Математикадан сыныптан тыс ж?мыстар


Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар сайысы.
Сабақтың мақсаты:
1. Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.
2 Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Түрі: матеметикалық сайыс
Әдісі: топ бойынша жұмыс.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.» Білімді азамат – ел ертені»» Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар» Бүгінгі сайысымызға 5 және 6 – сынып оқушылары қатысады. Екі команданы ортаға шақырамыз.Сайыстың жоспарымен таныстырайық.
Сәлемдесу
« Кім тапқыр»\ есеп\
«Кім қырағы»?
Оқушылар қойылымы.
Ширату \екі команда бір – біріне сұрақ қояды\
Практикалық есеп.
Жарнама.
Үй тапсырмасы.
Әділ қазылар сайлаймыз.
Екі команданың сәлемдесуі. Дұрыс жауап бес ұпай, толық болмаса үш, тәртіп бұзса екі ұпай кемітіледі.
2. Кім тапқыр
а) 2- ні 5рет пайдаланып 3 санына теңестіру.
Жауабы: (2+2-2+(2:2)=3
ә) 2- ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестіру
Жауабы: 2+2+2-(2:2) =5
б) Теңдік тура болатындай үтір таңбасын қой:
32+18=5 3+108=408 3 +1,08=4,08
3+108=408 63 -27=603 63 – 2,67= 60,3
736-336=4 57 – 4=17 5,7- 4= 1,7
Жауабы: 3,2+18=5
3+ 1,08 = 4,08
7,36 – 3,36 =4
3.Кім тапқыр?
1) шеңбер апта математика ана
Су тас перпендикуляр теңдеу
Компьютер радиус периметр мектеп
Градус сынау ұя ауыл
2) Анаграмма
1) и ц и л д н р ( цилиндр)
ұ р ш б ы (бұрыш)
е ь в р и т а к л (вертикаль)
о қ ы з (қозы)
2) б е р е ң ш (шеңбер)
т р ц н е (центр)
ь и ц у к р л (циркуль)
ы қ ж л ы ( жылқы)
4. Оқушылардың қойылымы.
5. Ширату ( екі команда бір – біріне сұрақ қояды.
6. Практикалық есеп.
Матадан көз мөлшерімен 20 см кесіп алу. Кім дәлдеу, жақындау кессе сол жеңеді)
Көз мөлшерімен 60 – тың бұрыш сыз.
7. Жарнама.
Үй тапсырмасы.
Қорытындылау. Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топты аңықтап, сайысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.