Открытый урок по казахскому литературу М.Ауезов К?ксерек


Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 13.01.2015ж Сынып: 7 «А» Пәні: әдебиет Мұғалімі: Ережепова Ж.М
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Сілтеме: Оқу мерзімдік жоспар, бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқау
SMART мақсаты: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу;Адамдар мен көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір – біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру..
Күтілетін нәтижелер: 1.Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.2.Топтық жұмыста өзін – өзі реттей алады.3.Диалогтік қарым – қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзетіп, салыстырады.4.Әңгіменің идеясын жан-жақты талдайды.
Ресурстар Оқулық, А 3 қағаздар, түрлі түсті маркерлер, АКТ, бағалау парағы, үлестірмелі қағаздар.
Сабақта қолданатын стратегиялар: ой толғаныс, миға шабуыл, постер, түрткі болу сұрақтары, серпілген сауал, кубизм, диалогтық әдіс, рефлексия
Оқыту әдістері: Жеке жұмыс, жұппен жұмыс , топтық жұмыс
Сабақ барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика
3 топқа бөлу.Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.
Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі.
Миға шабуыл
1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу. «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
Кубизм.
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе – кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Оқушылар топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасы бойынша әр оқушы М. Әуезов туралы ізденіс жұмыстарын айтып береді.
Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді..
Адам – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.Қасқыр – жыртқыш, ит – құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитарыТабиғат- құбылыстар, тау, тас, күн, ай, жер, жануарлар,өсімдіктер
Үй тапсырмасы бойынша әр оқушы М. Әуезов туралы ізденіс жұмыстарын айтып береді.
М.Әуезов

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.1. Көксерек Қараадыр ауылында.2. Көксерек – түз тағысы.3. Жекпе – жек.
1.«Көксерек» шығармасының идеясын түсінеді.2. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын біледі.3.Оқушылар өз пікірлерін әңгіме желісімен талдайды.4.Оқиғаның мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.
ІІ. Сергіту сәті Презентация қосылады. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен билейді. «Қызыл өрік»
ІІІ. Ой толғаныс
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс – әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Қорытынды «Серпілген сауал»
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жазушы неге үндейді?.
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы – Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
Рефлексия.
«Бағдаршам» Кері байланысЖасыл -маған сәтті болғаны...
Тоқ сары – менің алған әсерім..
Қызыл -сәтсіз болған тұстары...

Үй тапсырмасы Үйге тапсырма беру«Менің әңгімеден алған әсерім». Эссе
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал – мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Бағалау
Өзін-өзі бақылау күнделігі бойынша бағалау, формативті бағалау