?амыр илеп т?тті та?амдар пісіру


7сынып.
Сабақтың тақырыбы: Үгілмелі қамырдан қуырма мен пирожный әзірлеу.
Білімділік мақсаты : Қуырма мен пирожныйдың құрамын , дайындау технологиясын үйрету.
Тәрбиелік мақсаты : Жинақылыққа, іскерлікке, жүйелі жұмыс жүргізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Сарамандық жұмысты өз беттерінше орындауға дағдыландыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Міндеті:
Әр оқушының танымдық әрекетін дербес ұйымдастыру
Теориялық алған білімдерін машықтық дағдыларда қолдана білу
Соңғы нәтижеге жетісу.
Дидактикалық материалдар:
. технологиялық карта
. рецептер жинағы
. қосымша оқулықтар
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі : сарамандық жұмыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық ахуалды реттеу ( оқушылар шеңбер құрып, бір –біріне тілектер айтады)
ІІ Қауіпсіздік техникалық ережелер
А / құрал -жабдықтармен
Ә / тоқ көздерімен
ІІІ Сарамандық жұмысты / мақсаты мен міндетін / хабарлау.

Өздері әзірлеген рецептер жинағы бойынша қуырма мен пирожныйдың технологиялық картасын әзірлеу арқылы сарамандық жұмыстың модулін жасау.
Оқушыларды топқа бөлу.(Әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу)
Үгілмелі қамырды бірінші , екінші тәсілдер бойынша алғашқы өңдеу.
А/ Жұмыртқаны 2 пайызды хлор ерітіндісінде залалсыздандыру
Ә / Мөлшерлеу, құрамын әзірлеу, қамыр илеу.
Бір қамырдан әзірленетін екі түрлі тағамның айырмашылығын ,ұқсастығын анықтау.
ІV Қамырды қалыпқа келтіру
А/ Бөлшектеу ,жаю
Ә / Қалыптау
V Жылулық өңдеу. Үгілмелі қамырды t - 180 -200 градус С қуыру
VI Үгілмелі қамырдан әзірленген тағамдардың адам ағзасына әсерін оргоналептикалық қасиеттерін номографты таблица арқылы анықтау.
VII Тағамның өзіндік құнын есептеу.
VIII Сапасына қойылатын талаптар: қызғылт,сары түсті жеңіл, жұқа , үгілмелі болуы.
Соңғы нәтижесі: уақыт,сапа,көлем.
Кажиакбарова Алмагул Токтабековна
Технология пәні мұғалімі
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Көкжыра ауылы Тарбағатай ауданы
ШҚО