Жігіт с?лтаны Т?уелсіз елді? азаматтары т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің азаматтары» атты «Жігіт сұлтаны» байқауы.
   Мақсаты:  
  Көрнекіліктері: «   Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды
орналастыру.
1-    жүргізуші:
        Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, Қадірлі қонақтар!
Міне ,көзді ашып жұмғанша осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздікке жету –оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Ел болам десе, бесігіңді түзе « Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлтының жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»- деген елбасымыз ( Н.Назарбаев)
Бүгін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының қарсаңына орай өткізулі отырған «Тәуелсіз елдің азаматтары » атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігерлі,білімді жігіттер сайысына қош келіпсіздер.
Ортада 2-4 сынып оқушылары Тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын оқиды. оқылады.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға,
2-    жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
Бүгін жігіттің сұлтаны сайысына қатысып, нағыз ер жігітке лайық білімдерін өнерлерін ортаға салуға келген сайыпқырандарымызды қошеметпен ортаға шақырайық Қарсы алыңыздар!
1.5 «Ә» сыныбының оқушысы Қаржаубай Олжас
2 Әуесбек Өркен
3. 5 «А» Тагиров Сулхадин
4. 5 «Б» Мубарак Арнат
5. 5 «В»Ахмедов Анварь
6. 6 «Ә» Бошиев Нұрсұлтан
7. 6 «А»Гасанов Агит
8.6 «Б» Абдуллаев Азиз
9. 7 «Ә» Құттыбай Ақылжан
10. 7 «А»Бадыров Муса
11. 7 «Б» Гамидов Иса
12. 8 «Ә» Пашалиев Аслан
13. 8 «А» Османов Абдулхамид
14.9 «А»Рызгулов Азиз
1-жүргізуші:
«Тәуелсіз елдің азаматтары » байқауының қатысушы сайыпқырандарының ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары Тулегенова Шолпан Ахметовна
2. Директордың құқұқтық тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары Тастанбекова Бекгүл Тұрғынбайқызы
3.Бахтыбекова Галия Мейрамбековна.
4.Алимбекова Робия Саденовна
1-жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат,- дей отырып,
«Тәуелсіз елдің азаматтары » сайысын әдемі бір әнмен бастасақ .
10 «А» сынып оқушысы Шахзодаева Зубейданың орындауынд « Қазақстаным » әні. қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- дей келе құрметті көрмермен қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
І. Бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. ( бұл жерде жарысқа түскен қатысушылар өздерін таныстырады)
ІІ. Бөлім «Тәуелсіздікке арнау…» тәуелсіздік туралы мәнерлеп өлең оқу.( Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мәнерлеп тәуелсіздікке арналған өлең оқиды)
ІІІ. Бөлім «Сегіз қырлы,бір сырлы...» өнер сайысы. ( бұл жерде қатысушылар өз бойындағы өнерлерін ортаға салады)
ІҮ. Бөлім  «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» сұрақ –жауап сайысы ( бұл жерде қатысушылардың білімі тексеріліп сынға түседі, әр түрлі сұрақтар қойылады)
Ү. Бөлім. 
1-жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді- деп, «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру сайысын бастайық.
Бірінші болып өзін таныстыратын
1.5 «Ә» сыныбының оқушысы Қаржаубай Олжас 2 Әуесбек Өркен
2. 5 «А» Тагиров Сулхадин
3. 5 «Б»Мубарак Арнат
4. 5 «В» Ахмедов Анварь
5. 6 «Ә» Бошиев Нұрсұлтан
6. 6 «А»Гасанов Агит
7. 6 «Б» Абдуллаев Азиз
8. 7 «Ә» Құттыбай Ақылжан
9. 7 «А»Бадыров Муса
10. 7 «Б» Гамидов Иса
11. 8 «Ә» Пашалиев Аслан
12. 8 «А» Османов Абдулхамид
13. 9 «А»Рызгулов Ариф
2-жүргізуші:
«Тегімді менің сұрасаң...» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші
Тәуелсізбін ,тәуелсізбін, мен бүгін!
Келді міне, азаттығум , теңдігім.
Бостандықта ойым менен санам да,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!-дей келе екінші бөлім сайыскерлеріміз тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап жыр шумақтарын жатқа айтады.
