«Математика ?лемінде» сайыс саба?


Асамбаева А.Ж.
«Ақши орта мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі
«Математика әлемінде»
Мерзімі: 01.02.2017ж
Мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін теңдете, пысықтай отырып, білімге құштарлығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, оқушыларды ізденушілікке, ептілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.
Өту түрі: Топтық сайыс сағаты
Типі: Ойын түрінде
Көрнекілігі: безендірілген акт залы, слайд, шарлар.
Сайыстың барысы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға “Математика әлемінде” атты сайысымызды ұсынбақпыз.
Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын. Олай болса, бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.
Ойынымыздың құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:
__________________________________________________________________________________________________________________________________
Математика ғылымдардың патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - дей келе «Математика әлеміне» аттануға шақырамын. Бірақ балалар ол әлемге бару үшін «Алтын көпірден» аман-есен өтуіміз керек. «Алтын көпірдің» шарттары математикалық формулаларды барынша көбірек жазу.
Математика 4 амал негізінде,
Туындатқан талайдан келбетінде.
Жұмбақ әлем болғанмен ей замандас,
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.
Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам түйін.
Болашақ білім-ғылым тұқтқасында,
Мұны әркім әрқашан ұстасында.
Заманның компьютердей кезеңінде,
Математика тағы тұр көшбасында.
«Математика әлеміне» Қош келдіңіздер!
Бұл әлемдегі ойынды бастамас бұрын ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 5 кезеңнен тұрады:
Жоспары:
“ ЖОРҒА” логикалық сұрақтар
“ОЙЛАН ТАП” ойыны“Математикалық хоккей” ойыны
“ ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК”
«Кім тапқыр»
Алғырлар, тапқырлар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де – есеп,
Ауырсаң, іше-тұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Ал, қанекей І кезең «Жорғаны» біз бастайық,
Қайсысы үлкен 7 ме әлде . (7)
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы оның гипотенузасының квадратының қосындысына тең деген теорема Декарт теоремасы ма?( Жоқ, Пифагор теоремасы)
3,5 таяқтың неше ұшы бар?(8)
Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, сан неше рет өседі?(11)
Алманың жартысы неге ұқсас? (Екінші жартысына)
«Математика – барлық ғылымдар патшасы» жолдарының авторы кім? К.Гаусс
40 м-де неше км бар? (0,04 км)
Тік төртбұрыштың неше симметрия өсі бар?екі
Үшбұрыштың бұрышын қақ бөлетін және сол төбесін қарсы жатқан қабырғамен қосатын кесінді? (биссектриса)
Үшбұрыштың бір төбесінен шығып, қарсы жатқан қабырғаны қақ ортасынан бөлетін кесінді биссектриса деп атала ма?( жоқ, медиана)
Геометрия сөзі грекшеден аударғанда «жер өлшеу» деген сөзден шыққан ба?ия
Шаршының 4 симметрия өсі бар.Келісесің бе? Ия
Бөлшек сандардан тұратын сандар жиыны рационал сандар жиыны деп атала ма?ия
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасына тең бе?ия
Кубтық теңдеу төртінші дәрежелі теңдеу ме?( жоқ, үшінші)
Екі еселенген шеңбердің радиусын диаметр деп атай ма?ия
Ыбырай Алтынсарин «миллион» сөзін қазақ арасына алғаш таратты ма?ия
Түзуге берілген нүктеден бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады ма? Ия
14 квадраты 169 – ға тең?(жоқ, 196)
Берілген бұрышты қақ ортасынан бөлетін сәуле медиана деп атала ма? жоқ, биссектриса
Алгебра сөзі арабшадан аударғанда «Әл жебр» деген сөзден шыққан ба?ия
√64 + √25 өрнегінің мәні √89 -ға тең бола ма?жоқ, 13
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын!
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын –дей отырып, сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
ІІ. “ОЙЛАН ТАП” ойыны. Ойын шарты: Ұяшықты кезекпен-кезек таңдаймыз. Сұрақты оқимыз. Ойлануға 15 секунд уақыт беріледі. Жауабын тексереміз. Кезек келесі топқа беріледі. Бір дұрыс жауап – 10 ұпай.
Білім дегенің биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім дегенің ақылшың
Қиындықтан өткізер- деп
ІІІ кезең. “Математикалық хоккей”. Берілген есептің әрбір амалын топтағы оқушылар кезекпен орындайды. Бір есеп – 30 ұпай.
1-есеп. Шаңғышы 12 км жолды жүргендегі жылдамдығын 3 км/сағ-қа арттырып, тағы 30 км жол жүрді. Егер барлық жолға 3 сағат уақыт жіберсе, шаңғышының бастапқы жылдамдығы неге тең.
2-есеп. Шаңғышы 45км жолды жүргендегі жылдамдығын 3 км/сағ-қа кемітіп, тағы 24 км жол жүрді. Егер алғашқы жолға 1 сағат артық уақыт жіберсе, онда шаңғышының алғашқы жылдамдығы неге тең.
IV кезең. «Үлкен жетілік» Бұл кезеңде жеті топ сұрақ бар, әр топта 3 сұрақтан берілген. Бірінші болып ұпай санын аз жинаған топ жауап береді. 1-ші сұрағы 1 ұпай, 2-ші сұрағы 2 ұпай, 3-ші сұрағы 3 ұпай, барлық сұраққа дұрыс жауап берсе 6 ұпай жинайды.
V тур.«Кім тапқыр» сайысы
Математикалық жұмбақтарды шешу (1 мин. уақыт беріледі). Әрбір дұрыс жауапқа 3-ұпай беріледі.
VІ. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.
Жеңімпаздар марапатталады.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Ақши ауылы.