Адам болам десе?із…. саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз....
Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, үйрету. Әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап талдау.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, мақалдар жазылған плакаттар, «құпия хаттар», ойын сөздері, асық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Балалар бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз етпекпіз.Сұрақ:
Әдептілікке деген не? Оны қалай түсінесің?
Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
Әдепті бала болғың келе ме?
Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
Әдепсіз бала қандай болады?
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
ІІІ. Енді, әдептілік туралы сендер не айтар едіңдер?Оқушылардың тақпақтары.
1-оқушы:
Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
2- оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
3- оқушы:
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс айқай-шу
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
4-оқушы:
Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.
5-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
6-оқушы:
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің.
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
7-оқушы:
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай аяқ-табақты,
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны ұста сол қолмен,
Нанды үгітпе,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
8- оқушы:
Салма аузыңа инені,
Үзбе, жұлып түймені.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып.
Құр бекерге қылқима,
Болмашыға бұртима.
9-оқушы:
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр, қаңғыма.
10-оқушы
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін,
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
2. «Не істеуге болмайды?»Мұғалім бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыруы керек.
. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
. Кішкене баланы жылатуға болмайды.
. Құстарды атуға болмайды.
.Сабақтан кешігуге болмайды.
.Сыныпта айқайлауға болмайды.
«Не істеу керек?»
. Үлкен кісіні сыйлау керек.
. Үлкеннің тілін алу керек.
. Үлкендерге сәлем беру керек.
. Оқу құралдарды күтіп ұстау керек.
3. Мақалдың жоқ сөздерін табу.
4. Жағдаяттан шығу.
5. Жақсы тілек айту.
6. Адамгершілік ережелерімен таныстыру.
7. Қорытынды:«Кірпіш пен шырақ» осы сөздер бар өлең жолдарын тауып, жатқа айту.