Биология ?лемінде сайыс (сыныптан тыс шара)


Биология әлемінде.
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Биология әлемінде » атты кешімізге қош келдіңіздер! Биология –түпсіз терең зор ғылым,Қамтитұғын тіршіліктің барлығын.Адам менен өсімдік,жануарлар дүниесін,Зерттейтұғын тарауымен әр бірін.Зерттей білсең әр ғылымның саласын,Тауып тұр ғой табиғатпен жарасым.Оқысаңдар бұл ғылымды тереңдепЗор біліммен үлкен ләззат аласың! «Биология әлемінде» атты сайысымызда 3-топ өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып,тапқырлығы мен қасиеттерін көрсетпекші. Қошеметпен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. 1-ші «Қызғалдақ» тобы , топ басшысы Тұрман Назерке , 2ші «Жауқазын» тобы, топ басшысы Болатқызы Мөлдір,3ші «Бәйшешек»тобы, топ басшысы Бәкібекқызы Фариза.Осы сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазы мүшелерін сайлап алайық.1.Ұлықпанова М2.Шатанов Қ 3.Игисинова ГБілімді мыңды жығады,Білікті бірді жығады.Алдағы білім шыңына Ең білімді топ шығады- дей,келе І кезең «Бәйге» бөлімін бастаймыз. « Бәйге» кезеңінің шарты: Әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Сұраққа сол әріптен басталатын жауап берулері қажет.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.1минут уақыт беріледі.5сұрақ қойылады. Ф Х Э «Ф»Мечников ашқан құбылыс (фагоцитоз)Күн сәулесінің әсерінен жапырақта болатын құбылыс (фотосинтез)Өсімдіктер әлемі (флора)Тарихи даму (филогенез)Витаминді ашқан ғалым (Функ)
«Х»Бір жасушалы балдыр (хлорелла,хломидомонада)Гендерді тасымалдап,тұқымқуалау қасиетін тасымалдайтын органойд (хромасома)Желілілерді басқаша қалай атайды? (хордалылар)Өсімдікке жасыл түс беретін пластид (хлоропласт)Виноградский ашқан процесс (хемосинтез) «Э»Жасуша ішіне қоректік заттардың енуі (эндоцитоз)Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым (этология)Тұқымның қоректену ненің арқасында жүреді? (эндосперм)Тауық балапанының ұлпасынан табылған органод (эндоплазмалық тор)Тироксиннің құрамындағы иод жетіспеушілігінен туындайтын ауру (эндемиялық зоб)
ІІ кезең. Сандар сыры.Бұл кезеңде оқушылар әрбір сұрақты таңдап, жауап береді.Сұрақтарда сандар көрсетілген,оқушылар соның мәнін ашу қажет. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1300-1400г 33-34 67 млн жыл бұрын 17.6 кДж
38.9 кДж 200
600

5 98%
2% 1665ж 1856-1865ж. 35 жылдан соң

1сұрақ : Адамда ненің салмағы 1300-1400г Жауабы: Мидың салмағы. 2 сұрақ.: Адамда ненің саны 33- 34 Жауабы: Адам омыртқасының саны 3 сұрақ: 67 млн. жыл бұрын қандай заман қалыптасты? Жауабы:Осы күнгі кайназой заманы қалыптасты. 4сұрақ: Қандай органикалық заттар ыдырағанда 17,6кДж, 38,9 кДж энергия бөлінеді Жауабы:1г май мен 1г көмірсу,нәруз ыдырағанда бөлінетін энергия5 сұрақ: Адамда 200 және 600 не бар? Жауабы: 200 сүйек,600 бұлшықет бар6 сұрақ : Омыртқа бөлімдерін ата Жауабы:мойын,арқа,бел,сегізкөз,құйымшақ. 7 сұрақ:Жасушаның 98%н не, 2%ын не құрайды? Жауабы:Макроэ\р,микроэ\р 8 сұрақ: Биолгия үшін аса маңызды қандай терминин 1665 ж кім енгізді? Жауабы: Р.Гук жасушаны ашқан жыл. 9 сұрақ: Қай ғалым 1856 жылы бұршаққа тәжірибе жасап 1865 жылы аяқтады. Онда ол генетика ғылымын анықтады. Бірақ арада 35 жыл өткен соң ғана 1900 жылы генетика ғылымы қалыптасты. Жауабы:Г.Мендель
