Презентация Балаларды? к??іл-к?й ауыт?ушылы?тарын диагностикалау ж?не оларды т?зету


БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ Орындаған: “Қызғалдақ” балалар бақшасының педагог - психологыМахаметова Назгум І. БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ИНФАНТИЛЬДІ АГРЕССИЯСотқар.Балалармен жиі ұрысады.Жанындағыларды қинайды, әурелейді.Ата-аналарын жиі арандатады, ұрыншақ.Жанындағыларға тіл тигізеді.Тиіскіш.Тыңдамайды.Ата-анасына үнемі өз талаптарын қойғыш.Бірден қызу темперамент көрініс береді.Өзін жендет сияқты ұстайды.Агрессияның ұстамалы түріне жақын.Іні-қарындастарынан қызғанады.Мені жақсы көрмейді,-деп арызданғыш.Өз қатарларымен ұрысқыш.Тез басылмайды, қызу.Өзге балаларды ашуландырғыш.Өте көп сөйлейді.Өз заттарын, ойыншықтарын қиратады. ШЕКТЕН ТЫС БЕЛСЕНДІЛІК Үнемі қозғалыста болады.Әбігер.Көп сөйлейді.Бос сөзге әуес.Ұйқысы мазасыз.Бірден, ойламаған жерден қызу темперамент көрініс береді.Тырнақтарын күйгелектене тістелейді.Күте алмайды. ОҚШАУЛАНУ Ұялшақ.Жалғыздықты ұнатады.Өз сезімдерін жасырады.«Көлеңкеде» қалуға тырысады.Белсенді ойындарға қатынаспайды.Үйден алысқа ұзамауды қалайды.Тұйық.Қорқақ. ҚОРҚЫНЫШ Мектеп жасында – мигреньге, бас ауруына бейім.Іші жиі ауырады.Балалар бақшасы мен мектепке бару алдында қорқынышты сезінеді.Кінәлі екеніне оңай, тез келіседі.Мені ұнатпайды-деп арызданады.Құсуы тез. ҰЙҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ Жалғыз өзі ұйықтағысы келмейді.Қорқақ.Түнде қорқады.Ұйқысы мазасыз.Ұяң.Сұмдықтар қинайды. ОҚУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР Материалды қиындықпен игереді.Нашар оқиды.Сөздерді буынға нашар бөледі.Үй жұмыстарын тындырмайды.Басқа оқушылардан, сыныптастарынан қалып кетеді.Жазуы нашар.Санауы нашар.Алаңдаушылығы жеңіл. АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Тек өзіне назар аударту үшін ғана, кейде жаман істерге барады.Балаларды арандатушы.Өзінің тынымсыз мінез-құлқымен басқа балаларға кедергі келтіреді.Басқа балаларды қағып, соғып, ұрады.Басқа балалардың ісінен, мінез-құлқынан үнемі кемшілік табады.Ашуланғанда, басқа балалардан өшін алатынын айтып, қорқытады. ТҰЙЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Бөтен адамдардан қорқады.Мән-жайдың(ситуацияның) өзгеруі, оны қалыпты жағдайдан тез шығарады.Ойын кезінде жеңіліске ұшыраймын,-деп қорқады.Қобалжығанда қолдары қалтырайды.Тез қорқады.Қатты ашулануға барлық негіз болса да, ешуақытта дауысын қатты көтермейді.Басқа балалар қапаландырса, жәбірлесе қорғанбайды. ПАССИВТІ – АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Өз ойындағысындай болмаса, қырсықтанып, кесірленіп кетеді.Өзіне айтылған сынды көтере алмай, қапаланады.Бар жағдайда, барлығы менімен санасулары қажет,-деп санайды.Тәртіпке бағыну туралы әрбір талаптан қатуланады.Жанындағыларға қатуланып, ашуланып қарайды.