Ізденген жетер м?рат?а ?зін — ?зі тану


Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп: №180 ЖББ мектеп Мерзiмі: 01.10.2016 ж
Тақырып: «Ізденген жетер мұратқа»
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: табандылық, танып білуге құштарлық, еңбекқорлық.
Мұғалiм: Ханафиева С.Д. Сынып: 6 «А» сынып Оқушылар саны: 25
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мақсат – мұратқа ұмтылудың, өз бетінше ізденістің, талпынудың маңыздылығын ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
оқушыларға өз бетінше іздену, талпыну туралы баяндай отырып, табандылық қасиетінің маңыздылығын ұғындыру;
оқушылардың өз бетінше ізденуге, талпынуға жетелейтін танып-білуге құштарлық қасиетін дамыту;
оқушыларға мақсатқа ұмтылу, өз бетінше іздену мүмкіндіктерін қолдана отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер, қалам, ақ парақтар, бейне материалдар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру
5 Т ережесін еске түсіру
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
(Ырғақты, жағымды музыка косылып тұрады.)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз:
Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
ә) Топқа біріктіру:
Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алып, сол түстер бойынша топқа бірігеді. Қағаздың екінші бетінде суреттер беріледі, сол бойынша топтарын атайды. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Шоқан» Г.Потанин
Шоқанның жетістікке жетуіне қандай қасиеттер ықпал етті.
Шоқанның қиындыққа мойымауының себебі неде?
Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз:
Ізденген жетер мұратқа,
Ерінген қалар ұятқа.
Халық мақалы
Хормен, ұлдар, қыздар болып дауыстап оқу 4. Әңгiмелеу (сұхбат):
Он тоғызыншы сөз
Абай
Қара сөзде не туралы айтылған?
Осы қара сөзден қандай түйінді ой шығаруға болады? Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойларымен бөліседі.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
Әр топқа тапсырма беріледі. 
Демосфеннің мақсатқа жету жолын талдап, түсіндіріп беру;
Еңбек, ізденіп мақсатқа жету туралы мақал- мәтелдер жазу;
«Біз мақсатқа жетеміз!» тақырыбында мақсатқа жету жолы тізбегін жасау;
Берілген тірек сөздерді қолданып өлең құрастыру: іздену, мақсат, еңбек, болашақ, сенім. Оқушылардың тапсырмасы тыңдалады.
6. Топпен ән айту.
Аңса, жаным
Сөзі: М.Мақатаев
Әні; Т.Төлендиев
Мен тілейін.Жарқыным, сен де тіле:Жақсылық орнасын де жер бетіне.Аққу тіле айдынның келбетіне,Айдын тіле аққуды тербетуге.Мен аңсаймын.Сен-дағы аңса жаным:Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.Аңса, жаным,Зарығып, шарша, жаным,Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.Аңса, жаным!Мен сағынам.Сен-дағы сағын жаным,Адамнан тек жақсылық табылғанын,Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын. 7. Үй тапсырмасы:
«Құштарлық» мәтінін оқып, мазмұнын айту Қ.Толыбаев 44 бет 8. Соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші.Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Үнемі ізденіп, мақсат мұратымызға дұрыс әрекет жасап жетейік! Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!Сау болыңыздар!