ІІІ кезең. «Ғажайып төрттік» . Бұл кезеңде биология ғылымының әр саласы бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар қалаған ұяшықтарын таңдап, жауап береді. Ұпай саны ұяшықтың сыртында жазулы. Сұрақ таңдаған топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады. Өсімдіктер5 ұпай. 1920-1930 ж өсімдіктану оқулығының авторы Ж.Күдерин 10 ұпай .мақтаның ұрық шашатын тұқымы шит.15 ұпай. Өсімдіктің көбею мүшелері гүл,жеміс,тұқым20 ұпай. Жер асты,жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер. терофиттерЖануарлар. 5 ұпай. Құйрықты қосмекенді саламандра10 ұпай. Ең алғаш бауыр неде пайда болды? ұлуда15 ұпай. Тамағын ішегінен тыс қорытатын жәндік өрмекші20 ұпай.Тамақ өнеркәсібнде пайдаланылатын микроорганизмдер қалай аталады? Ашытқы бактериялар Адам ағзасы. 5 ұпай. Қалқанша безден бөлінетін гармон тироксин10 ұпай. Донардан қан алатын адамды қалай атайды? рецепиент15 ұпай. Қан топтарын ашқан ғалым К.Ландштейнер20 ұпай. Ауаға толы өкпе көпіршігі қалай аталады? альвеола Жалпы биология5 ұпай. Жасушаның макроэлемент\ін ата нәруыз,липид,көмірсу,нуклейн қыш 10 ұпай. Полисахаридтерді ата крахмал,гликоген,целлюлоза15 ұпай. Құрылыс қызметін атқаратын нәруыз гистон20 ұпай. ДНҚ-ның екі еселенуі редупликацияІV кезең. «Мені түсін» ойыны. Бұл кезеңде әр топ жеке жеке шығады. Топ басшысына бір сөзді айтамын ол тобындағы қатысушыға сол сөздің атын атамай балама сөздермен түсіндіруі қажет. Мүмкіндігінше биологиялық тілмен. Топ басшысынан басқа қатысушылардың құлақтарына құлаққап кигізіп қоямыз. 1,5 минут уақыт беріледі. Сөзді тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.Қолданылатын сөздер: Дәуіт,бегемот,қолтырауынV кезең. Кімнің еңбегі? Бұл кезеңде кім бірінші қол көтереді, сол оқушы жауап береді.Сол оқушы жауап бере алмай қалса жауап беру мүмкіндігі ІІ топқа ауысады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.1. Адам мүшелерінің 800ден астам суретін салған ғалым Леонардо да Винчи2. «Биология» терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым кім? Ж.Б.Ламарк3. Тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым кім? В.О.Ковалевский 4. Көмірсу терминін ашқан ғалым К.Шмид5. Тұңғыш рет 1736 ж бидай ұнынан нәруыз алған ғалым Я.Беккори 6 Эндоплазмалық торды тапқан ғалым кім? К.Портер
Көрермендер көмегіҚай ғылым саласы? Бұл кезеңде әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.Дұрыс жауабын тапқан оқушы таңдаған тобына өзінің ұпайын береді. 1.Жасушаны зерттейтін ғылым? цитология2.Жануарларды зерттейтін ғылым? зоология3. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? гельментология4. Қынаны зерттейтін ғылым? лихенология5. Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым? антропология6. Құстарды зерттейтін ғылым? орнитология7. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым? Кардиология 8. