«Мектепке дейінгі жаста?ы балаларды? ?атысымды? ??зырлылы?тарын ?алыптастыру» мастер — класс


ШЕБЕРЛІК – СЫНЫП ТАҚЫРЫБЫ: «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру»МАҚСАТЫ: мектеп жасына дейінгі балалардың қатысымдық құзырлылықтарын тренинг, ойын түрлері арқылы дамыту; түрлі қарым – қатынас кезінде қолдануды жетілдіру. ШЕБЕР - СЫНЫП ЖОСПАРЫ:1. Ұйымдастыру. «Алты қалпақ ойы» тренинг. (Танысу, амандасу) 2. «Өзіңе өзің режиссер» жаттығуы. 3. «Бір біріңе» белсенді ойыны.4. «Мәтінді айту: Көжек қалды далада» жаттығуы.5. Рефлексия: «Өзіңді таны». Кіріспе: Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Тілді оқытудың тиімді әдістері туралы айтқанда қатысымдық әдіс (коммуникативный метод) деген әдіс туралы айтқан дұрыс. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» Айман – ақылды. Айнагүл – ажарлы. МысқылҚуанышНемқұрайдыҚатаңРақаттанаТаңырқау«Алты қалпақ ойы» тренинг. (Амандасу, танысу) Ақпарат: 0 – 0,5м – бір – біріне жақын қарым - қатынастағы адамдар, жақын арақашықтық.0,5 – 1,2м – достар арасындағы тұлғалық қарым – қатынас.1,2 – 3,7м – іскерлік қарым – қатынас (басшы мен қызметкер)Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері:Дидактикалық ойындар;Драматизация ойындары;Сөздік ойындар;Суреттерді қарау;Қысқа ертегілер мен мәтіндерді мазмұндау. Ойындар мен жаттығулар Белсенді ойын «Бір біріңе»(қызықты ойын) Әр қайсымыз өзімізге серіктес тауып, қол алысасыз. Ойын барысында шапшаңдық танытып, аталған дене мүшелерімен тез амандасу қажет. Ал «Бір біріңе»дегенде серіктес достарымызды ауыстырып, ойынды әрі қарай жалғастырамыз.Оң қол оң қолға!Мұрын мұрынға!Бір біріңе!Құлақ құлаққа!Өкше өкшеге!Бір біріңе! т.б. «Мәтінді айтыңыз: Көжек қалды далада» жаттығуы.Тапсырма:Берілген мәтінді:Ақырын сыбырлап айту;Әнге салып айту;Тоңып тұрған күйдегідей айту;Кішкентай қыз балаша айту;Ауызда жаңғақ тұрғандай етіп айту. «Өзіңе өзің режиссер» жаттығуыМақсаты: қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу тілін дамыту. Тапсырма:Берілген тақпақ мәтінін:1. «Белес» халық әніне салып айту;2. Рэпке салып айту;3. Айтыс мақамына салып айту. Аю отыр партада,Екі қолы қалтада.Апай сабақ сұраса,Ұйықтап қалыпты партада. Сіздер өз сезімдеріңіз бен ойларыңызды парашютке теңеп көріңіздер. Себебі парашют ашылған кезде пайдасы көп екенін сенімдісіздер.Бұл тест сіздерге керемет минуттар сыйлайды. Тек шынайы болыңыздар! Сіздерге төрт сұрақ қойылады, жауаптары таңқаларлық болады.
Бастамас бұрын бір тілек ойлаңыздар.Оны қағазға жазып қойыңыздар. Енді қағаз бен қарындаш алыңыздар. Әр сұрақты өзіңізден өткізіңіз.Бастаймыз! Төменде көрсетілген жануарларды өзіңізге ұнайтынынан бастап ұнамайтынға дейін орналастырңызжолбарысқойшошқаатӘтеш Төменде көрсетілген сөздерге ойыңызға бірінші келген сын есімді тіркеп жазыңыз. Мысалы: ат- мықтыИтМысықЕгеуқұйрықКофетеңіз Төменде берілген түстерге өзіңізге жақын таныс адамды қойып салыстырып көріңізСарыҚызғылт сарықызылАқЖасыл Енді өзіңіздің жақсы көретін саныңызбен апта күнін жазыңызДАЙЫНСЫЗ БА???Өз жауаптарыңыз, сезімдеріңіздің шынайы екеніне көз жеткізіңіздер!!!Өз жауаптарыңызға қараңыз!!!Ең алдымен: тілегіңізді тағы бір мәрте қайталаңыз!!!

1 сұраққа жауапСіздің өміріңізде ең маңызды құндылықтар:Әтеш – қызмет, мансапЖолбарыс – атақ, даңқҚой – махаббатАт – отбасыШошқа - ақша 2 сұраққа жауапИт- өзіңнің тұлғалық сипатыңМысық – серіктесіңнің тұлғалық сипатыЕгеуқұйрық – жауыңның тұлғалық сипатыКофе – өз сезіміңнің сипатыТеңіз – өз өміріңіз. 3 сұраққа жауапСары- бұл адам сізді ешқашан ұмытпайдыҚызғылт сары- бұл адамды жауыңыз деп санайсызҚызыл – бұл адамды шын мәнінде жақсы көресізАқ – бұл адам сіздің арыңызЖасыл – бұл адам мәңгі жадыңызда қалады 4 сұраққа жауапЕнді ең маңыздысы ойлаған тілегіңіз жазылған қағазды ұшаққа айналдырып, өзіңіз жақсы көретін сан көлемінде тілегіңізді қайталап, ұшырып жіберіңіз. Тілегіңіз өзіңіз жақсы көретін апта күні орындалады!!! Назарларыңызға Рахмет!!!