?аза? тілі саба?ында есімдікті о?ытуда ж?ргізілетін жатты?у т?рлері.


Қазақ тілі сабағында есімдікті оқытуда жүргізілетін
жаттығу түрлері.
Мектепте қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты- оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық аяқталған сипаттағы тұтас білім беру,әдеби тіл нормасын меңгерту.Бұл білім жалаң ережелер туралы ұғым түрінде емес, теориялық ойлау мен лингвистикалық дүние сипатында меңгертіледі.Пәнді оқытудың негізгі мақсат, міндеттерімен тікелей байланысып жататын грамматикалық жаттығулар әр сыныптың оқу бағдарламасынасәйкес бірізді,өзара сабақтасқан жүйе бойынша жүргізіледі.Әр тақырыпқа арналған өзіндік ерекшеленетін , мақсат –мүдесі көзделген жаттығу түрлері бар.Жаттығулар ауызша, жазбаша түрде жүргізіледі.Мәселен, есімдікті оқытуда 6-сыныпта түсіндірілген, «Есімдіктер» тақырыбын меңгертуге арналған жаттығу жүргізу оқушының жаңа тақырыпты жете түсінуінің кепілі.Әдіскер ғалым А.В. Текучев осы мәселеге қатыстыойын төмендегідей сабақтайды: «Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалдарды түсіндірудің ғана сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол тілден ұйымдастырылған сабақтың өте қажетті бөліміжәне айырып қарауға болмайтын тарауы.Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім беретін болса,ол өмірден, практикадан, нақтылы тілдік материалданқол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді. »
Есімдікті оқыту- басқа сөз таптарын оқытудан гөрі күрделірек.Өйткені есімдіктердің мағынасы өзге сөздермен сөзтаптарының мағынасына қарағанда тым жалпы, абстракты болып келеді. Есімдік затты, белгіні, санды атамай олардың орнына жүріп,көрсету үшін қолданылатын сөз табы.Есімдіктен жан-жақты терең білім беруде жаттығу жұмыстарына мынадай методикалық талаптар ескеріледі. Жаттығу материалдарын жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай беру, оқушылардың жас ерекшелігіне олардың ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіру, тілін байытаттындай дәрежеде,тәрбиелік мәні бар жаттығуларды көбірек талдау,оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарына бағыт беретіндей мақсатта алынуы керек.
Жіктеу есімдігін оқытуда слайд арқылы түсіндіру тиімді.
1.Мен, сен, біздер- сөйлеушінің өзін білдіреді.
2.Сен, сіз, сендер, сіздер- тыңдаушыны білдіреді.
3. Ол, олар- бөгде адамды білдіреді.
Мысалы: Есімдіктер өте ерте кезде пайда болғандығын, мен, сен, біз, кім? Есімдіктері тарихи жағынан ме-н, се-н, бі-з,кі-м о-л бөлшектерінен тұрғандығын , бұлар қазіргі кезде бөлшектеп, талдап жатуды қажет етпейтінтүбір сөздерге айналғандығын айтып отыру.
Бұдан кейін оқушыға жіктеу есімдігіне жалғанатын жалғаулар, жіктеу есімдігінің тәуелденуі, септелуі, жіктелуіжөнінде алған білімдерін жаттығулар арқылы меңгертуіске асырылады.
Зат есімді есімдікпен алмастыра отырып қолдану мақсатында мына сөйлемдер ауызша орындаттырылады.
«Ыбырай- ірі ағартушы, зор саналы қоғам қайраткері».(М.Әуезов).
«Абай-зор ойшыл, зор қоғамшыл, күресшіл ақын». (С.Мұқанов).
