Білгір химик (саз маманды?ына арнал?ан зияткерлік сайыс)


Білгір химик (зияткерлік сайысы)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.Тәрбиелік: Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.Сайыстың жоспары:1. Сұрақ – жауап2. Формула жаза білесіңбе?3. Жұмбақ шешу.
4. Полиглот
І кезең. «Сұрақ – жауап»
1. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?( иод)2. Ең жеңіл металл( литий)3. Иодты қай жылы, кім ашты?( 1811 ж. Крутуа)4. Отынның жануы қандай құбылыс?( химиялық)5. Тұз қышқылының формуласы (HCI)6. Фторды қай жылы, кім ашты?(1886ж. Муассан)7. Сұйық металл(сынап)8. Электртерістілігі ең төмен элемент(Цезий)9. Жетінші топ элементтері (галогендер)10. Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі(атом)11. Хлорды қай жылы, кім ашты?(1774 ж. Шееле)12. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
( амфотерлі)13. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім?(Г. Кавендиш)14. Сөндірілмеген әк( кальций оксиді)15. Суда еритін негіздер қалай аталады?(сілтілер)16. Электртерістігі ең жоғары элемент(Фтор)17. Ең қатты металл (хром)
18. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
19. 8 топ негізгі топша элементтері қалай аталады (инертті газдар)
20. Тығыздығы ең жоғары металл (осмий)
ІІ кезең. Формула жаза білесіңбе?Интерактивті тақтадан оқушыларға заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.1. Көмірқышқыл газы - СO22. Магний оксиді - MgO3. Кальций гидроксиді - Ca (OH) 24. Тұз қышқылы – HCL5. Кальций силикаты - CaSiO36. Озон – О37. Магний гидрокарбонаты - Ma(HSO3) 28. Аммиак - NH39. Фосфор қышқылы - H3PО410. Метан - CH411. Күкірт қышқылы H 2SO412. Күкіртсутек - H2S13. Кальций карбонаты -Са CO3
ІІІ кезең «Жұмбақ шешу».
1.Сыныптан шықпайды,
Тимесең жұқпайды,
Жәрдемінсіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды .......
2.Тынысым, ырысым,
Ол жоқ жерде,
Жойылмақ жүрісім ........
3.Сым болып ұзақ созылып
Өткізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен .......
4. Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.Балқытам деп мені қиналды көбісі,Қазақстан әлемде кенім жөнінен бірінші .......
5.Суды микробтан тазартам
Мақтаны қардай ағартам
Жап жасыл газ боп алынам
Адамға мен бағынам ......
ІV кезең «Полиглот»
1. Арпа бидай ас екен......., күміс тас екен (Алтын - золото - аурум)2. Ең жеңіл элемент болып саналадыПериодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)3. .......... қызған кезде соқ (темір – железо - феррум)4. Өзім газбын менімен демаласынЖоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)5. Осы затпен ескі үйді аластайды,Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)6. Өзі ауыр металға жатады,Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
7. Тіршілікті ешқашан қолдамайдыСондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум)
Қорытынды: жинаған ұпай сандары бойынша оқушылар марапатталады.