БІЛІМ БЕРУ МАЗМ?НЫН ЖА?АРТУ ЖА?ДАЙЫНДА?Ы САБА?ТЫ ЖОСПАРЛАУДЫ? ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


МАМАН БИБІГҮЛ ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Қостанай облысы Жангелдин ауданы
Шұбалаң негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы бастауыш сынып пәндерін оқытудағы ерекшеліктері жайлы өзара тәжірибе алмасу.
Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі - бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.
Бірінші сынып оқушыларының танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылуы тиіс
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен дамытуды көздейді:
• ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
• кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
• өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
• кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бірінші сынып бағдарламасы бойынша негізгі ерекшеліктер:
ҰМЖ, ОМЖ - белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау. ҚМЖ -мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы. Сабақ жоспарында не оқытылатыны, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.
Республика бойынша 1 сыныптарда бірдей жаппай қолданыста жүрген құжаттар.
Ортақ тақырып - бұл оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сынып пәндері арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар бұл пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді
3. Кодтық белгі - Оқу мақсаты:оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір пән аясында оқытылатын оқушылардан күтілетін білім, дағдылар, түсінік және біліктерін көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрсе.
4. Оқу әдістемелік кешендер
5. Ресурстарға мынадай сипаттар тән
Ұйымдастырылған;
Қолжетімді;
Ұжымдық қолдануға қолайлы;
Бәріне таныс;
Әзірленген;
Жүйелі пайдаланылады;
Уақыт өте келе күрделенеді;
Сапасы жақсы.
6. Тиімді оқыту кейбір-әдіс тәсілдері.
Белсенді оқу - шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады.
Бірлескен оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым - қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады.
Саралау. Пәнаралық байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет.
Оқу әңгімелері. Модельдеу - таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары “Білім алуды үйрету” ұстанымын негізге алады
Ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыда дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Соның ішінде өз басым, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қолданатын әдіс – тәсілдерім: ширату жаттығулары;
топқа бөлудің түрлі әдістері – фигура, түстер, тақырыпқа байланысты сөздер, жыл мезгілдері т.б.,
жеке жұмыс жасауда – семантикалық карта, тест, автор орындығы, екі жұлдыз бір тілек т.б.
жұптық жұмыс жасауда – телефон әдісі, диалог, тақырыптық теннис т.б.
топтық жұмыс жасауда – постер құрастыру, ішкі және сыртқы шеңбер, буттерброд т.б.
сыныптық жұмыс жасауда – сұрақ – жауап, жауапқа – сұрақ, миға шабуыл т.б.
Қорытындылай келе, «Өзін үнемі дамытумен айналыспаған мұғалім жақсы ұстаз бола алмайды» /А.Апшерони/ демекші, білім беру саласындағы қазіргі талапқа сай жаңашылдықты түбегейлі қабылдай отырып, ізденістің арқасында оқушыларға меңгерте алатындығыма сенімдімін.