Сыни т?р?ыдан ойлау модулі бойынша коучинг


Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша  коучинг сабағының жоспары.
Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары Мақсат:  Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49 б. Күтілетін нәтиже: Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады. Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, үлестірме қағаздар, суретшілердің суреті, түрлі-түсті стикерлер Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
«Болжау» стратегиясы,
«Ой толғау» тапсырмасы Дерек көздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Тапсырмалар: Топтық  талдау, болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру,  зерттеу Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің  іс-әрекеті І. Психологиялық ахуал туғызу
(2 мин) Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Топтарға бөлу Суреттер арқылы топқа бөлу  Қатысушылар суреттерді таңдай отырып, топқа бөлінеді.
«Болжам» стратегиясы
(15 мин) Топтарға бірдей тапсырма беріледі.Тапсырманың тақырыбы: «Қарлығаш».  Оларға тірек сөздері таратылады: қарлығаш, ұя, балапан, жұмыртқа.(Слайд). Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.  Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды. Топтардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін слайдқа «Қарлығаш» тақырыбына жазылған мәтін шығады (Слайд ) Әрбір топ тапсырмаларын қорғағаннан кейін басқа топтар бағалап отырады. Топтардың бір-бірін өзара бағалауында қиындықтар туындады. Себебі оларға алдын ала бағалау критерилері берілмеген. Осы жерде бағалаудың түрлерін, бағалау критерилеріне тоқталып, талқыланады. «Ой толғау» тапсырмасы
(10 мин) Топтарға  әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерге зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек. Әріптестерім ең алдымен жұпта, кейін топтың ішінде суреттерді талқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгенді туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады. Суреттерді қорғау (10 мин) Уақыт өткеннен кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды. Топтар өздерінің пікірін, көзқарасын білдіреді. Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі
(6 мин)
Қатысушыларға кері байланыс парағы ұсынылады. ( слаид)
   Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» коучингі бойынша кері байланыс парағы
«Бес саусақ» әдісі
1. Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 2. Балан үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3. Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 4. Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5. Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? Қатысушы:------------------------------------------------------------------------ Коуч Аманова С.М. 22.01.2016 жыл