Психологиялы? тренинг Талпын?ан жетер м?рат?а (11-сынып)



Тақырыбы: «Талпынған жетер мұратқа»
Мақсаты: Мақсат қою дағдысын қалыптастыру.
Міндеттер:
Мақсатқа жетудегі еріктің рөлін түсіндіру;
Мақсатқа бағытталудың қажеттілігін айқындау;
Мақсатқа жету дағдысын қалыптастыру.
Ресурстар: ақ парақтар, қаламдар, бор, қобдиша.
Жұмыс барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн, құрметті талапкерлер және мұғалімдер. Бүгін сіздерді арнайы, Ұлттық біріңғай тестінің алдында мақсатқа бағыттау тренингін жүргізу мақсатында жинадым. Бүгінгі тренинг сіздерге жақсы көңіл – күй сыйлап, ерік – жігеріңізді жоғарылататынына сенімдімін.
Алдымен бүгінгі тренингтің ережесімен танысайық:
шынайылық;
сөзді өз атынан сөйлеу;
сөйлеушіге сыйластықпен қарау;
Шаттық шеңбер: «Өміршеңдік ережесі»
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.1. Жігер деген – Мен2. Күш деген – Мен3. Махаббат деген – Мен4. Кешірім деген – Мен5. Құдірет деген – Мен6. Жасөспірімдік деген – Мен7. Жастық шақ деген – Мен8. Денсаулық деген – Мен9. Адалдық деген – Мен10. Жарқындылық деген – Мен11. Бар ғажайып деген – МенХормен: Бәрі маған байланысты,Бәрі менің қолымда.
ІІ.Біз өмір бойы әр түрлі емтихандар тапсырамыз.Мектепте,
университеттерде ғана емес сонымен қатар жұмысқа орналасқан кездеде.
Емтиханға қандай дайындық жасауымыз қажет.
1)информационная готовность (информитрованность о правилах поведения
на экзамене,инф-ть о правилах заполнения бланков)
2)предметная готовность )готовность по определенному предмету,тест
задания.
Және психологиялық дайындық:
Ең біріншіден біз күн тәртібін құрастырумыз қажет қажет.Тәулікті 3 бөл:
-Емтиханға күніне 8 сағ әзірлену;
-Спортпен айналыс,таза ауада серуенде..
Тамақтану. Күніне 3-4 рет тамақтану керек,калориялы ж/е дәруменді тағамдар болу керек. Тағамға грек жаңғағы,сүт тағамдары,балық,ет,жеміс,көкөніс,шоколад пайдалан. Тағы бір кеңес: емтихан алдында тойып ас ішпе.
Емтиханға әзірлік кезеңінде көзге ауырлық көп түседі.Егерде көз шаршаса,ағзаның да шаршағаны,яғни емтихан тапсырмаларын орындауға күшіңіз жетпеуі мүмкін. Көзді демалыту үшін қажетті әрекет жасау керек. Жаттығудың кез келгенің орындау.
-Жоғары,төмен,оңға-солға (25сек) қара.
-Көзбен өз есімінді,тегінді жаз.
-Шаршы,үшбұрыш сал. Бірінші сағ тілімен,содан кейін тіліне қарсы сал.
ІІІ.Тренинг «Өз жүлдызынды тап».
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Өзіңе сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жаса.
Нұсқау: көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.
Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.
Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Алдарыңызда түрлі түсті жұлдыздар бар.Өздеріңізге ұнаған түсті жұлдызшаны алыпҰБТ дан қанша балл жинайсыз,алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз,соны жазасыз.Енді жұлдыздарыңызды арман картасына орналастырасыз.
Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында, барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұхият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.
«Биіктік» жаттығуы: Келесі жаттығуды орындау үшін маған көмекші қажет. Осы жаттығуды орындау үшін бір қатысушы, қолына бор алып, тақтанын қасында тұрып секіреді, секіргеннен кейінгі жеткен жерін бормен сызып белгілеп қояды. Сонан соң қатысушыға нұсқау беріледі, «ал енді жоғарыға қарап, тобеге жетемін деп секір» сонан соң жеткен жерін белгілеу керек.
Сұрақтар:
Екі белгінің арасында айырмашылық бар ма?
Биікке секіру үшін не әсер етті?
Қойылған мақсат нәтижені жақсартты ма, нашарлатты ма?
Мақсат қою үшін адамға не керек?
Екінші жаттығудан көргеніміз, адамға мақсат қою, көздеген мақсатына жету үшін қажет, оған осы әрекетті саналы түрде басқару үшін ерік қажет.
Ерік – бұл саналы түрде мақсат қоя алу қабілеті мен алда кездесетін ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ішкі талпыныс.
Сыртқы кедергілер – бұл бізге сыртқы әлеуметтік ортадан келетін қиындықтар. (әлеуметтік орта, материалдық жағдай, әртүрлі жағдайлар)
Ішкі кедергілер – бұл өзіміздің ішімізден шығатын қиындықтар. (қорқыныш, ашу, үрей, жүрексіну, шарасыздық, ыза, жеккөру,қызғаныш, тәкәпарлық,немқұрайлық, қырсықтық, өзін кінәлі сезінушілік, жанның ауыртпалығы, ішкі жалғыздық, сараңдық, жалқаулық т.б.«Өмірде ең үлкен жеңіс – бұл өзін - өзі жеңу» дейді халық даналығы, сыртқы кедергілерді жеңу алдында, біз өзімізбен күресеміз, өзімізді бағыттаймыз. Алдымызға қойған мақсатымыз қаншалықты айқын, қаншалықты нақты болса, соншалықты біздер соған жетудегі кедергілерді жеңуге дайынбыз.
Ішкі кедергілерден :ашу кедергіне тоқталғым келеді.
Келесі жаттығуымыз: «Ашулы шарлар» жаттығуы.
Шарлар адамның денесін бейнелейді,ал оның ішіндегі ауа-сезім.
(шарды жарады)
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?------
Шар кішірейді,бірақ жарылмады.Бұл нені білдіреді?Егер ашуды бақылап шығарса,ол ешкімге зақым келтірмейді. Енді шардағы ауаны толығымен шығарыңыздар. Бұл нені білдіреді? Ашудың қауіпсіз жолын табу-әр адамның қолында.****Қандай жағдай болмасын әрқашанда естеріңде болсын сендерді қолдайтын ата-аналарын,туған туысқандарын,баур,достарын,ұстаздарын,
с ендердің екінші аналарын Гүлжан Қ,және мен әрқашанда жандарыннан табыламыз.
Келесі кезеңімізді Релаксацияға берейік. «Данамен кездесу».
«Жақсы тілек,жарым ырыс» жаттығуы: Қатысушы мұғалімдер оқушыларға өз лебіздерін білдіреді.
Сәттілік тілеймін!
Мінекей біздер бүгін сіздердің мақсатқа жету үшін өзіңізге не қажет екенін біліп, мақсатқа жету үшін кедергіге тап болсаңдар табандылық таныта алатыныңызды байқадық, мінекей осы жаттығуды орындағандағыдай, жеңіске ұмтылысыңыз бен табандылығыңыз болса, сіздердің алмайтын асуларыңыз жоқ деп ойлаймын. Сәттілік тілеймін!
«Жақсы тілек, жарым ырыс» жаттығуы: Қатысушы мұғалімдер оқушыларға өз лебіздерін айтады.