АЛГЕБРАДАН АШЫ? САБА? аРИФМЕТИКАЛЫ? ПРОГРЕССИЯ


Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның n-ші
                                         мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты:       Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын  есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру.        
Білімділік: пән бойынша білім-білік дағдылары қалыптастыру.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін   бағалау.
Дамытушылық: теорияны практикамен ұштастыра отырып, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
 Тәрбиелік:    өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі:   жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ –жауап,практикалық әдіс
Сабақтың түрі: Аралас сабақ  
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,деңгейлік тапсырмалар
Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру.
                              ІІ. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап »
                                   (үй тапсырмасын тексеру)
                              ІІІ. Жаңа сабақ.
                              ІV.Жаңа сабақ бойынша тарихи мағлұматтар
                              V. «Кім жылдам ?» - деңгейлік есептер.
                              VІ. Үйге тапсырма.
                              VІІ. Қорытындылау .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап. (слайд)
1.Сан тізбегі дегеніміз не?
2.Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?
3.Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?
4.Арифметикалық прогрессияға мысал келтірІІІ.Жаңа сабақ. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойыншаa2=a1+d
a3=a2+d=a1+2d
a4=a3+d=a1+3d
a5=a4+d=a1+4d       an=a1+(n-1)d               1 Мысал:a1=-2 , d=0.5
Шешуі: a25=a1+24d=-2+24*0,5=10
2 Мысал:4 ,9,14,19,24,29….. .
a1 =4 d=5 an=304 an=a1+(n-1)d304=4+(n-1)*5
5*(n-1)=300
n-1=60
n=61
III. Тақырып бойынша тарихи мағлұматтар беру.
Ежелгі заманнан бастап адамзат арифметикалық прогрессияның заңдылықтарын қолдана бастаған.Б.з.д. III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Диофант Александрийский еңбектерінде қолданылған.
Грек математиктерінің көпбұрышты деп аталатын сандардың прогрессиямен байланысы, аудандарды, көлемдерді және мына түрдегі сан қатарын есептеу қызықтырды.
1=12 1=131+3=22 3+5=231+3+5=32 7+9+11=331+3+5+7=42 13+15+17+19=43 IV. Есептер шығару. Кітаппен жұмыс.
№165
3; 7; 11 d=4
a6=a1+5d=3+20=23
a30=a1+29d=3+29*4=3+116=119
№166
a1=130 d=-3
a4=a1+3d=130+3(-3)=121
a15=a1+14d=130+14*(-3)=130-42=88
Кім жылдам? Деңгейлік тапсырмалар орындау.
I деңгей
a1=-2 d=3 a6=?13 B) 14 C) 16 D)-16
-3; -6 ……арифметикалық прогрессияның 25-ші мүшесін табыңдар.
А) 69 B)-69 C) -72 D)-75
II деңгей14; 17; 20.......Арифметикалық прогрессия берілген.50 саны осы прогрессияның мүшесі бола ала ма?Егер болса нешінші мүшесі?
А) 13 B) 14 C) 10 D) 11
III деңгей
13 баспалдағы бар үй шатырына шығатын сатының ең төменгі баспалдағының ұзындығы 50см.Әрбір келесі баспалдақ төмендегісінен 1,5 см кем.Сатының жоғарғы баспалдағының ұзындығын табыңдар.
Қорытынды: Тест тапсырмаларын қорытындылау.
Сұрақтар бойынша сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: №169
Оқушыларды бағалау.