Коучинг Рефлексия. Виды рефлексии


КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
№ 273 ОРТА МЕКТЕП
КОУЧИНГ
РЕФЛЕКСИЯ. РЕФЛЕКСИЯ ТҮРЛЕРІ
30.03.2016 жылы өткізілді

КОУЧ АЛИМБЕТОВА Г.Т.
II деңгей мұғалімі
БАЙҚОҢЫР 2016 жыл
Мерзімі: 30.03.2016 ж. 10.30 Каб. 211
Тақырыбы: Рефлексия. Рефлексия түрлері
Мақсаты Мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Рефлексияның мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай рефлексия жасау керектігін біледі.
Түйінді идея: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Ресурстар: Компьютер, презентация, флипчарттар, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер
Коучинг сессияның өту барысыКоучинг сессияның өтілу кезеңдеріУақытыКоуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу 3 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Психологиялық ахуал орнату 5 мин «Комплимент» тренингі
Топқа бөліну 5 мин Стратегия «Атом-молекула»
Қызығушылығын ояту Аңыз «Данышпан мен адам»
Ой шақыру 5 мин Сұрақ-жауап
Топтық жұмыс 10 мин Теориялық материалмен танысады «Жигсо әдісі»
Постер қорғау 10 мин Постер қорғауСергіту сәті 15 мин Рефлексиялық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар
Практикалық жұмыс 10 мин Тапсырма: Сабақтарға рефлексияны қалай ұйымдастырар едіңіздер?
Рефлексия 5 мин СабақтаМен білдім ...
Мен үйрендім ...
Маған ұнады ...
Қиындық туғыздыБекітемін______Ж.ДосболоваМерзімі: 29.03.2016 ж. 10.30 Каб. 211
Тақырыбы: Рефлексия. Рефлексия түрлері
Мақсаты Мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Рефлексияның мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай рефлексия жасау керектігін біледі.
Түйінді идея: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Ресурстар: Компьютер, презентация, флипчарттар, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер
Коучинг сессияның өту барысыКоучинг сессияның өтілу кезеңдеріУақытыКоуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу 3 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Психологиялық ахуал орнату 5 мин Қатысушыларды ортаға шақырады, «Комплимент» тренингін өткізеді
Топқа бөліну 5 мин Стратегия «Атом-молекула» 4-5 адам атом болады, қалғандары молекула болады. «3» дегенде 3 адам 1 атомға жабысады, тағы бос жүреді. «5» дегенде 5 адам 1 атомға жабысады.
Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «Бәрі сенің қолыңда» депті.Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
Ой шақыру 5 мин -Рефлексия дегеніміз не?  - Рефлексияның мақсаты не, бізге не береді? - Рефлексияның қандай түрлерін білесіздер? - Қандай әдіс - тәсілдері бар? Рефлексия туралы білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар. Жұптарыңызбен талқылаңыз. Топта талқылаңыз, тұжырымдамалық карта жасаңыз.
Топтық жұмыс 10 мин Теориялық материалмен танысады «Жигсо әдісі» Әр топқа танысу үшін «Рефлексия түрлері» беріледі.
Постер қорғау 10 мин Постер қорғауСергіту сәті 15 мин Рефлексия түрлерімен танысады. Рефлексиялық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар:
Елестет….
Тас, бақ-бақ, шар екеніңді елестет. Не сезіп түрсын? Сезімдеріңді салыстыр.
- Лимон, конфет, тәтті жеп жатқанынды мимикамен көрсет.
- Неше түрлі сезім көрсет, қалғандары табады.
Сезімдерін салыстырады
Маскасыз.
Жаттығудың мақсаты: - эмоционалдық және іс-қимыл бостандығы; - шынайы сезім қалыптастыру.
Сөйлемді аяқтайды:
"Маған қатты үнайды, егер менің жанымдағы адамдар "Маған шын мәнінде керек, ол ..." "Кейде мені адамдар түсінбейді, өйткені мен ..." "Мен сенемін ..." "Мен ұяламын, егер ..." "Мені қатты қыңжылтады ..."
Практикалық жұмыс 10 мин Тапсырма: Сабақтарға рефлексияны қалай ұйымдастырар едіңіздер? Мысал келтіріңіздер. Топтар ақылдасып сабаққа рефлексияны қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
Рефлексия 5 мин СабақтаМен білдім ...
Мен үйрендім ...
Маған ұнады ...
Қиындық туғызды1. Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер:
Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. сМысалы: «Алма ағашы» әдісіОқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
2. Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )«Таңдау» әдісі.1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
3.Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетінанықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді«Плюс, минус, қызықты»«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады.
Әр топқа танысу үшін «Рефлексия түрлері» беріледі.
Тапсырма: Сабақтарға рефлексияны қалай ұйымдастырар едіңіздер? Топтар ақылдасып сабаққа рефлексияны қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
Рефлексия 5 мин
Кері байланыс СабақтаМен білдім ...
Мен үйрендім ...
Маған ұнады ...
Қиындық туғызды