А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру жолдары


Бекмагамбетова Г.М.
Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебінің
ағылышын тілі пәні мұғалімі



Шығармашылық есеп
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары
Оқу процесінде жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту қажеттігі мен оны дамытудың қажеттігі мен дамытудың қажеттігі белгілі. Бұл үшін мұғалімнің ізденісін талап етіледі.
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру қажет.
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту  мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері - олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында  алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған  оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
     Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
1.Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс, видеоүзінді, ребус, жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау.Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты;  конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты.
Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру.4. Оқу материалының
тұсаукесері – ақпараттық технологияны, электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану.
5. Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану.
6. Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады [1]
Әр оқушыда қиындық туғызатын тілдік барьер болып табылады. Осы орайда екі тілдегі дыбыстардың үндестігі, айырмашылығын білу маңызыды.
Мысалға алғанда
Қазақтың /ө/, ағылшынның [ә:] дыбыстары
Бұл дыбыстардың естілуінде түк айырмашылық жоқ. Сөйте тұра кейбір артикуляциялық өзгешеліктері сақталған. Бұл өзгешелікті елемеу кейде қалыпты жағдайдан белгілі бір ауытқуға әкеп соғуы ықтимал. Ағылшынның [ ә:] – сі езулік дыбыс. Ол айтылған кезде еріндер созылып, алдыңғы төменгі тіс пен жоғарғы тістің азғана бөлігі ашылады. Қазақ тілінде /ө/ еріндік дыбыс болып табылады.
/ө/ айтылған кезде еріндер дөңгелектеніп, сүйірлене түседі, төменгі жақ мейлінше жоғары көтеріледі.
Ағылшынның [ә:] дауыстысы әрқашанда созылыңұы /first, heard/, ал қазақтың /ө/-сі ықшам /қатаң дауысссыздың алдында -өт, өсу/ әрі созылыңқы / сонар және ұяң дауыссыздардың алдында :өр, төл, өзім/
бола алады.Созылыңқы [ә] дауыстысы айтылған кезде сөйлеу мүшелері тапжылмайды; жақ төмен түспейді, тіл мен еріннің қалпы өзгермейді, [ ә:]/ні келте қайыру бұл дыбысты ағылшынның /е/ дауысты дыбысына айналдырып жіберуі мүмкін.
Бұл дауыстыларды айту үшін қажетті болған сөйлеу мүшелерінің қалпын салыстырмалы түрде талдағаннан кейін ағылшынның [ә:]-сін қазақтың /ө/ -сімен артикулялық жағынан қарама-қарсы бағыттай отыра пысықтау керек.
Қазақша Ағылшынша
өнім earning
төн turn
өс earth
бөл bird
нөсер nurse
/ө/ дыбысы қазақтың /о/ дыбысының жіңішкерген түрі екенін ескеру қажет./ бол,бөл/ және ағылшыншасынан өзгешілігі - көрші дауыссызды жіңішкертетіндігі.
Айту үшін ең қиыны [ә:] дауыстысын соның алдындағы ағылшынның қос ерінді [w] ызың дыбысымен /work, wormy, word/ тіркестендіру болып табылады. Сөйткен кезде еріндер дөңгелектеніп, қазақтың /ө/-сін айтқандағыдай сүйірленеді. Бұл ағылшынның езулік
[ә: ] дауыстысын қазақтың еріндік /ө/ дауыстысына ұқсатып жібереді. Бұл жағдай болмау үшін [w-ны артикуляциялаған кезде еріннің сүйірленуін мүлде азайту керек.Дауыссыз [w] –дан дауысты [ә:]-ға көшкен кезде еріннің қалпын тез ауыстыру / ерін арасын ашып, бір тегіс жағдайға көшіру/ қажет.
/ө/ мен [ә дауыстыларының сөз ішіндегі өрісі шектеулі. Олар тек сөздің түбір буындарында ғана қолданылады. Қазақтың /ө/

дауысытысының өзіне тән ерекшелігі ретінде айтарымыз сөздің басында ол ашық дифтонг түрінде айтылыды.:]
Жазылуы Айтылуы
өзен уөзен
өсу уөсу
өлке уөлке
өте уөте
Бұл құбылысты [ә:]- ден басталатын ағылшын сөздерінің айтылуына қаз қалпында көшіре салған күнде, мұның өзі тек акценттік ауытқу емес, бөтен мағынаға соқтыруы да ықтимал. Мұндай жэағдайдағы қосарлана естілетін /у/ дыбысы ағылшынның [ w] дыбысы сияқты қабылдануы мүмкін. Осыны ескере отырып,сөздің басындағы [ә:]мен [w+ә:]-ні қарама-қарсы бағыттай отыра, жекелеген жаттығуларды пысықтай түскен жөн.
Earth –worth earn- wornEarthly-worthless urge- word
Earl-world urchin-word
Оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру үшін ойын түрлерін қарастырған жөн
«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орныорнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.
«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.
Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening. His mother was cook the kitchen.
«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.
Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:
«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…
Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»
«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын – орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.
«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
«The environment»Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools. Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?
« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.
Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?
«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?
Pupil: The sun.
Teacher: The sun. Why do you think so?
Pupil…
«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.
«Сөздердің антонимдерін тап».
Sly-naive fast-slow
Greedy-kind clever-silly
Cowardly- brave strong-weak
«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.
There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.
To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.
«Сөзжасам түрлерін тап».
Answer— жауап to answer— жауап беру
Hand- қол to hand- қолға беру
Order- бұйрық to order- бұйыру
Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың
ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше.[24] Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:
жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;
сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;
жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.
Сөзжұмбақ құрастыру үлгілері:
екі сөздің қосындысы: cloak-room
үтір қойылған әріптерін алып тастау: chair-hair
іn жалғауы арқылы: fine
on, up, under жалғаулықтары арқылы: second
бір әріпті сызып тастау арқылы: cap-cat
сөздің әріптерінің ретін ауыстыру арқылы: cat-act
of жалғауы арқылы: coffee
by, at жалғауы арқылы, егер бір әріп екінші әріпке тақалып тұрса: late
бір нәрсе керісінше тұрса: dog-god
бір әріп екіншісіне бағытталса to жалғауы жалғанады: today
Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті – басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі.
Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.
Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.
Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жүргізілу мүмкіндігі.
Ағылшын әдебиеті сабағында оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегідей ұйымдастыруға болады:
Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматика-
лық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қай-
талау;
Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру(тексеру жолдарын,
сұрақтарды алдын ала айтуға болады);
Оқушыларға мәтінді өз бетімен іштей оқыту (оқуға берілетін уақыт
беріледі);
Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;
Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші рет оқу
үшін арнайы тапсырмалар беру;
Мәтіннің оқушылардың толық түсінгенін тексеру;
Мәтіннің мазмұнын айту;
Мәтіннің оқиғаға өз пікірін айту.