайысымызды бастаймыз. Екі топ өз өнерлерін көрсетеді. Көрермендердің берген даусына байланысты бағалайды. Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Жұлдызды сәт» ойыны мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.Тәрбие.орг сайтынан «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойыны.