Ана тілі п?нінен Тасымал та?ырыбыны? ?ыс?а мерзімді жоспары


Ана тілі Кабинет:107 Мұғалімі: Еслямова М.С
Сабақтың атауы Тасымал
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ұғыну, өлеңді мәнерлеп оқу, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға, тілдерін дамыту арқылы ой қорытуын жетілдіру; Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққадағдыландыру.Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, сызбалар, компьютер
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Көлiкпен түздiң,
Ащы тас сүздiм.    (Тұз)
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.    (Жұмыртқа)
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.    (Жұмыртқа)
Мағынаны тану 96-тапсырма
Мақал-мәтелдермен жұмыс
97-тапсырма
Достарың туралы әңгімелеңдер

Сергіту сәті Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.
(Балға-Алға)
***
Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.
(Қоян-Ноян)
Ой толғаныс Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсімдіктің нәрімін.
(Шөл-Көл)
***
Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырсаӨлшеммін, дәуірмін.
(Бақыт-Уақыт)
Үйге тапсырма Дос туралы эссе жазу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады