Наурызда?ы тілек саба? жоспары


Әдебиеттік оқу 28.02.2017
сәрсенбі - 10.00 – 10.45 Токенова Айсауле Токенкызы 2 «Қ» сыныбы
10 кабинет
Сабақтың тақырыбы «Наурыздағы тілек»
Сілтеме Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Әдебиеттік оқу ”2 сынып , Алматы, ”Атамұра ” 2013 жыл, Авторы:Б.Қабатай. С.Рахметова.
Жалпы мақсаты Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану.
Күтілетін нәтиже - Ұлыстың ұлы күні наурыз туралы түсінік қалыптасады;
- Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру,
-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту
Негізгі идеялар Шыншылдыққа, әділдікке, турашылдыққа, сөз өнері қадірін ұғынуға тәрбиелеу
Дереккөздер Интернет деректері, сайттар, ресурстар, суреттер, наурыз батаға арналған бейнебаян, аудиожазба.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
4 минут
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Сақина салу» тренингін өткіземін Оқушыларда ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Жылы лебіздер айтып, әр оқушының уысына қағаздар тастау арқылы сабақты жақсы көңіл-күймен бастауға ықпал етеді. Қағаздағы жазуларды оқып, өзінің тобын табады.
1 – топ: «Жеті қымбат»
2 - топ: «Жеті жоқ»
3 – топ: «Жеті қазына»
Бағалау туралы түсіндіріп жіберу
1 минут Топ ережесін қайталау. Топ басшысының бағалауымен жүзеге асырылады. Бағалау парағы Әр топта топ басшысы бағалау парағында берілген критерийлер бойынша топ мүшелерін бағалайды.
Қызығушылықты ояту
3 минут «Киелі 7 саны» туралы түсініктер беру.
Әр топ мүшелері өз топ атауына байланысты берілген сөздерді ретімен орналастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
10 минут Нұрқасым Қазыбеков «Наурыз көже» мәтіні.
«СМС» әдісі бойынша топтық тапсырма.
Әр топ үш сұрақтан дайындайды. Келесі топ оқушылары сол сұрақтарға жауаптар жазады. Сұрақ та, жауап та СМС арқылы жазылады. Дайын жауаптарын оқиды.
«Ойлан, топтас, талқыла!»
5 минут Сөзжұмбақ «Наурыз көже»
1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай.
2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
4. Қатықтан жасалатын тағам.
5. Наурыз көжеге қосылатын дән.
6. Қасиетті дәм
7. Наурыз көжеге қосылатын дән.
8. Ұлттық сусын
9. Еттен ішекке тығылып жасалатын ұлттық тағам.
10. Мал өнімінің негізгі түрі. Сөзжұмбақ «Наурыз көже»
н а у р ы з
б и д а й у ы з қ ұ р т т а р ы т ұ з к ү р і ш к ө ж е ш ұ ж ы қ е т Сергіту сәті «Қош келдің, Наурыз!» караокемен ән айту Бірге қосылып, қайталап орындайды.
ІІІ. Мағынаны тану
«Зерделі сөзге
зер сал!»
4 минут ІІІ. Жаңа сабақ.
«Наурыз бата» жайлы бейне- үзікке назар аудару «Наурыз мейрамын» тойлауда ұлттық ойындар ойнаудан басқа, наурыз көже пісіруден басқа қандай әрекеттер жүзеге асады екен? Бейнеүзіктің соңындағы Қыдыр атамыздың берген бата тілегі біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз.
Бейнеүзікті тамашалай отырып, аудио арқылы «Наурыздағы тілек» өлеңін бата ретінде тыңдайды.
Ой қозғау
«Даналық ойдан
дән ізде»
7 минут Әр топ өлеңнің бір шумағын мәнерлеп оқып, талдау жасайды
Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасың!
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасың!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазанында қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыннан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін дәулет қасыңнан!... «Наурыздағы тілек» өлеңін оқып, мазмұнын ашып талдайды. Әр сөздің мәнін түсіндіреді
Ой тұжырым
«ВЕНН диаграммасы»
4 минут
Наурыз мейрамы сияқты тағы қандай мерекелерді тойлаймыз.
Екі мейрамды салыстыра отырып Венн диаграммасын толтыру Наурыз Жаңа жыл
Қорытындылау
2 минут «Бір айналым сөйлем» әдісі арқылы қорытындылау Бүгінгі сабақтан түйгендерін бір айналым сөйлеммен айтып шығады.
Бағалау
2 минут Топ басшыларының критерийлер бойынша бағаланған парағының ортақ бағасын шығару Топ басшылары қорытынды қорытынды бағаларын қояды.
Үйге тапсырма
1 минут 172 – 173 бет жаттау, 5-тапсырма Күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия
2 минут «Қазақтың дастарханы» оюларды дұрыс орналастырса сабақ ұнады, дұрыс орналастырылмаса ұнамады. Оюларды дұрыс орналастыру арқылы дастархан құрау. Дайын дастарханда отырып «Наурыз көже» ішу.