Затты? т?рін, т?сін, сынын білдіретін с?здер!


Сабақтың тақырыбы: Сын есімСабақтың мақсаты:Өткен сабақта алған зат есім, етістік туралы білімдерін нығайта отырып, сын есімнің мағыналық түрлері жөнінде жан – жақты түсініктер беріп, білімдерін жетілдіріп, ой – өрістерін кеңейту., сөздік қорларын дамыту. Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білуге ықпал етуНегізгі идеялар:- Оқушыларды сыни, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыру;- Белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік беру;- Балаларды сауаттылыққа баулып, шапшаңдыққа, уақытты ұтымды пайдалануға, қорытынды жасауға бағыт беру.Күтілетін нәтиже: Пәндік нәтиже: сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.Тұлғалық нәтиже: берілген тапсырмалар бойынша салыстыру, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдана білу; өз күшіне деген сенімділігін арттыру;Жүйелі – әрекеттік нәтиже: сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:Топтық жұмыстар, ізденушілік бағыттағы тапсырмалар, «Ыстық орындық», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Ақылдың 6 қалпағы»Оқытуда қолданылатын модульдер СТО, ЖЕСО, ОмОЖТ, ТжДБО, АКТ, ОК, ОүБ ОБНегізгі дереккөздері: « Қазақ тілі» 3 - сынып Атамұра 2014ж.Ғаламтордан қосымша суреттер мен мәліметтерРесурстар: Интербелсенді тақта, ватман қағаз, маркерлер, стикерМұғалімнің іс - әрекетіОқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызуЖануарлардың аттары бойынша топқа бөлемін. Сонымен қатар олардың іс - әрекеттерін жасап, көрсетулерін сұраймын.Сабақ барысына бағыт беруЭлективті (таңдамалы)Тест 1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:А) зат есімӘ) бастауышБ) баяндауыш2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалсаӘ) бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалсаБ) Бастауыш та, баяндауышта сын есімнен жасалса3. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?А) Тұрлаусыз мүшелерӘ) Тұрлаулы мүшелерБ) Анықтауыш мүшелер4. Баяндауыштың сұрақтарын тап.А) кім? не? кімдер? нелер?Ә) қандай? кім?Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?5. Бастауыштың іс - қимылын білдіретін сөзді тап:А) етістікӘ) зат есімБ) баяндауыш6. Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле.А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт7. Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле.А) Ала Ә) Ана Б) Ант8. Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле.А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ9. Негізгі түбір сөзді тап.А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз10. Етістікті тап.А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге11. Заттың санын білдіретін сөзді тап.А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші12. Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай?13. Жалқы есімді тап.А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз14. Тәуелдеулі зат есімді тап.А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі15. Туынды сын есімді тапА) Сөзбен Ә) Сөзшең Б) СөзгеОқушылармен жеке әңгімелесу. Мұғалім оқушылармен түсіну деңгейін тексеру үшін жеке әңгімелеседі.«Ыстық орындыққа» шыққан оқушыға әр топ оқушыларынан сұрақ қою техникаларын пайдалана отырып, сұрақ қоюын қадағалаймын.(Ережелерді сұрау)Ырғақты әуенге қимыл - қозғалыс жасауға.бағыттаймын.«Артығын тап» дидактикалық ойын ұсынады.1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау.2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.Қалыптастырушы бағалау жасап отыру.- Бұл сөздер қандай сөз табына жатады? Неліктен?Түсіндіру жұмысын жүргіземін.«Қолмен белгі беру» техникасын қолданамын және қалыптастырушы бағалау жасап отырамын.- Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөз табын (СЫН ЕСІМ) дейміз.- Сын есімнің сұрақтары (ҚАНДАЙ? ҚАЙ?)- Туынды сын есім (ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАНУ) арқылы жасалады.- Түбір сөзден жасалған сын есімді (НЕГІЗГІ СЫН ЕСІМ) дейміз.- Негізгі сын есім, туынды сын есім болып (ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ)- Дара сын есім, күрделі сын есім болып (ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ)Жаңа сабақты түсінуіне пысықтау жұмысын жасаймын.Сурет бойынша жұмыс жасату (Қандай?)Оқулықпен жұмыс жасату1 - жаттығу бойынша жұмбақ жасырады.- жұмбақты шешуге қандай сөздер көмектесті?- олар заттың несін білдіріп тұр?2 - жаттығу бойынша суретпен жұмыс жасатамын.- Күн қандай?- Аспан қандай?- Жапырақтар қандай?Керекті сөздерді пайдалану: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.Өздік жұмыс жасату3 - жаттығу«Қияр» тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындатамын.І топ Қияр туралы жұмбақ құрау.ІІ топ Сипаттау мәтінін құрауІІІ топ Қияр туралы өлең шығару.ІV топ Әңгімелеу мәтініҚалыптастырушы бағалау жасап отыруОқушылардың еңбегін қолпаштау4 - жаттығуды орындатуОйын арқылы мазмұнын меңгеруге ықпал ету.Допты оқушыға лақтырып, «алма» деген сөзді атаймын, оқушы оны қағып алып «қызыл»деген сөзді айтып допты қайтарады. Ойын осылайша басқа сөздермен жалғастырыла береді.5 - жаттығуды орындатуСуретке қарай отырып, әрқайсысының мазмұнына лайықты сөйлемдерді таңдап алуды тапсырамын. Жазу критерийлерін назарға ұстау.• Сауатты жазу• Көркем жазу• Таза жазу«Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыныБерілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.Қалыптастырушы бағалау жасап отыру- Сын есім туралы не білеміз?- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.Кері байланыс алу«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс алу.Жиынтық бағалау.Үйге тапсырма бер