Конспект по казахскому языку Зат есімні? т?уелденуі


Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаттары :
1.Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау , яғни заттың қандайда бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін үш жағы болатынын ұғындыру , жаттығулар орындау.
2.Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын , тілін шығармашылығын дамыту, қызығушылығын арттыру.
3.Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа,жылдам ойлауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу .
Түрі: аралас сабақ , жаттығу.
Пәнаралық байланыс :ана тілі. дүниетану, орыс тілі , математика.
Көрнекіліктері: суреттер , тірек сызба ,слайдтар .
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу .Топқа бөлу.
II.Психологиялық дайындық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды ,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым ,
Мынау менің сол қолым ,
Барлық істі атқарған .
III.Өткен сабақты пысықтау.
-Ендеше балалар төмендегі кестені толтырайық.(1слайд)

Түбір сөз Қосымша Туынды сөз
Жұрнақ Жалғау Дәрі ----- ----- -----
Ойын ----- ----- -----
Теңіз ----- ----- -----
-Зат есім дегеніміз не ?
-Түбір сөз неден жасалады?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
IV.Жаңа сабақ.(2-слайд)
51-жаттығуТүбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру.
I топ II топ III топ
халық-халқым әріп-әрпім бөрік-бөркім
білек-білегім лақ-лағым кітап-кітабың
Дидактикалық ойын «Жеті жұрттың тілін біл».Жұмбақты оқып ,шешуін табу.(3-слайд)
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар , жүні жоқ.
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Шешуі:Балық, рыба,fish.
Тәуелденген сөздер:Аузы ,терісі, жүрегі ,қанаты.
Ауз- сөздің түбірі.
Тапсырма
Сөздерді үш жақта , жекеше және көпше түрінде айту.(4-слайд)
I топ II топ III топ
терісі жүрегі қанаты
Өзіндік жұмыс.
53-жаттығу.Жақшадағы сөздердге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жаз.(5-слайд)
1.Біздің (халық ) бақытты.2.Сенің (дауыс) естілмейді.3.Менің (уақыт) болмады.4.Мемлекеттің (мүлкін) шашпа.5.Ораз (ерін) жыбырлатты.
IV.Сергіту сәті. «Қос қарлығаш».
54-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Авторы кім?(Әбдікәрім Ахметов)
-Не туралы айтылған?
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Нешеден астам ұлт өкілдері өмір сүреді?
-Қарамен жазылған сөздің түбірін атау.(Халқ-сөздің түбірі)
I топ –Әбдікәрім Ахметов туралы не білеміз?
II топ- Халқың сөздің түбірін табу, сөйлем құрау.
III топ-« Туған жер» туралы не білеміз?
V.Шығармашылық тапсырма.(6-слайд)
Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.
Шешуі :Шағала ,чайка,seagull.
Күндегі тамағы-
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.
I топ-Шағала туралы не білеміз?
II топ-Шағала сөзді үш жақта ,жекеше түрде тәуелдеп жаз.
III топ-Шағала сөзді көпше түрде тәуелдеп жаз.
VI.Сабақты қорыту.
Оқушылар ұнаған нұсқаға стикерлерін жапсырады .
Тест
VII.Үйге тапсырма.
Ережені қайталау , 55- жаттығу
VIII.Мадақтау.
Оқушыларды мадақтау.