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? энтомология9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? Микология10. Балықты зерттейтін ғылым? ихтиолгияVІ кезең.Терминдер. Тақтадан қалаған ұяшықтарын таңдап алып термин сөздердің анықтамасын айтады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 1. Селекция (өсімдіктердің жаңа іріктемелерін,жануарлардың бағалы қолтұқымдарын, микроорганизмдердің қажетті штамдарын алу әдістері туралы ғылым саласы.)2.Генетика (өзгергіштік пен тұқымқуалаушылықты зерттейтін ғылым) 3Пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар)4Онтогенез (организмнің жеке дамуы)5Мутация (кездейсоқ пайда болған тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер)6. Популяция (белгілі бір географиялық аймақта тіршілік етуге бейімделген генетикалық шығу тегі бір ,бір түрге жататын даралар жиынтығы)7. Гермофродит (қос жынысты) 8.Эукариоттар (ядросы толық жетілген организмдар). 9Анаэробтар (оттексіз ортада өмір сүретін ағзалар)VІІ кезең. Ең,ең,ең ... Дұрыс жауап 3ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады. І топқа 1. Ең алып құс түйеқұс 2. Ең әдемі құстауыс3. Ең ежелгі астық дақылы бидай4Ең жуан ағаш боабаб5.Ең ұзақ ұйықтайтын кірпі ІІтопқа 6.Ең жүйрік аңқабылан7. Ең биік ұшатын құсұлар 8 Өте тез өсетін өсімдік бамбук9.Ең үлкен жемісасқабақ10.Ең биік ағашэвкалипт ІІІ топқа 11Ең кішкентай өсімдік вольфия12. Ең үлкен гүлрафлезия13. Ең тісі көп ұлу(25000)14.Ең үлкен кемірушікапибара 15 Ең тереңде өсетін балдыр қызыл балдыр
VІІІ кезең Миға шабуыл.Топ басшылар сайысы. 1 минут уақыт беріледі. Әрбір сұрақ 3 ұпаймен бағаланады. Үш топбасшыға да бірдей сұрақтар қойылады. Сондықтан біреуі жауап берген уақытта қалған екі топбасшыға құлаққап кигізіп қоямыз.1. Наруызда неше аминқышқылы бар 202. Адамдағы хромосома саны 463.Бие сүтінен дайындалатын қышқыл сусын қымыз4. Вирус қазақша не деген маңғына береді? У5. Кеуде қуысымен құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшықет көкет6. Жасушаны тапқан кім? Р.Гук7. Әйгілі тары өсіруші Ш.Берсиев8. Әйгілі күріш өсіруші Ы.Жақаев9. Қан беруші адам донор10. Нейронның қысқа өсіндісі дендрит11. Пластидтер нешеге бөлінеді? 312. Микроскопты ойлап тапқан әкелі-балалы Янсендер13. Жасушасы жоқ ағза вирус14. Хлоропластың қызметі жасыл түс беру15. Күн энергисының қатысуымен болатын құбылыс фотосинтез.16. Генетика «атасы» Г.Меньдел Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Әділқазы мүшелері есептеп болғанша залдағы оқушылармен ойын ойнайтын боламыз.Ортаға екі оқушы шығады. Өздеріне көрсетпей маңдайына сурет байлаймыз. Екінші оқушының бинелеуі бойынша өзін табу қажет. Жеті жоқты шеше отырайық.1. Таста ... жоқтамыр 7 . Балықта ... жоқ қабақ2. Тасбақада ...жоқ талақ 8. Жыланда ... жоқ аяқ3. Аққуда ... жоқ сүт9. Құста .... жоқ тіс4. Жылқыда ... жоқ өт 10. Акулада ... жоқ торсылдақ5. Итте ... жоқ бұғана сүйек 11. Сиырда ... жоқ күрек тіс6. Бақада ... жоқ қабырғаОсымен бүгінгі «Биология әлемінде» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!