Конспект по казакскому литературу на тему Ескендір


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасыСабақ мақсаты:Білімділігі: А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын оқытып, идеясын ашу, кейіпкерлерге мінездеме   беру.                            
Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету, сөйлеу    мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікір қалыптастыра білулерін дамыту, оқушының образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке,имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Сабақтың жабдығы:  интербелсенді тақта, слайд.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:Жаңа сабақты  меңгеру кезеңі:
Кіріспе сөз. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Сандар сөйлейді:
1845 жыл – Абай дүниеге келген жыл.
1870 жыл – Петербургтен жер аударылып келген, Е.П.Михаэлиспен танысады.
1885 жыл – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
1886 жыл – Өлеңдерін өз атымен жаза бастайды.
1890-1898 жыл – «Қара сөздерін» жазды1886 жыл – «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазды.
1886-1890 жыл – жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазды.
1875 жыл – сайлауда жеңіске жетіп, үш жыл болыс болады.
1889 жыл – А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударған
1904 жыл – Абай дүниеден өткен жылСалыстыру
Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен  Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктер
Шығыстың Ескендір Зұлқарнайы
І. Ескендір бейнесі жағымды болып суреттелді.ІІ. Он сегіз мың ғаламды билеушіІІІ. Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр,әрі қолбасшы ретінде дәріптелді.IV. Ақылшысы –Қызыр пайғамбар болды.
V. Қай қаладан екені, айтылмайды.
Абай Құнанбаевтың поэмасында
- Ескендір бейнесі қатал тойымсыз қанішер қолбасшы болып суреттеледі.   - Ақылшысы - Аристотель.- Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.
«Кубизм» әдісі бойынша поэманы талдау                                                        
Баяндаңыз: 1. Поэма дегеніміз не? Қай тілден шыққан? Поэмадағы оқиға желісін ретімен баяндау
Зерттеңіз: Аристотель кім?
Ғалым,  грек ойшылы,Ескендір тәрбиешісі,Энциклопедиялық еңбек авторы
Ескендір Зұлқарнайын кім?
Ел жаулағыш,зұлым паша, тойымсыз,көрсеқызар
Талдаңыз.  Поэмаға талдау жасау.    
Авторы: А.Құнанбайұлы
 2.Тақырыбы: Ақын Ескендір туралы аңызды өмір шындығына жақындатып толғаған.
3.Жанр түрі: поэма
4.Идеясы: Зұлымдықты мансапқорлықты, қатыгездікті әшкерелеу.            
5.Шумақ саны: 42                                                                                                  
 6.Тармақ саны: 168                                                                                              
 7.Бунақ саны: 3                                                                                                      
 8.Буын саны: 11,12 буынды                                                                                  
 9.Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы                                                                            
10. Шығарманың композициялық құрылымы:
Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Әрең дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
Шиеленісуі:Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар  жағынан келген сый.
Шарықтау шегі: Сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотель ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
Шешімі:Қанағатсыз, тойымсыз адам көзі, тек өлгенде топыраққа тояды.  
Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр. Ескендір – батыр емес. Оқушылардың жауабы.
Ұсыныс: Ескендірдің орнында болсаң, қандай іс-әрекет жасар едің?                                                       Біздің арамызда Ескендірдей адамдар бар ма?
Ой толғаныс: Оқушы шығармашылығы. Өлең немесе ой-толғау, кейіпкерге хат жазу;
«Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.
Мәтіннен үзінді Ой-тұжырым  мазмұнға сәйкес
мақал- мәтел
Долдықпен  хан  Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос
 
Қанша алтынды күміспен салсадағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармадыАрпа -бидай ас екен,
Алтын –күміс тас екенЖақсы болсаң жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды? Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын! Жақсы ай мен күндей, Баршаға бірдей.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Толмас көзің толар деп қайғы жемеҚанағат – қарын тойғызады,
Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.
Өзі тойғанымен, көзі тоймас.
Семантикалық картаны толтыруШығарманың атыАвторы КейіпкерлерІс-әрекеті Адами қасиеті
«Ескендір» поэмасыА.Құнанбаев ЕскендірЖағымсыз әрекеттері көпНашар    Аристотель Ақыл-парасат иесіЖоғары
    Күзетші Ескендірдің өзіне лайықты сый бердіЖоғары
Сабақты қорытындылау:
Абай “Ескендір” поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
- Пендешіліктен арылуға,- Иманды болуға,- Арлы болуға,- Қанағат етуге,- Ашкөзділіктен сақтануға,- Ойланып іс жасауға,- Күлкіге қалмауға.
«Саты» әдісі арқылы қорытындылау.
Есімде қалған 3 факт
2 қызықты мәлімет
1 сұрақ
Бағалау.
Үйге: «Ерлік жасай білесіз бе?» тақырыпта шығарма жазу