План по казахскому литературу на теру К?ксерек (7 класс)


№5 Алға орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:


(Сабақ-телехабар)
7 «А» класс
Мұғалім : Рита Оразбайқызы Бектұрғанова
2012-2013 оқу жылы
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы:М Әуезов «Көксерек» хикаяты .Адам мен аң
тартысы
Сабақтың білімдік мақсаты: «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың
тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі
жазушының шеберлігін таныту
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін
күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін
дәлелдеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: 1. Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген
көзқарасты қайта қарау;
2.Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;
3.Мамандыққа баулу.
Сабақтың түрі : Іскерлік сабағы
Өткізу тәсілі: Іскерлік ойын. Телехабар. «Соңғы жаңалықтар»
монолог жазу, пікір қорғау, образға ену,
Пәнаралық байланыс: Психология, әлем әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд
Сабақтың барысы:
Сабақ белсенділері:
Білім министрі, Жазушылар
Мәжіліс төрағасы, Ақын
Мұражай қызметкері Диктор
Тілші Суретшілер
Рита Оразбайқызы Бектұрғанова
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Алға облыстық балалар үйі орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары және мектеп қонақтары! Эфирде - «Балдәурен» арнасы. Бүгін күн желтоқсанның 22-сі, Студияда мен Рита Оразбайқызы. Бүгінгі сабақтың басты мақсаттары:
- «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың озбырлық жолға түсуін суреттеудегі жазушының шеберлігін тану;
-Аң мен адам арасындағы тіршілік үшін күрестің қиын да күрделі әрекет екенін дәлелдеу;
-Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты өзгерту; шәкірттердің іскерлік,біліктілік қабілеттерін дамыту;мамандыққа баулу
Күші десең, күші бар,
Белестен шыққан бесті ит,Тісі десең, тісі бар.
Бүкір келген желісті ит.Торуылдап ауылды
Бейғам елді іздейді,Түнде жортар ісі бар.
Малдан күдер үздейді.
(Қасқыр)
(Диктор Бочаров Төребек)
Саяси жаңалықтар:
Диктор: 7- сынып белсенділері бүгін «Табиғатты қорғау туралы» заңды талқылады. Мәжілісті мәжіліс төрағасы Алманбеотов Жанат жүргізді. Заң жобасын эколог оқушы Бермұратов Бақытбек әзірлеп әкелді. Заң жобасын талқылағын оқушылар ішінара өзгерістер енгізу арқылы Заң жобасын бекітуге болады деп шешті.
(Заң жобасын талқылау Табиғатты қорғау ережелерін жазып келген оқушы өзінің жазағанын оқиды, басқа оқушылар өз пікірлерін қосады. Төраға дауысқа салады)
Табиғатты қорғау заңы.
Жер – біздің ортақ үйіміз. Оның бетіндегі тіршілік
иелері – біздің бауырларымыз. Біз олар үшін жауаптымыз. Ол үшін:
Ауаны ластамау керек, құбырлардан шығатын түтінге шектеу қою керек.
Әр үйдің қоқыс салатын жәшігі болу тиіс. Оны қаладан шығарып, арнайы орынға төгу керек.
Өлекселерді қаладан шығарып, лақтырып тастамай, жерге көму жөн.
Өсімдіктерді жұлмау керек. Қайта олардың өсуіне жағдай жасау керек.
Тал егу, гүл өсіруді көбейту.
Құзғындар мен жыртқыш аңдарды өлтіре бермеу керек.
Басқа ақушылар:
Техниканы бір күнге тоқтатып алу жөн болады.
Өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхитты мұнай қалдықтарынан тазартып, балықтар мен жәндіктердің өмір сүруіне көмектесу керек.
Қызыл кітапқа енген аң мен құсты, өсімдік пен жәндіктерге тимеу тиіс.
Бұлақтардың көзін ашқан жөн. Табиғатты қорғауға жердің әр тұрғыны міндетті.
