?аза? тілі саба?ынан Зат есімні? т?уелденуі.


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі 3 сынып Ак - 2014 44 бетЕсімдік 4 сынып Ак – 2015 50 бетСабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктерін бекіту және есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, атқаратын қызметі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.3. Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру ажырату.Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақКөрнекілігі: қималар, үлестірмелі қағаздарСабақтың барысы: І. ҰйымдастыруОқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындықЖан – жағыма нұр шашыпАрайлап жарқын таң атсаЖер бетінде жайқалыпЖадырап өссе әр балаКездескенде достарымҚұшағымды кең аштым.ІІ. Үй тапсырмасын тексеруДәптерлерін жинап алу.ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.«Иә - жоқ»ойыны1. Зат есім, сан есім – сөз табы. (иә)2. Екі, жүз, елу – зат есімге жатады. (жоқ)3. Зат есімнің сұрақтары Кім? Не? Кімдер? Нелер? – (иә)4. Сан есімнің сұрақтары – Қандай? Қай? (жоқ)5. Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғауы дейміз – (иә)6. Сан есім дара, күрделі болады. (иә)7. Тәуелдік жалғауының 3жағы бар.(иә)8. Добым, кітабым - 3 - ші жақта тәуелденіп тұр.(жоқ)9. Жетпіс бес, жүз отыз бір – дара сан есім (жоқ)10. Алма, ағаш, мұғалім – зат есімге жатады. (иә(11. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады. (иә)ІҮ. Жаңа сабақ3 сынып 4 сыныпӨзіндік жұмысМенің інім, дәптерімСенің...,...Сіздің...,...Оның...,...2 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табу.Балапан ауладан дән тауып алды. Ол қайырымды еді. Ешқашан жалғыз өзі ештеңе жеген емес. Барлығын да бауырларымен бөлісе салатын. Ол енді дәнге қарады да, ойланды: Дән өте кішкентай. Оны біреуіміз ғана жеуіміз керек. Дәнді жерге көме тұрайын. Ал өзім тағы да дән іздейін. Сонда бәрімізге бірдей жетеді.Балапан сөзінің орнына ол сөзі қолданылып тұр. Ол сөзі зат есім орнына жұмсалып есімдік қызметін атқарып тұр.Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қанша, бірнеше, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан.1 - жаттығу (ауызша талдау)2 - жаттығу (өз бетімен жазу)Сергіту сәтіАл қанеки тұрайықАлақанды ұрайықБір отырып, бір тұрыпБіз тынығып алайық.3 - жаттығу (тақтамен жұмыс)4 - жаттығу (ауызша)5 - жаттығу өз бетімен жазуЖеке жұмыс1. Жұмбақты көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын белгіле.Қызық екен мұнысыСекілді аттың тағасы.Секілді күннің інісі,Жұлдыздың бірақ анасы. (... )2. Мақалды көшіріп, тәуелдік жалғауы бар сөздерді тап.Ынтымақ – ырыс қазығы.Денсаулығың сай болса,Көңілің де жай болар.3 - жаттығу өз бетімен жазу4 - жаттығу өз бетімен жазу5 - жаттығу ауызша талдауТоптық жұмыс1. Халық шеберлерінің сәндеп, ою - өрнектеп безендірген бұйымдарының бірі - тұс киіз. Тұс киіздің көлемі керегеге тұтастай жетерліктей болып жасалады. Тұс киізді қалың киізден жасайды.2. ЖұмбақБар әлемнің жылынатын оты бар,Әрқашан да күлім қағып ол тұрар. (Күн)3. Сөйлем құрау.Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, олар.Ү. Жаңа сабақты қорыту1. Сөйлемдегі зат есімдерді көрсетіңдер.Ауылда көктем ерте шықты.А) ерте ә) көктем б) шықты в) ауылда2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой.... өзін бақытты сезінеді.А) сенә) сіздерб) олв) бұлар3. Зат есімнің тәуелденуін көрсет.А) оқушымын ә) әжең б) барамыз в) олар4. Сөйлемді толықтыр.Зат есім, сан есім, сын есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді... дейміз?А) етістікә) шылауб) есімдікв) одағай5. Зат есім нені білдіреді?А) заттың белгісінә) заттың санынб) заттың атынв) заттың сынынҮІ Үйге тапсырма6 - жаттығу 46 - бет 6 - жаттығу 52 - бетҮІІ. БағалауКері қайтуМатериал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер:  HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/tags/%D0%97%D0%B0%D1%82+%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%BD%D1%96%D2%A3+%D1%82%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%83%D1%96/" Зат есімнің тәуелденуі,  HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/tags/%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA/" есімдік,  HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/tags/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B+%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%BD+%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B+%D0%B6%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%8B/" қазақ тілінен сабақ жоспары