Ашуланғанда ешкіммен сөйлеспейді. № Аңыз бен ШЫНДЫҚ АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ ПЕДАГОГТАРҒА СҰРАҚНАМА Тізімді зейін салып оқып, мінез-құлықтың ауытқушылықтырымен танысыңыз да, өз балаңыздың, тәрбиеленушінің бойынан табылатын мінез-құлықтың көрінісін белгілеңіз. Мысалы, тұйық мінез-құлық қорқынышпен, ұйқының бұзылуымен , оқшауланумен байланысын байқарсыз. Сондай-ақ, сіз өзіңіз балаңызға қарым-қатынас жасаудың жолдарын дамытуда, қорқыныштан арылудың және психобуындық қатаюдан босану әдістемелерімен айналысуды үйретуге көмектесуді өзіңіз анықтарсыз. ІІ. БАЛАЛАРДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАТАЮ ЖӘНЕ НЕВРОТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАУ (сұрақнама) БАЛАЛАРДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАТАЮ ЖӘНЕ НЕВРОТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ № Интенсивті Жағдайы 1 Тырнақтарын тістелейді 0 1 2 3 2 Саусақтарын сорады 3 Тәбеті жоқ 4 Тамақ таңдайды 5 Зорға ұйықтайды 6 Ұйқысы мазасыз 7 Ұйқысы қанбай, қиналып оянады 8 Бас ауруына шағымданады 9 Іш ауруына шағымданады 10 Жиі құсады 11 Жиі басы айналады 12 Кекештенеді 13 Көп терлейді 14 Қызарады, бозарады 15 Тез қорқады 16 Әсерленіп жиі дірілдейді 17 Жиі жылайды 18 Жиі көздерін жыпылықтатады 19 Қолын, иықтарын жұлқиды 20 Кіші дәреті ұстамайды № Интенсивті Жағдайы 21 Үлкен дәреті ұстамайды 0 1 2 3 22 Ашудың ұстамалы түрі болады 23 Денесінің бір бөлігімен ойнайды 24 Өз денсаулығы үшін қорқады 25 Әрдайым және ресми түрде талабын көрсетеді 26 Жиі армандап, қиялы шарықтап алысқа кетеді 27 Зейінін тұрақтандыра алмайды 28 Өте үрейлі 29 Үнемі момын, жуас болуға тырысады 30 Фантастикалық заттар көреді 31 Қараңғылықтан қорқады 32 Жалғыздықтан қорқады 33 Жануарлардан қорқады. 34 Қандай?Бөтен адамдардан қорқады 35 Шудан қорқады 36 Сәтсіздіктен қорқады 37 Кінәләну, қысылу сезімдері болады 38 Жетіспеушілік(неполноценность) сезімі болады ІІІ. А.И.ЗАХАРОВТЫҢ БАЛАДАҒЫ МАЗАСЫЗДАНУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАЙТЫН ТЕСТІ Бұл тестті 4 – 10 жасар балалардың ата-аналары орындайды.НҰСҚАУ: Берілген тізімдерді зейін қойып оқып, сіздің балаңызға қатыстысын бағалаңыз.Жауаптар:Соңғы кезде осы белгі көрініс беріп ұлғайып барады - 2 балл;Бұл белгі жоқ, кездеспейді - 0 балл: Сіздің балаңыз:Оңай қапаланып, көп уайымдап, барлығын жүрегіне өте жақын қабылдайды.Болмашыға көзінің жасын «көл» етіп, еңкілдеп жылап, басыла алмайды.Болмашыға қырсығып, болмашыға керісіп, шыдап, күте алмайды.Өте жиі қапаланып, торсиып, ешқандай ескертпелерді «құлаққа ілмейді».Көңіл-күйінің ауытқушылығы соншалықты, бір мезетте жылап та, күліп те үлгереді.Еш себепсіз қамығып, қайғырады.Алғашқы жылдардағыдай, емізік, саусақ сорады. Жарықсыз, жанында үлкендерсіз ұзақ ұйықтай алмайды, мазасыз ұйықтап, ояна береді, таңертең өзіне бірден келе алмай қиналады.Өзін тежеп ұстар сәтте қатты әсерленіп, немесе, керісінше тапсырманы орындар сәтте баяулап, енжарланады.Кез-келген белгісіздік жағдайында, жауапкершілікті талап ететін ситуацияларда, қорқыныштың, үрейдің, қорқақтықтың айқын белгілері пайда болады. Өзіне сенімсіздік, іс-әрекетінде, қылығында жасқаншақтық көбейеді.Тезірек шаршап, алаңдап, ұзақ уақыт зейінін тұрақтандыра алмайды.Онымен ортақ тіл табысу, келісу қиындайды; өз-өзіне келе алмайды, қайта-қайта шешімін өзгертіп, болмаса өз-өзімен әбігерленеді.Таңертең ішім, кешқұрым басым ауырды, - деп шағымдана бастайды; бозаруы, қызаруы, терлеуі жиілейді; себепсіз аллергия, терінің қабынуы, қышыма мазасын алады.