Үй тапсырмасын сұрау
Диктор: Бүгін біздің сыныптың оқушылары үй тапсырмасын сот залында орындайды. Сол жерде тұрған тілшімізбен тікелей байланысқа шығамыз.
(Тілші) Жеміс:
Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялады.Прокурор сөз алып, «қылмыстың оқиғаға» қысқаша шолу жасады, осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтты.
Ақтаушылар Көксеректің ауыл иттерінен,ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардың соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп,адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы ,өз қандастары бар екенін айтып өтті. Ендеше саттың өту барысын бірге көрелік.
(Ақтаушы) Әсемгүл: Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау –таста өмір сүру керек,бұл – табиғат заңы.Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар.Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де,бөрілік табиғатына тартып,екі аяқты пендемен өштесіп өсті.Себебі ол – қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті.Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
(Қаралаушы ) Ақберген: Құрмаш Көксеректі қатты жақсы көрді,оны тамақтандырып, күтті,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатты,ауыл иттерінен қорғады. Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарды,оны жазалау керек .
(Ақтаушы)Әсемгүл:Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.Себебі ол – тағы.Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады.Мысалы:Көксеректің дене бітімін суреттегенде « зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дөңкейіп,жон жүндері үрпейіп алған», « зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап,жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дартқысы келмеді», «қорқ –қорқ» асайды, «қылқ – қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт – кірт сындырады», «дүр – дүр еткізіп келеді» - бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,жойқындық бар»,«әлі күнге бір жадырап ойнап көрген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада,елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестемен суреттеледі.Мұның барлығы тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән,мінезіне тән әрекет жасады.
(Айыпталушы Көксерек ) Марат: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:
1)адамдар менің ұяластарымды өлтірді;
2)ата – анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;
3)өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы көрдім.
Ақтаушылардың қорытынды сөздері:Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не?Қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті дедік.Сонықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.
Адам,жануар – табиғат жаратылысы.Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді.Қасқыр жыртқыш та болса тіршілік иесі.Адамдар осыны түсіну керек еді.Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру – адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатігездігін көреміз,қиянатшы екенін байқаймыз.Ойланбай істеген істің опық жегізетіндігін көреміз.Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді,қасқырды соймақшы болғанына көнбеді.Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
(Адвокаттар кеңесінің тұжырымы) Андрей: Құрмаш өлімінің басты кінәлі Көксерек емес.
(Сот үкім шығарады) Навруз:Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі.Көксерек , біріншіден,тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан оны мұндай қылыққа итермелеген – адамдардан көрген жәбір – жапасы.Адамдар «Еккенің тікен болса,орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген.
(Тілші) Жеміс:Көксерек күшік емес,бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата – бабалар даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкен әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатты. Сіздермен болған мен Қазиева Жеміс Арнайы «Балдәурен» арнасыүшін.
Мәдени жаңалықтар
Диктор: Бүгін біздің сыныпта жас жазушылардың байқауы өтті. Онда жас қаламгерлер шығармадан алған әсерлерін өлеңмен өрген ендеше бірге тыңдайық
Индира Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері,
Жабылыпты Көксерекке көп төбет.
Айтжан Бөрі-дағы бөрілігін жасапты,
Қасқырдайын көріп пе едің қасапты?
Тамақберіп күтіп - баққан Құрмашты Жауыз қасқыр аямай-ақ асапты,
Диктор: Бүгін біздің сыныпта М Әуезовтің «Көксерек» хикаяты бойынша оқушылар салған суреттерінің көрмесі болды. Көрмеге жас суретшіле Марат, Бақытбек, т б суреттері қойылды. Бұл туралы тілшіміз Қазиева Жеміс баяндайды.