1.5 «Ә» сыныбының оқушысы Қаржаубай Олжас 2 Әуесбек Өркен
2. 5 «А» Тагиров Сулхадин
3. 5 «Б» Мубарак Арнат
4. 5 «В» Ахмедов Анварь
5. 6 «Ә» Бошиев Нұрсұлтан
6. 6 «А»Гасанов Агит
7. 6 «Б» Абдуллаев Азиз
8. 7 «Ә» Құттыбай Ақылжан
9. 7 «А»Бадыров Муса
10. 7 «Б» Гамидов Иса
11. 8 «Ә» Пашалиев Аслан
12. 8 «А» Османов Абдуллхамид
13. 9 «А»Рызгулов Ариф
Сайыскерлеріміздің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
1-жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,- дей отырып, сайысымыздың «Сегіз қырлы,бір сырлы...»  бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші:
  Бұл бөлімде сайыскерлеріміз өз өнерлерін ортаға салады. ( ән ,би,күй)
Әділқазылар бағасын берсін.
1.5 «Ә» сыныбының оқушысы Қаржаубай Олжас 2 Әуесбек Өркен
2. 5 «А» Тагиров Сулхадин
3. 5 «Б» Мубарак Арнат
4. 5 «В»Ахмедов Анварь
5. 6 «Ә» Бошиев Нұрсұлтан
6. 6 «А»Гасанов Агит
7. 6 «Б» Абдуллаев Азиз
8. 7 «Ә» Құттыбай Ақылжан
9. 7 «А»Бадыров Муса
10. 7 «Б» Гамидов Иса
11. 8 «Ә» Пашалиев Аслан
12. 8 «А» » Османов Абдуллхамид
13. 9 «Ә» Шынболат Димаш
14. 9 «А» Рызгулов Ариф
2-жүргізуші:
Ей, ер жігіт,ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп сайысымыздың соңғы бөлімі жігіттеріміздің білімін сынайтын кезеңіне келіп те қалдық.
Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата-салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жылдар – жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі,
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгінгі мен өткені. –дей келе кезекті сайыскерлерімізге берейік.
Ортаға сайыскерлер шығып сұрақтарын алып жауап береді.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтар: .
1.Қазақ халқының тарихында қандай хандар,
батырлар, билер, шешендер өткен?
(Хандар: Абылай. Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір, т. б.)
(Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар, т. б.)
(Шешендер: Жиренше, Бөлтірік, т. Б).
(.Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т. б.)
6. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
(Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.)
7. Төрт түлік малды ата.8. Түйенің сүтін ата.9. Киіз үйге жарық қайдан түседі?10. Сәби баланың төсегін ата.11. Ер жігіттің бес қаруын ата. 
(Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)12. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.13. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам14. Балдан тәтті кім? (бала)
15. Үйдегі алтын адам кім?
16. ҚР Тәуелсіздікті қашан алды?
17. 1992 жыл 2 қазанда ғарышқа ұшқан
қазақ ғарышкері кім?( Т. Әубәкіров)
18. Үш биді атаңыз.
19. Биенің сүті
20. ҚР ның президенті кім?
21.Бала жүре бастағанда жасалатын  салт
22.Күз айларын ата
23. Астана қай өзеннің жағасында
орналасқан?
24. 1 аптада неше күн бар?
25. Әбілхан Қастеев кім?
26. 1 жылда неше ай бар?
27. ҚР Мемлекеттік Әнұранының
авторларын ата ?
28 Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)
29 Тазалық- (денсаулық кепілі) 
30 Отан – (оттан да ыстық. )
1-жүргізуші
- Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, !
  Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне  тірелер болсақ, «Жүйріктен
жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.Сарапшылар шешім қабылдағанша әсем әнеге кезек береміз.
7-сынып  «Қазақ жігіттеріне»
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
2-жүргізуші:
- Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз жігіттер бәрі де тамаша өнер көрсетті.Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
1-жүргізуші:
  - Өркендерің өссін, мейірлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
 
ЮЗЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХәл-Фараби орта мектебі
Жігіт сұлтаны


Дайындаған: Джуманбаева А.К.
Есенкулова М.О.
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