Биле, биле, кел биле сыныптан тыс шара


«Биле, биле, кел биле»
( мектепішілік сайыс)
Мақсаты: Оқушыларды би өнерінің түрлерімен, би қозғалыстарымен таныстыра отырып эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр - сырын үйрету.1-жүргізуші:Қайырлы кеш құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі мектепішілік мектепалды даярлық топтарының ұйымдастыруымен өткелі отырған  «Биле, биле,кел биле» атты  сайысымызға қош келдіңіздер!Бұл сайысқа 0 а-0 б-0 в-0г-0 д-0 е сыныптардан құралған бишілер тобы қатысуға тілек білдірді. Мектебімізде арнайы би үйретуші мамандардың жоқтығына қарамастан, би билеуге деген балалардың ынта – ықыласы, құштарлықтары өте жоғары. «Болмасаңда ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» дегендей бүгінгі би сайысына қатысушы топтар үшін қол соғып қошемет көрсетейік.
2 - жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.1 - жүргізуші: Келесі кезекте өнер көрсететін... 0а мектепалды даярлық тобының «Көңілді күн»...биімен......қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті Тұрғали Дилярның орындауындағы «Меркем» әнімен ортаға шақырамыз. - Диляра, бәрекелді, сен әніңді тамаша орындадың!1 - жүргізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?2 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан Өнері судай тасыған Келесі біздің бишіміз Көрінген көштің басынан.2 - жүргізуші: Алдарынызда.....0 в мектепалды даярлық тобының «Ойыншықпен қоштасу».. биімен......қарсы алыңыздар1 - жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.2 - жүргізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой. 1 - жүргізуші: Олай болса балалар үнемі би билеп шынығып жүрейік.2 - жүргізуші: Сайысымыздын келесі 0 е мектепалды даярлық тобының«Флешмоб».. биімен......қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Білім қуған, өнер қуған сарқыраған,
Бүлдіршіндер сендер ғой жарқыраған.
Көтеруге көңілдерін қауымның
Жарқ етіп көрінеді сахнадан-деп келесі кезекті Ихсанова Айарудың орындауындағы «Бала тілегі» әнімен ортаға шақырамыз. - Айару, бәрекелді, сен әніңді тамаша орындадың!
Ойын: «Көңілді әуен»2 - жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген-бәйтерегі өмірдің. Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. Ана деген- асыл жандар болаттай Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай-сонымен... 0г мектепалды даярлық тобының «Менің анам». биімен..қарсы алайық.
1 жүргізуші: Би десе барын салатын, Құмары содан қанатын. Биле, кәне, достарым, Кезекті сізге жолдадым - деп келесі кезекті 0Д мектепалды даярлық тобының «Ұлдар мен Қыздар». Биімен қарсы алайық.
- Оқушылар, жарайсыңдар, билерің жақсы болды, менің көңілімнен шықты2- жүргізуші: Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастырайық Қуанып жасымыз да, кәріміз де, Саламыз шаттық әнге бәрімізде. 0б мектепалды даярлық бишілерін ортамызда, « Жаса Қазақстан» биімен шақырамыз.1жүргізуші: Осымен «Биле, биле» сайысы өз мәресіне жетті. Күнде жиын бола бермес дәл осындай, Күн сайын өзгереміз, өркендейміз. Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен, Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз. 2 - жүргізушіӘр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі, өнері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен ана әлдиінен, ананың қасиетті сөздерінен қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.