Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану та?ырыбына ба?ылау ж?мысы. 5-сынып. математика


Күні:
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: №10 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың тарау бойынша алған білім,білік, дағдыларын өз бетінше есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін өз бетінше есеп шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық және кеңістікті ойлауын кеңейту, тарау бойынша тақырыптарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында өз бетінше жұмыс жасауға , сонымен қатар, ұқыптылыққа, жүйелі түрде әреке етуге, жауапкершілікке, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, мақсатқа жетуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: бағалау
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, есептер шығару, өзіндік.
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ.Оқушылардың білімін тексеру, бағалау
Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, мақсат қояйық. Әр оқушы өзі осы тақырыпты меңгеріп шығатынына сенімді болуы тиіс. Сондықтан да бар ойымызды жинақтайық.
І нұсқа
Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
27:10; 81:1000; 319:100; 919:1000.
Есептеңдер:
а) 2,83+15,2; ә) 145,6+7,35;
б) 19-5,86; в) 65,7-18,95.
Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?
Есептеңдер:
(5,36-4,07) + (14-9,158)+137,868.
Есепті теңдеу құрып шығарыңдар:
Екі жәшікте 22,2 кг конфет бар. Бірінші жәшіктегі конфет екіншісіне қарағанда 1,8 кг-ға кем. Екінші жәшікте неше килограмм конфет бар?
Есептеңдер:
14,04:45+15,33:21-0,935
Дыбыстың жылдамдығы 334,5 м/сек, ал желдің жылдамдығы одан 75 есе кем. 1,5 секундта дыбыс желге қарсы қандай қашықтыққа тарайды?
ІІ нұсқа
Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
93:10; 71:1000; 217:100; 813:100.
Есептеңдер:
а) 3,76+19,3; ә) 135,7+8,25;
б) 21-6,91; в) 58,2-17,45.
Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың4,85 км-ің, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша километр жол жөнделді?
Есептеңдер:
(4,57-3,08) + (28-15,346)+256,476.
Есепті теңдеу құрып шығарыңдар:
Теплоход екі сағатта 52,9 км жүріп өтті. Бірінші сағатта ол екіншісіне қарағанда 4,5 км артық жүрді. Екінші сағатта теплоход қандай қашықтықты жүріп өтті?
Есептеңдер:
14,56:35+7,2*3,8-8,49.
Марат пен Дастан бір уақытта бір бағытта сөреден шықты. Мараттың жылдамдығы 6,7 м/сек, ал Дастанның жылдамдығы одан 2 есе кем. 4,2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қандай болады?
Бағалау критерийлері:
«5» бағасы – 4 толық кез келген орындалған тапсырмалар үшін қойылады;
«4» - 3 тапсырма үшін;
«3» - 2 тапсырма үшін