Мысалы, көрерменге: Сізге қай сурет ұнады? Не себепті ұнады? Бұл сурет Көксеректің мінез-құлқын бере алған ба? Мына сурет қай эпизодты бейнелейді? Суретшіге: Бұл сурет арқылы қандай ой айтқыңыз келді?
Әдебиет жаңалықтары
Диктор: Әдебиет жаңалықтарымен таныс болыңыздар. Мұғалім Рита Оразбайқызы қасқыр туралы түрлі әдебиетке шолу жасайды
(Оқушы Джек Лондонның «Ақ азу» хикаяты, Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы туралы айтып береді)
- Американ жазушысы Джек Лондон ХІХ ғасырда «Ақ азу» деген хикаят жазған. Онда қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған . М Әуезов осы шығарманы оқыған соң, қарсы пікірде қасқырдың адамға дос емес, жау екенін дәлелдегісі келіп «Көксеректі» жазды. Себебі далада мал бағатын қазақ үшін қасқыр - қырдың жауы. Ал М Әуезовтің шәкірті Шыңғыс Айтматов бұл туралы өз шығармасын жазды. «Жан пида» деп аталатын романда қасқырдың қасқырлық жолға түсуіне адамның өзі кінәлі деген ой түйді. Бұл үш шығарма да - классикалық әдебиеттен орын алатын шығармалар. Ал қасқыр туралы келесі шығарманы кім жазады? Ол - болашақтың ісі.
Спорт
Диктор: Бүгін біздің сыныптың «Арлан» және «Көкжал» топтары кездесіп, Көксерекке мінездеме беруден футбол жарысын өткізді..Бұл туралы жас спорт сарапшысы Пьянзин Навруз баяндайды.
«Көкжал» «Арлан»
Көксерекке мінездеме
Ашқарақ Ашулы
Долы Ызақор
Жыртқыш Арам
Кекшіл Төзімді
Қыңыр Күшті
Есеп------------- есебімен ---------тобының жеңісімен аяқталды Жас сарапшы Пьянзин Навруз
Жарнама
Жарнамаға жас ақын Русских Марат Мұхтар туралы өлеңін оқиды.
Тұмшалаған бұлдыр күн сірә батты,
Артыңыздан мөлдіреп бұлақ ақты.
Талай қазақ сіз қалдырған сөз өнерін
Көзіңіздей бағалап келе жатты.
Әр сөзіңнен жүрекке бақ тарады.
Тілін ұрпақ Мұхтардың жаттар әлі.
Мұхаңның дарынымен дархан қазақ
Қай ғасырда болса да мақтанады!
Ауа райы болжамы
Диктор: Ауа райы болжамымен Мұғалім Р.Оразбайқызы таныстырады. Ал мен сіздермен қоштасамын. Жақсы күндерде жақсы жаңалықпен кездесейік!
(Қазақстан картасы ілінеді. Оған қала орнына балалардың аттары жазылады. Мысалы: Бүгін 7- «а» сыныбында ауа райы жақсы болады. Себебі біз негізгі мақсатымызға бірлесе жеттік. Көксеректің осындай жолға түсуіне себеп болған жағдайларды білдік.Осыған ат салысқан оқушылар бар, соларды бағалайық. --------- бүгін сабаққа белсене қатысты сондықтан 5° ыстық, --------- 4°жылы,- деп түсінік беріп бағалайды)
Ертеңгі бағдарлама
Яғни үйге берілетін тапсырма :
2-3 абзац үзінді жаттау:
«Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):
Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау
Қорытынды:
Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
Қымбатты балалар, бізді манадан бері толғандырып, ойландырып, айтыстырып отырған әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов. Оның «Көксерек» әңгімесі. Оның жазушылық шеберлігі.Осындай талантқа таң қалмасқа, сүйсінбеске болмайды.
Ертеңге кәміл сенген абайлықтар,
Мұхтар мен Абай артқан талай жүк бар.
Жаз сайын құлпырғанмен мынау өңір,
Шіркін-ай, туар ма екен Абай, Мұхтар!