Яғни:- Ол- балалар әдебиетінің атасы.Біздер Абай өлеңін жатқа білеміз. . Сұрау есімдігін түсіндіру барысында «Диалог» ойынын ойнау өте әсерлі болады.Ойын екі немесе бірнеше оқушының оқыған кітаптарынан, көрген киноларынан,кездескен оқиғалары жөнінендиалогты әңгіме құрастырады да,соның ішінен сұрау есімдігін іздейді.Сұрау есімдігі құралған әңгімеде көп болса, сол оқушы жеңіп шығады. Бұндай жарысқа сыныптағы барлық оқушылар қатысады.
Сұрау есімдігін оқытқанда оны әдебиеттік оқумен тығыз байланысты қаралады. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы жылқышы қарт пен ана арасындағы диалогты оқыту.
-Тірімісің? Жаның бар ма ?
-Аққуды неге атасың? Арың бар ма?
Сонымен қатар, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесінен диалогты сөйлемдерді жазып, сұрау есімдігін және оның жалғауда тұрғанын жазып келу арқылы оқушылардың зерттеп үйренуге қабілеті артады.
Сілтеу есімдігін түсіндіру барысында бұл, сол, ол есімдіктеріне көптік жалғауы жалғанғанда түбір соңындағы дыбыстың түсіп қалатыны (бұл, бұ-лар, сол, со-лар,ол, о-лар) ескертіледі.Түбір соңында келетін сілтеу есімдіктері бұл, сол,ол түбірімен жазылатыны, ауызекі тілде бұ, со, о түрінде қолданылатыны айтылады.
«Есімдік ішінде есімдік »ойынын белгісіздік есімдігін оқытқанда ойналады.Жаңа сабақты меңгергеннен кейін , емле ережесіне жаттықтыру үшін, ойынның маңызы зор.Тақтаға кей, қайсы, әр,әлде, бір деген сөздер жазылып қойылады.Мысалы, кей-деген есімдіктен кім есімдік жасай алады?Оқушылар;-кейбір дейді.
Кей - Кейбір
Әр-Әркім
Қайсы- Қайсыбір
Әлде- Әлдебіреу
Бір–Бірнеше
Оқушыға ойын жаттығулары арқылы сабақ түсіндіру ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамытады.
1.Жұмбақ сұрақтар. «Бұл қай есімдіктер?»
А) Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі?(Біз- жіктеу есімдігі )
Ә) Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.(Сұрау есімдігі)
Б) Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.(Мен,сен)
В) Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды. (Жалпылау есімдіктері)
Г) Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі бола қалыпты.(Болымсыздық есімдіктер)
2. «Тауып көр» ойыны.
А)Тарих қана, халық қана туатын Ә) Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Алыптардың арқа тұтпас кім атын Еңбегін мен ақылың екі жақтап
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа Б) Әркімді заман сүйремек,
Керек болды Абай сынды ұлы ақын Заманды қай жан билемек.
3Мақал- мәтелдерден есімдіктіктерді теріп жазу ,жаттау жаттығулары.
А) «Кісі елінде күркірегенше , өз еліңде дүркіре»
Ә) «Өз үйім- өлең төсегім».
Б) «Отанға опасыздық еткенің-өз түбіне жеткенін».
В) « Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме»
Күрделі есімдіктерді рет-ретімен бір қатарға теріп жаз.
1.Өзім, біреу, қалай, барша, бүкіл ,күллі,әркім, неге, әлдеқашан, қайсыбір,әрне,мен ,қалай, кейбір, ешбір,әр түрлі,бір, бәрі,әлдекім.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, ішінен есімдіктерді тап.
Мен халқымды өсірдім.
Дауыл өшті, жел қайтты.
Өрісімді ұлғайттым.(«Күлтегін» жыры)
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан! (Абай)
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес,
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес!( С.Торайғыров)
Арыстанмын айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар? (М.Жұмабаев)
Бұл сөзді біреу алмас , біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.(А.Байтұрсынов)
Ойын элементінің тиімділігі өткен материалдарды пысықтап, бекіту жүйелерінің бірі ретінде оқушының жалтармай қайта білімді іскерлікпен меңгеруге дағдыландыратына көзіміз жетті.