Сын т?р?ысынан ойлау. Коучинг саба?ты? жоспары


№2 коучинг-сессия
Тақырыбы Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын стратегиялар
Жалпы мақсаты Сын тұрғысынан оқыту туралы түсініктерін кеңейту,СТО дамытуға бағытталған стратегиялар пәндер жүйесінде тиімділігі.
Оқу нәтижелері Мұғалімдер:
-сын тұрғысынан ойлау стратегияларын білу;
-сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын Блум токсаномиясы бойынша иерархиялық модельін білу
-оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде сабаққа тиімді стратегияларды таңдай білу
-өз жұмыстарында кері байланыс жасағанда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.
Түйінді идеялар: -Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік;
-СТО стратегияларының тиімділігі;
-СТО дамытуға бағытталған стратегиялар пәндер жүйесінде тиімділігі.
-Әріптестерімен тәжірибе алмаса алуы;
Кезеңдері Мазмұныуақыты
Сергіту сәті Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында музыкамен
билету 2 мин
Топқа бөлу Тыңдаушылар өлең аттарымен топтарға бөлінеді,өз топтарын таныстырады 5мин
Кіріспе тапсырма Топ ішінде талқылау:
1.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
2.Блум таксономясы туралы не білесіңдер?
3.Сын тұрғысынан ойлауға үйрететін қандай стратегияларды білесіңдер?
Әр топта осы сұрақтар төіңірегінде пікірлесіп,ойларымен бөліседі. Әр топ кезекпен өз ұсыныстарын, стратегияларын,әдіс-тәсілдерін айтады.Бірінікін -бірі қайталамайды. 10 мин
Тапсырма№1
Power Point презентациясы
1 слайд Топта талқылау:
«Сын тұрғысынан ойлау-замануи түсінік» презентациясын мұқият талдап, не белгілі,не белгісіз екенін анықтау. 10 мин
Тапсырма №2
«Балауыз шамы» стратегиясы
Power Point презентациясы
2-слайд
Жеке жұмыс.
Әр топтың үстеліне балауыз шамы жағылады.Баяу ойналатын музыка жіберіледі. Музыка ырғағымен балауыз шамының жануына қарап 10 минуттық эссе жаздырту. Жазылған эсселерін оқыту 10минут
10минут
Тапсырма №3
Балауыз шамының жануын зерттеу
Power Point презентациясы
3-слайд
Топпен жұмыс:
Балауыз шамының жануын 5 жасар бала тарапынан зерттеу.
Балауыз шамының жануын 70 жасар қария тарапынан зерттеу.
Балауыз шамының жануын дәрігерлер тарапынан зерттеу 15 минут
Сергіту сәті Музыка ырғағымен , «Қаражорға» билеп ,демалу. 2 минут
Тапсырма №4
Power Point презентациясы
Эдвард де Бононың « 6 ойлау қалпағы» Тыңдаушыларды 6 топқа бөліп, отырғызу.
Эдвард де Бононың «6 ойлау қалпағы» әдісімен таныстыру.
Талқыланатын тақырыпты аукционға салып,таңдап алу.
«6 ойлау қалпақ» стратегиясының мазмұнымен таныстыру.
Таңдап алынған тақырып бойынша 6 қалпақты пайдаланып талқыға салып, «пісіру». 20минут
Рефлексия
«Тілек ағашы» «Тілек ағашы» сіздердің тілектеріңізбен гүлденуі керек. Топ мүшелері өздерінің жазған тілектерін ағашқа іледі. 4 минут