Сын т?р?ысынан ойлау стратегиясын саба?та пайдалану. Коучинг-сессия


КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ:
Күні 29.03.2016
Жауапты мұғалімдер: З.А.Бердісүгірова

ТАҚЫРЫБЫ: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта пайдалану
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaу
Oқыту нәтижeci: Қaтыcушылaрдың cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcы қaлыптacaды, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуды үйрeнeдi
Нeгiзгi идeяcы: Cыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту жoлдaры aрқылы тaбыcты oқытуғa қoл жeткiзуге бoлады.
ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды диалог арқылы дамыту, практикалық тапсырмалар
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, дыбыстық құрылғы.
КОУЧИНГТІҢ БАРЫСЫ
Жұмыс кезеңдері:
кіріспе бөліміКезеңнің мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті
2 мин.
Дайындық- ұйымдастырушылық кезеңнің мақсаты:
Сабақта тиімді жұмысты жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Міндеттері: Қатысушылардың зейінін аудару, аудиторияда қатысушылардың тиімді және жақсы көңіл күймен жұмыс жасауына ықпал ету.
Әдістері: Әңгімелесу, қатысу шыларды өзіне жақын тарту Құрметті әріптестер, бүгін міне тағы бір сәті түсіп сіздермен заманауи оқыту әдістерінде қолданылып жүрген тағы бір модульді қарастырып ой бөліспекпін. Мен сіздерден барынша белсенді, өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді қалаймын!
«Өркениеттің ең ұлы мақсаты- адамды ойлай білуге үйрету»,- деп Т.Эдисон айтқандай, біз оқушыларды гумнитарлық сабақтарында қалай ойлауды үйретуге болатынымен танысайық. Зейіндерінаударады.
Танысу (2 мин)
Мақсаты мен міндеттері: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым – қатынысатың белсенді стилін меңгеру; - Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек – кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады.
Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Талқылау: 1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Диалогқа қатысады, өздері не білетіндерімен бөліседі.
Қатысушылар ойларын ашық жеткізеді
Топқа бөліну (3 мин)
Мақсаты: әріптестерді әріп таңдау арқылы топқа бөлу
Мұғалімдер А, Ә, Б, Қ, Д, Ж, С, Н, Т, О, У, Ы, Е, Ө кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа  қолдарындағы дыбыспен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.
Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?
Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?
Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?
Коучингтен өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?
Семинарға не мақсатпен келдіңіз?
Семинарда кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?
Семинарға немен келдіңіз?
Маған айтар ұсынысыңыз…
Өз пікірлерін білдірген соң осы әріптердің ішінен дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарға сай екі топқа бөлінеді. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға таңдаған әріптен басталатын сөзбен ойланып жауап беруге тырысады.
Екі топқа бөлінеді.
30 мин.
Негізгі бөлім:
Кезеңнің негізгі мақсаты:
Сыни ойлаудың алты дағдысымен таныстыру.
Міндеттері:
Сыни ойлаудың
алты дағдысының ерекшеліктерін ажырата алу, оқушының қандай дағдыларын бағытталғанын үйрету Әріптестер жаңа сіздер қойылған сауалдарға қалай жауап бердіңіздер?
Иә, ойланып, проблемадан шығуды ойладыңыздар. Ендеше бүгінгі коучингтің тақырыбы
«Сыни тұрғыдан ойлау – ойды шыңдау»
Мұғалімдерге СТО жайлы бастапқы түсініктерін байқау, технологиядан айырмашылығын ажырата білулерін анықтау мақсатында мынадай сауалдарды ұсынамын:
Сын тұрғысынан ойлау сізге таныс па?
2. Сын тұрғысынан ойлау сіздің сабағыңызда қалай жүзеге асады?
3. Сын түрғысынан ойлау арқылы сіз қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз? Әріптестер өз ойларын ортаға салып талдайды.
Топтық тапсырма беру
3 минут Екі топқа екі түрлі сурет ұсыну. Суретке сипаттама беру. Бірінші топ ауызша, екінші топ жазбаша.

Әріптестер, сіздердің қарапайым бір ғана суреттің жан-жақты қырынан қарап, алуан түрлі формаларын ойлап табуларыңызға және түсіндіруге қандай әрекет көмектескенін білуге болады ма? Ойлау көмектесті, сыни тұрғысынан ойлау көмектесті- деп жауап береді.
Мұғалімдерге түсініктер беремін.
«Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін
оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың
кестелер, суреттер, оқулық дәптерменжұмыс істеу іскерліктері де артады.
Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларға:
еркін ойлауға мүмкіндік береді;
ақыл-ойын дамытады;
шығармашылық белсенділігі артады;
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
тіл байлығы жетіледі;
жан-жақты ізденеді;
өз ойын жеткізеді;
Топ мүшелері берілген ақпаратты пайдалана отырып,
ұсынған тұжырымдар ішінен дұрыстарын таңдайды. Оны негіздейді.Берілген тақырыпты сипаттайды. Негізгі тақырыппен танысқаннан кейін тұжырымдарға қайтып келіп, оның дұрыстығына
көз жеткізеді.
5 минут
Математикалық стартегиялар талқылау Мысалы, ойша 3 х 14 есептеу тапсырмасы берілген. Сыныптағы 8-9 жасар оқушыларға ұсынатын қандай стратегиялар бар?
1 - оқушы: «Мен 28-ді алу үшін 14-ті екі еселедім, сосын 10-ды қосып, 38-ді шығардым; сосын қалған 4-ті қостым, нәтижесінде 42 шықты».
2 - оқушы: «Мен айттым 3 х 10 = 30 және 3 х 4 = 12, 30 + 12 = 42»
3 - оқушы: «Мен 3 х 15 көбейтіндісі 45 болатынын білдім, сосын 45-тен 3-ті алып тастадым».
4 - оқушы: «Мен 14 және14 және 14-ті қостым» Мұғалімдер өздерінің тиімді стратегияларын ұсынады, талдайды. Қорытынды жасайды.
Ой сергіту Сергіту. «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» Мұғалімдер екі қолына да қалам алып, бір мезгілде мынадай әрекеттер орындайды:
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
Оң қолымен өзінің есімін, сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс.
Мұғалімдерге салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар аударуларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы – жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай әрекеттене беру керек. Бұл ой сергітудің мақсаты: әдетте оң қолымен жұмыс жасайтындардың миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әр түрлі әрекет жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен.
Мұғалімдер барлығы жұмыстанып, бой сергітеді
Түсініктемелер беру Өздеріңізді осынша сыни ойландырған, сан түрлі ойларға түрткі болған құдіретті сұрақтың - кезең-кезеңімен ойлануды көздейтін алты кезеңі бар.
Ол Блум таксономиясы. Ойлау дағдыларын кеңінен қолданылатын модель. Мұғалімдердің ойларын тыңдау.
Бейнежазба Бейнежазба көрсету, Талдау. Ой түйіндеу 5 мин.
Қорытынды кезеңі.
Мақсаты:
қатысушылардың алынған
ақпаратты игеру дәрежесін
анықтау.
Әдіс-тәсілдері:
Топтық Жұмысымызды қорытындылай келе бүгінгі жетістіктеріміз бен іс-әрекеттермізді талдайық. Ол үшін сіздерге екі шабадан ұсынылады. Оның біреуі «ашық» екіншісі «жабық». Сіздер ашық шабаданға өздеріңіз үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды саласыздар, екіншісіне өздеріңіз үшін алған бірақ қолданбайтын ақпараттарыңызды саласыздар. Тыңдаушылардың ой пікірі, өзіндік талдауы, өзара пікір алмасады
-6718309042402649855472440