Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету модулі бойынша коучинг саба?ыны? жоспары


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша
коучинг сабағының жоспары
Күні: 28.10 № 1 коучинг
Сабақтың тақырыбы: Сабақ барысында оқушылардың қызыушылығын сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы арттыру
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-50 бет
Жалпы мақсаттары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары мен негізгі ұғымдарын таныстырып, ,әдіс -тәсілдері арқылы сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағыттау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұалімдер сын тұрғысынан ойлаудың әдіс–тәсілдерін меңгеріп,оларды сабақ барысында тиімді пайдалану.
Негізгі идеяларсын тұрғысынан ойлау - ойлау туралы ойлау
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1.Тренинг
2.Жеке жұмыс
3.Ұжымдық жұмыс
4. 6 қалпақ
Қажетті құралдар Интерактивті тақта, дыбысжазба
постер, маркер, стикер.
Коучинг сессия өткізу кезеңі
Уақыты
Коучтың іс-әрекеті Мүғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық ахуал 2 мин Мұгалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Топқа бөлу
3 мин Айдаһар, ханшайым, самурай көрінісі арқылы топқа бөлу Мұгалімдер ойнаған көріністері арқылы топқа бөлінеді.
1 мин Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.
Түсіну 4 мин «екі топқа екі тақырып беремін, біреуі «компьютер», «ақ мата не бола алады?» осы екі сөзге ойларындағын жазу керек.
Проблемалвқ сұрақ қоямын.
Мұгалімдер өз ойларындағы сөздерді қағаз бетіне түсіреді.
Қойылған сұрақтарға сыни ойланып, нақты дәлелмен жауап береді.
Мұғалімдерге түрткі сұрақ беру 6 мин Мұғалімдерге постер тарату
-Сын тұрғысынан ойлау дегенді қалай түсінесіздер?
-Қандай стратегияларын білесіздер?
Мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы қандай болу керек деген сұрақты постерге түсіреді.
Постерге сын тұрғысынан ойлау деген сөздің мағынасын ашады.мінсіз мұғалім мен мінсіз оқушы туралы салады топ мүшелері шығып таныстырады.
Теориялық материалдар 10 мин Сын тұрғысынан ойлау туралы презентация көрсетемін. Материалдар беріп таныстырамын.
Ашық сұрақ қоямын:Сіз сабаққа қалай қолданар едіңіз Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау туралы материалдармен танысады.
Бекіту 5мин Ақылдың алты қалпағы арқылы сабақ бекітіледі. Алты қалпақпен қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде біледі.
Рефлексия 2 мин Бейнежазба көру Көңілдері көтеріледі, жұмысқа деген құлшыныстары артады.
7. Кері байланыс 1мин 2-жұлдыз,1 тілек Өткізген: Тоқтархан С