Жа?а жыл ерте?гілігі Бейнеу селосы Манашы б?бекжайыУтарбаева Жанар Бакбергеновна


Жаңа жыл мерекесіне орай зал іші әсем безендірілген. Қонақтар жайғасып отырғанша үнтаспадан әсем әуендер топтамасы ойнатылып тұрады.
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар мен балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр жанұяға бақ-береке ала келсін.
Ақ көңілім айналды, аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын жаңа жылда-дей, келе жаңа жылдық «Жасыл шарша жанында» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Безеніпті шырша да,
Түрлі моншақ таққандай.
Көз тоймайды қараса,
Ойыншықтары көп қандай.
Ал, балалар бәріміз,
Қол ұстасып алайық.
Шыршамызға бәріміз,
Көңілді ән салайық.

Ән: «Шыршаға бардық ». Орындайтын: топ бүлдіршіндері
1.Жаңадан таппақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақҚайырмасы
2. Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық
3.Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жылға енді
Жүргізуші: Ендеше, осы әдемі де көрікті шыршамызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік
Айдана: Келді міне, жаңа жыл,
Қуанайық қарсы алып.
Асыр салып ойнайық,
Шырша айналып, ән салып.
Айболат: Қандай әсем шыршамыз,
Ойыншықтары әдемі.
Бақшамызға әкеліп,
Қойып кеткен кім еді?
Дана: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны,
Той маскарад бастылды,
Аяз оны басқарды.
Айзере: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Бақдаулет: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Ерасыл:
Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ат келеді
Жаңа жылда сәбилерге,
Сыйлық әкеп береді.
Жүргізуші: Әкелді жыл ырыс құт,
Әлемде той тыныштық.
Ән салайық тамаша,
Би билейік жаңаша-дей, келе ортаға биші бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Би: «Шырша» . Орындайтындар: Айдана, Айымгүл, Айзере, Дана, Кәусар,Аяулым,Дана, Аягөз.
Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Р Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ақ таяғы қасында
Ойын күлкі жанында
Күтеді оны шартарапСый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетінОл кім?
Балалар: Аяз атаЖүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапарданАяз ата оралып.
Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.
Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап
Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән таратАқшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі
Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.
Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?
Маша мен аю күрсінеді.
Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.
(Балалар таңқалысты.)
Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.
Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)
Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.
Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.
Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)
Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)
Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.
Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.
Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.
Ойын ойнап би билейік.
Есіктен дауыстар естіледі.
Жүргізуші:Балалар, сырттан дауыстар естілетін сияқты. Мүмкін бұл дауыс біздің көптен күткен қонақтарымыз болар. Олар адасып басқа балабақшаға кетіп қалмас үшін бәріміз бірге Ауу-Аяз ата –деп дауыстап шақырайық.
Қағып тұр жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің,
Бақыт пен ырысыңды, несібеңді
-дей келе, кеш қонақтарын қошеметтеп қарсы алайық.
Ауу-Аяз ата! Ауу-Аяз ата! Ауу-Аяз ата!
( «Jingle bells» әуенімен ортаға кеш қонақтары келеді).
Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым,балғыным,
Өмір гүлім,шалғыным
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден-саулығың.
Амансың ба,ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Сәлем, достар, аман ба?
Келіп жеткен сендерге,
Ақшақармын арайлы.
Жауған аппақ қарымен,
Қуаныш елге тарайды.
Балалар, қандай әдемі киінген. Мерекелік көңіл күйлері де тамаша екен. Ой, мына шыршаларың неткен әдемі ойыншықтармен безендірілген. Бірақ шамы неге жанбаған? Ата, мына сиқырлы таяғыңызбен шыршаның шамын жағып, кешімізді одан әрі жарқырата түсейік.
Аяз ата:Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат,

