«?ыры? ?тірік» ертегісіндегі Тазша баланы? тап?ырлы?ы»


Новенький жалпы орта Новенький жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша баланың тапқырлығы»
Мұғалім: Губашева Айгуль Куатовна
Сынып: 5
2015 жыл
Сынып 5; Пән аты –Әдебиет
Cабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша баланың тапқырлығы Сабақтың мақсаттары: білімділік: ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерге талдау үлгілерін үйрену дамытушылық:салыстыру, көркем бейнелі тіркестерді тапқызу арқылы ізденгіштікке, Тазша бейнесін сомдау арқылы әртістікке, өз ойларын жүйелі жеткізуге баулу тәрбиелік. кейіпкер бойындағы байқампаздыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, шешендікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақКөрнекі құралдар: кубизм Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасы «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы сұралады.
Ертегіні мазмұндау, бөлімдерге бөліп ат қою.
Сұрақтар қою арқылы:
Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себбебі неде?
Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті?
Жаңа сабақ:
І. Қызығушылықты ояту.Мұғалім: Оқушылар, бізге ертегілер әлеміндегі Тазша баладан хат келіпті. Хатында«Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! «Қырық өтірік» ертегісін оқып, менің тапқырлығыма, шешендігіме тәнті болған шығарсыңдар. Тұрмыстық, шаруашылық заттар мен жан - жануар, жәндіктер, яғни табиғат әлемін қисыннан қиыстырып, әңгіме, өлең құрастырдым. Бұл менің көп білетіндігім, білімділігім. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білімді болу қажет. Менің басқа да қырларым өте көп, сіздерді ертегілер әлеміне терең еніп, үлгі алуға шақырамын» депті. Ендеше Тазша бейнесін жан - жақты талдайық.
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісіІ. Мінездеу. ( Тазша балаға мінездеме жасау)ІІ. Салыстыру (Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)ІІІ. Зерделеу (Тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріпжазу)ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )
МінездеуБатыл, өжет,тапқыр,шапшаң,шешен,білімді,ақылды
Салыстыру. Венн диаграммасы- Тазша бала (ерекшелігі)- Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды- Хан алдына өзі келді- қиялшыл
ҰқсастығыЕкеуі де хан бұйрығын орындадыЕкеуі де тапқырЕкеуі де ақылдыАяз би (ерекшелігі)- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.- Ханның алдына уәзірлері әкелді- сыншышешенбатыл
Зерделеу. Үмітсіз шайтан, «Ер еңбегіне бір тойсын», біте қайнаған замандас
Бейнелеу.Ертегідегі қырық өтіріктің суретін көз алдыңа елестетіп, бояумен суретін сал.Сабақты бекіту: ІІІ. Толғаныс. Автор орындығыМұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Тазша бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Тазша бала болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Тазша болғысы келеді.(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
Үйге тапсырма беру: Тазша баланың өтірік өлеңінен 3-4 шумақ жаттау.
Өтірік өлең құрастырып келу
Бағалау.