Тәбеті төмендейді; жиі, ұзақ ауырады; себепсіз дене қызуы жоғарылайды; жиі балалар бақшасынан, мектептен қалып қояды. ИНТЕРПРЕТАЦИЯ Жалпы балл есептеліп, невроздың бары немесе неврозға бейімділігі анықталады.20-дан 30 баллға шейін - невроз;15-тен 20 баллға шейін - невроз болған немесе жақын арада болады;10-нан 15 баллға шейін - жүйкенің бұзылуы, бірақ міндетті түрде ауыруға жеткен деңгей емес; 5-тен 9 баллға шейін - бұл балаға назар аудару қажет; 5 баллдан төмен - ауытқушылығы жеңіл-желпі және баланың жас ерекшелігіне сай. ІV. БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫН ТҮЗЕТУ ТОПТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ (Топпен жұмыс жүргізгенде орындауға жеңіл, көп уақытты қажет етпейтін ойын-жаттығуларды қолдануға болады)І. Ойын – жаттығу “Сенің есімің – керемет!”Мақсаты: Балаларды топтық қарым-қатынас жасау мәдениетіне тәрбиелеу. Оқшаулану мәселесін шешу.Нұсқау: Қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасаймыз. Қолдарымыздан ұстап есіміміздің бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы, аяулы Аружан, бақытты Балжан . . . 2. Ойын – жаттығу “Жақын танысу” Мақсаты: Мінез-құлығында жекеленумен ерекшеленетін балаларды топқа бейімдеу.Нұсқау: Балаларға әр түсті шарлар таратылады. Түстері сәйкес келген жұп балаларды ортаға 2 – 3 минуттық биге шақырамыз. Осы уақыт ішінде олар бір-бірін жақын білуге тырысулары қажет. Би аяқталғаннан соң сыңары туралы отырғандар жеке сұрақтар қояды. Кім дұрыс, қызықты, толық жауап берсе, сол жұп жеңіске жетеді. ТРЕНИНГ “АНТИСТРЕСС” Ата-аналарға СТРЕССТЕН АРЫЛТАТЫН ЖЕТІ ӘДІСКӨЗІҢДІ ЖҰМЫП, ЫҢҒАЙЛАНЫП ОТЫРЫП, ДЕНЕЛЕРІҢДІ БОС ҰСТАУҒА ТЫРЫС.ӨЗ ДЕМ АЛЫСЫҢДЫ СЕЗІН. Үш рет терең дем ал. Деміңді шығарған кездегі ауамен қосылып барлық жиналған мәселелерің(проблемаларың), ауыртпашылықтарың денеңнен шығып жатқанын елестет.ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ТАП. Көз алдыңа таразыны елестет. Таразының бір басында сен тұрсың, ал екінші басында сенің көптеген уайымдарың мен мәселелерің(проблемаларың). Іштей бірнеше рет, “БАРЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА”, - деп қайтала. САБЫР САҚТА. Іштей “МЕН - САБЫРЛЫМЫН” , - деп қайтала. 4. ӨЗ ДЕНЕҢДІ СЕЗІН. Үш рет қайталап мынадай сөз тіркестерін айт, мысалы, ”менің сүйікті оң қолым, сен қандай жылы да жеңіл едің”, ...5. ЖҮРЕГІҢДІ ТЫНЫШТАНДЫР. Өз денеңе екі хабарландыру жібер: “Менің жүрегімнің қағысы қалпында”, “Мен терең дем аламын”.6. ОЙША ЕЛЕСТЕТ. Бүкіл ағзаңды қуаттандыратын жылулық көзі – сенің ішіңде орналасқан – “КҮНДІ” көз алдыңа елестет, визуализация жаса. Өз-өзіңді сендір: “Менің денемнің жылысын-ай, кереметін-ай” және осыған қарама-қарсы : “Менің басым қандай – салқын, ал ойларым - анық”. . .7. ОҢАЙ ОЯН. Таңертең көзіңді ашқанда, керіліп, ішіңнен бірнеше рет былай қайтала: “Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін!” ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Ең бастысы адамдарды сыйлай білу, сүйе білу керек. Қайырымды болу – еліне, адам баласына, табиғатқа деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға кәсіби бейімділігіңіз болсын. Әрдайым баланың пікірін, не қажет екенін тыңдай біліңіз, оған ерік беріңіз, бала айтпай-ақ білетін көреген болыңыз. Шыдамды, сабырлы, ақылды болыңыз. Баланың қателігін көре тұра, оған сенетініңізді көрсетіңіз. Әрдайым күлімдеп қасында бірге екеніңізді білдіріңіз. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін !!!