(Шырша шамдары жанып, кеш әрі қарай жалғасын табады).
1-Жүргізуші:Ата Ақшақар төрлетіңіз. Біздің балалардың сізге дайындаған өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Дед мороз». Орындайтын: топ бүлдіршіндері.
1Дед мороз дед мороз
Деткам елочку принес (2-раз)
А на ней фонарики
Золатые шарики(2-раз)Дед мороз дед мороз
Деткам слодасти принес (2-р)
Вафли ораматныеИ конфеты мятные (2-раз)
Жүргізуші: Ендеше, осы әдемі де көрікті шыршамызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік

Айымгүл: Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлады.
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Ерасыл: Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ат келеді
Жаңа жылда сәбилерге,
Сыйлық әкеп береді.
Нуриман: Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз ата, ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Дана: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып жылтыр боп жатады

Серік: Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Аягөз: Қорықпаймын аяздан

Шымшысада бетімді
Аппақ қарды кешемін,
Киіп алып етікті.
Сырғанақты тебеміз
Аю: балалар біз Маша екеуміз сендермен бірге ойын ойнағымыз келіп тұр.
Маша:балалар ойынның аты: «Дәлдеп ұр»
Би: «Көңілді аяз аталар» . Орындайтындар: Данияр,Ерасыл,Али, Айдар,Айболат,Данияр,Мэлс,Сүндет,Серік.
Жүргізуші: Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін,
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін
-дей келе жыл 12 ай, 12 жыл айналып келгенше биылғы жылымыз мешін жылын қошеметпен шығарып салайық.
Мешін: Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен ескі жылмын
Елде жерде табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жылды» қарсы алайық.
(әуенімен ортаға Жаңа жыл келеді).
Тауық жылы: Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын,
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Жүргізуші: Ендеше, Жаңа жылға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік
Аяулым: Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл.
Ерасыл: Ах, какой хороший,
Добрый дед Мороз !
Ёлку нам на праздник,
Из лесу принес

Толқын: Всем очень хорошо
Весело сегодня.
Потому что к нам пришел,
Праздник новогодний.
Қанат:
Новый год идет по свету,
Пусть заходить в каждый дом.
Мы празднике чудесном,
Песню весело споем!
Темірлан:
Шанамызға мінеміз
Мәз мейрам боп жүреміз
Жарысамыз бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
Жүргізуші: Жаңа жылда жаңаша,
Болсын қызық, тамаша.
Билеп, ән сап атамызды,
Қуантайық балаша.
Ән: «Aяз ата». Орындайтын: топ бүлдіршіндері
1.Борандатып,аққарлатыпАқ көңілмен пәк көңілмен
Аяз ата келеді Бізге сәлем береді
Қ- сы
Аяз ата,аяз ата
Сені күтіп жүрдік біз
Тоңпаң қағып арқаланып
Келеріңе сендік біз. 2.Сақалы ақ,мұрны қызыл
Жылы екен жүзі де,
Кірпігі ақ,ерні қызыл
Мейрімді екен көзі де

Қ- сы
3.Қолда таяқ,маймақ аяқ
Қорбаң,қорбаң етеді
Жүгіргенде жеңіл аяқ
Желді қуып жетеді.
Би: «Жұптар».
Жүргізуші:Балалар, біздің аяз атамыз бен ақшақарымыз асығып отыр екен. Баратын тағы да көптеген балабақшалары бар екен. Келесі сөзді аяз ата мен ақшақарға берейік.
Аяз ата: Барлықтарың білімді де, ақылды, өнерлі екенсіңдер. Біздің сендерге арнаған сыйлықтарымыз бар. (балаларға сыйлық таратады). Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал, енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Балалар сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Қош, болыңдар!
Ақшақар:Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,
Бара жатыр қараңғы күн нұрланып.
Шырқай берсе таусыла ма әніміз,
Бір тарқайық үйімізге қуанып.
(Аяз ата,ақшақармен қоштасып, шығып кетеді).
Жүргізуші:Құрметті ата аналар, балалар сіздерді тағы да келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, табыс тілейміз. Жаңа жыл құтты жыл болсын! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігі аяқталды. Қош, сау болыңыздар!

ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX
Счет: KZ83926140218C625004
ГККП «Манашы бөбекжайы»
БСН 111040001786
БИК KZKOKZKX Счет: KZ83926140218C625004